Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы



бет54/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
60. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) басылымның мiндеттi тегiн данасы — басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кiтапханаларға беруiне жататын, редакциялық-баспа өңдеуiнен өткен, шығарылым деректерi бар басылымның (мәтiндiк, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымының) данасы;
1-1) кинематографиялық ұйым — қызметiнiң негiзгi түрлерi фильм және (немесе) киношежiре шығару, фильмдi прокаттау, фильмдi корсету, фильмдi қалпына келтiру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөнiндегi жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, кинематография саласындағы бiлiм беру, ғылыми-зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметi, фильмдi, фильмнiң және (немесе) киношежiренiң бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға;
1-2) киношежiре — уақытын, орынның, мән-жайдың өзiндiк (көбiнесе өткен шақтағы) ерекшелiктерiн сипаттайтын және келешекте фильм шығаруға арналған деректi сюжеттердiң түсiрiлiмдерi;
1-3) көркем құндылықтар — шығармашылық қызмет нәтижесiнде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;
2) көтермелеудiң салалық жүйесi — саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерiн моральдық ынталандыру нысаны;
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы — мемлекеттiк маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесiлi мәдени құндылықтар жиынтығы;
4) мәдениет — адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;
5) мәдениет қызметкерi — кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар — республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру;
7) мәдениет саласындағы қызмет — мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi қызметi;
8) мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат — мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар кешенi;
9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) — мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын орталық атқарушы орган;
10) мәдениет ұйымдары — қызметiнiң негiзгi нысанасы мәдениет саласындағы қызметтi жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
11) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау — мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;
12) мәдени құндылықтар — зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнi бар құндылықтар;
13) мәдени қызмет субъектiлерi — мәдениет саласындағы қызметке қатысушы мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар және азаматтар;
14) ұлттық мәдени игiлiк — Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген, ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар мәдени құндылықтар;
15) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi — тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау, ұстау, қалпына келтiру, қорғау және пайдалану жөнiнде мемлекет қабылдайтын шаралар;
16) Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi — Мемлекеттiк тiзiлiм) — ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар ұлттық — мәдени игiлiктiң тiзбесi;
16-1) Фильм — шығармашылық ниеттiң негiзiнде кез келген нысанда және әртүрлi жанрда жасалған, кинотаспаға, магниттiк таспаға немесе жеткiзгiштердiң өзге де түрлерiне жазылған және өзара реттiлiкпен байланысқан кадрларды бiртұтас тақырыпқа бiрiктiрген бейнеден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын және тиiстi техникалық құралдардың көмегiмен естiп-көруге арналған дыбыстау-бейнелеу туындысы;
16-2) Фильмдердiң мемлекеттiк қоры — Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, ұлттық фильмдердi, бiрлесiп түсiрiлген фильмдердi, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
16-3) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмi — прокатталуы және көпшiлiкке көрсетiлуi (демонстрациялануы) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi;
16-4) фильмдi прокаттау — көпшiлiкке көрсету (демонстрациялау), телевизия эфирiнде (кәбiлдiк телевизияны қоспағанда) трансляциялау, жалға беру, сондай-ақ өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсiлмен фильмдi тарату;
16-5) фильмнiң таралымын көбейту — тарату мақсатында жеткiзгiштiң кез келген түрiнде және түпнұсқа форматында фильмнiң бiр немесе одан көп көшiрмесiн (таралымын) дайындау;
16-6) фильм шығару — нәтижесiнде дыбыстау-бейнелеу туындысы жасалатын автордың шығармашылық ниетiн iске асыру үдерiсi;
17) шығармашыл қызметкер — кәсiби немесе әуесқой шығармашылық қызметi көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған жеке адам;
18) шығармашылық қызмет — кез келген нысанда және кез келген тәсiлмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған қызмет;
19) шығармашылық одақ — мәдениеттiң бiр немесе бiрнеше жанры кәсiби шығармашыл қызметкерлерiнiң өздерiнiң жеке мүшелiгi негiзiнде құрылатын қоғамдық бiрлестiгi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы
3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi
4-бап. Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi
2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ
5-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi мемлекеттiк басқару
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жәнеастананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi.
9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi
3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылыққызметке құқықтары
11-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы мiндеттерi
12-бап. Мемлекеттiң азаматтардың мәдениет саласындағықызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегiмiндеттерi
4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСIБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI
13-бап. Шығармашыл қызметкердiң мәртебесi
14-бап. Шығармашыл қызметкердiң және мәдениетқызметкерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
16-бап. Шығармашылық одақтар
17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелiк
18-бап. Кәсiби емес (әуесқойлық) шығармашылық бiрлестiктер мен ұжымдар
5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
19-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi ұйымдастыру
Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердiң, цирктердiң, студиялардың, мектептердiң, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, мұражайлардың, кiтапханалардың, көркемөнер салондары мен галереяларының, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың, тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруi және қорғауы арқылы жүзеге асырыладыМәдениеттiң дамуы үшiн өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жүзеге асыратын мәдениеттi дамыту қорлары құрылуы мүмкiн.
20-бап. Мәдениет ұйымдары
21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесi
22-бап. Театрлар
23-бап. Концерттiк ұйымдар
24-бап. Кiтапхана iсi
25-бап. Мұражайлар
26-бап. Ауыл мәдениетi
27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары
28-бап. Кинематография
29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдiк қызметi
30-бап. Халық көркем шығармашылығы
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi қаржыландыру
6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГIЛIК
32-бап. Мәдени құндылықтар
33-бап. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiктiзiлiмi
34-бап. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекшережимi
35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу
36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртiбi меншарттары
7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық
38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға
қатысу
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарындабелгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет