Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. Народное образование. Қазақ халқы арасындағы ағарту қозғалысы (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев және т. б.)



бет22/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
16. ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. Народное образование. Қазақ халқы арасындағы ағарту қозғалысы (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев және т. б.)

17. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (М.Өтемісов, Д. Бабатайұлы, Ш. Қанайұлы, М. Мөңкеұлы және т. б.). ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыкалық өнер (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Біржан сал, Мұхит, Жаяу Мұса және т.б.).
1. 30-50-жылдары қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым: еңбекшілер қалың бұқарасының мүдделерін білдірген ақын, жыршы-импровизаторлар мен ірі феодалдардың, сұлтандардың мүдделерін қорғаған ақындар айқындала түсті. Олардың ішінде поэтикалық дарыны зор көрнекті импровизаторлар да бар еді. Сондайлардың бірі:
Махамбет Өтемісұлы - азақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғалар- дың өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.
Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы.
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету.
Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді.
Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан әрі дамытты. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.
Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған. Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар. Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Ақсу-Аюлы бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.
Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді. Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Еліне ақын боп танылған Шортанбайдың өнерлік жолына шолар болсақ, онда да өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта, бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп деп жауап берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең алдымен, халықтың талантқа бай екенін көрсетеді. Екіншіден не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып, яғни, ақын емес, елде ақындыққа жақындар да көбейер еді.
Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді.
2. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835—1929) болды. Ол Баянауыл округының Ақшоқы деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мүса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың зорлық-зомбылыктарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі. Оның атақты «Ақ сиса» әні әлеуметтік Жаяу Мұса. әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметіне қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторына хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Новгородта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағына жасаған әскери жорығына да қатысады. Ол «Сү- йіндік», «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау» сияқты 70-тен астам ән шығарады. Әндерінің сөзін де өзі шығарды.
Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайулы(1806—1879) Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ музыкалық дарыны бар екенін танытты, өз бетінше алуан түрлі күйлерді тартып үйренді. Болашақ дәулескер күйшінің жастық шағы жоқшылықтың зардабын тартып, ел аралаумен өтті. Сондықтан да ол өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледі. Құрманғазы қазақ күйлерін шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники» («Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы») деген әндерін де құйқылжыта орындады. Біздің заманымызға дейін оның сазгерлік туындылары - 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйлері жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсак киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да күйлері — халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. «Кішкентай» атты күйі Бөкей хандығы қазақтарының халық-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлына арналған. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес болып косылды.
Талантты және халық арасына кеңінен белгілі, аса көрнекті композиторлардың бірі - Дәулеткерей Шығайұлы (1820—1887). Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Кіші жүздің ханы Шығайдың отбасында дүниеге келіп, ер жетті. Ол өз заманының білімді азаматтарының бірі болды. Билеуші-сұлтан деген лауазымды әкімшілік қызмет атқарды. Бірақ мұның өзі сазгерлік шығармашылықпен айналысуына кедергі бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелік биліктен гөрі өз ортасында күйшілік өнердің алтын Дәулеткерей діңгегі болған. Халық арасында оның «Жігер», Шығайұлы. «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біз- дің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті.
Қазақтың XIX ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес қосқан сазгер-күйші Тәттімбет Қазанғапұлы(1817—1860) Қарқаралы өлкесінде дүниеге келген. Карқаралы сыртқы округы Нұрбике-Шаншар болысында болыстық қызмет та атқарды. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан. Тәттімбет Қазақстанды зерттеуші ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды: Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерінің, оның өзендері мен көлдерінің, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып, нәзік сезіммен бейнеледі. Тәттімбет күйлері қазақ халқының музыкалық өнерін барынша байыта түсті.
Қазақтың музыка әлемінде орын ала білген өнер «айтыс». Әсіресе осы кезеңде қазақтарда айтыс өнері кең өріс ала бастады. Әдетте әр рудың өз айтыс ақыны болған. Олар өз руының атақты адамдары — батырлары мен билерін, балуандарын мадақтап, дәріптеген, оларды өзгелерге үлгі етіп көрсете білген. Айтыс ақындары өлеңді алдын ала дайындамаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Олар бірінің сөзін бірі іліп алып кетіп, өлеңмен сөз сайысына түс- кен. Айтыс ақындары өздерінің білімін, ақыл-парасатын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға бар күшін жұмсайтын. Олар қазақ халқының тарихын, шежіресін, тегін, дәстүрлі салт-санасы мен әдет-ғұрпын жақсы білуге тиісті еді. Айтыс кезінде ақындар домбыра, сырнай және қобыз сияқты музыкалық аспаптарда ойнаған. Айтыс жалпы халық арасында ашық өткізілетін. Айтысты тамашалауға келген жұрт өздерінің қолдау білдірген көтеріңкі дауыстарымен жеңімпазды анықтаған. Ондай жеңімпаз айтыскердің атақ-даңқы қазақ даласына, халық арасына тез жайылып кететін. XIX ғасырдың атақты айтыс ақындары Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйінбай және басқалар болды. Сол кезден бастап айтыстардың мәтінін Бұл өнер сайысын арнайы зерттеушілер жазып ала бастады. Айтыстарда дәстүрлі қазақ қоғамының аса маңызды өткір проблемалары көтерілді.
Қорыта келе айтарым, қазақтың сонау ата- бабаларымыздан мұра ретінде қалған музыка өнері қазақтың қанымен беріліп, жанымен шырқалған, жүректен жүрекке, атадан балаға жете білген халқымыздың асыл- маржаны. Сан ғасырдлар бойында тоғысқан, күні бүгінге дейін өз болмысын жоғалтпаған бұл өнердің өзіндік түпкі тарихы, ерекшелігі, баға жетпес қазынасы бар. 19 ғасырдың музыкасы- қазақа музыкасының ерекше дәуірі болып есептеледі. Сол ата – бабаларымыздан ұрпақтан – ұрпаққа бүгінгі мына бізге дейін сарғаймай жеткен саф алтындай өнерімізід күллі әлемге паш ету біздің, болашақ ұрпақтың қолында!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет