Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасы 1. Жалпы ережелер



бет2/6
Дата05.02.2022
өлшемі213,07 Kb.
#8375
1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасы 1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) стандарттарын және ұсынымдарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының барлық азаматтық авиация ұйымдарына қолданылады.


2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету тәртібі:
1) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібін;
2) құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды айқындауды және жоюды;
3) күрделі орнитологиялық жағдайда ұшу кезінде экипаждарға орнитологиялық жағдай туралы хабарлаудың және азаматтық әуе кемелері экипаждарының іс-қимыл тәртібін қамтиды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) авиациялық орнитология - ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде фаунаны, экологияны, құстардың қарекетін және өрісін зерделеумен, сондай-ақ құстардың әуе кемелеріне соқтығысуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысатын жалпы орнитологияның қолданбалы пәні;
2) орнитологиялық жағдай - қандай да бір уақыт аралығында  құстардың жерде (суда) және әуе кеңістігінде болуы;
3) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету - құстардың әуе кемелеріне соқтығысуын болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені;
4) құстар  тобы - ұзақ уақыт кезеңі ішінде ортақ тіршілік ету кеңістігіне ие болатын дарақтар жиынтығы.
4. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты әуеайлақ пайдаланушысының қызметі әзірлейді.
 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5. Іс-шаралар жоспары әуеайлақта және оған жақын аумақтарда құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды айқындау және жою жөніндегі іс-шараларды, авиациялық-орнитологиялық тақырып бойынша әуежай қызметкерлерімен сабақтар өткізуді және әуежай жұмысының ерекшелігі мен жергілікті орнитологиялық жағдайға негізделген өзге де іс-шараларды қамтиды.
6. Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген әрбір әуежайда ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша кадрларды даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленуі тиіс.
7. Тұрақты рейстерді орындайтын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты адам болуы ұсынылады.
Орнитологиялық жағдай күрделі және әуе кемелеріне құстардың соқтығысу жағдайлары орын алған әуеайлақтарда авиациялық орнитология жөніндегі маман лауазымы енгізіледі.
Әуе кемелеріне құстардың планердің, қозғалтқыш элементтерінің зақымдануына немесе оның жұмысының бұзылуына әкеп соқтырған соқтығысу жағдайлары - инциденттер болған халықаралық әуежайлар мен сыныпталған әуежайларда әуеайлақтық қызмет штатында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөнінде кемінде 2 маман болуы қажет.
8. Әуежайдың басшысы әуежайдың құстарды үркітуге қатысатын өз персоналына балама ретінде келісімшарт негізінде авиациялық орнитологияда кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі бар орнитолог-мамандарды (авиациялық бейіндегі) немесе мамандандырылған ұйымдарды тарту мүмкіндігіне ие.
Штаттық орнитологтар және орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты адамдар үш жылда кемінде бір реттен сиретпей мамандандырылған курстарда міндетті біліктілікті арттырудан өтуі тиіс.
9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
10. Әуежайдың авиациялық орнитология жөніндегі маманы мыналарды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаға сәйкес ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша жалпы басшылық;
2) авиациялық орнитология мәселелері бойынша әуежай қызметтерінің арасында тікелей өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
3) орнитологиялық жағдайды талдау және болжау;
4) тиісті бөлімшелер басшыларына және ұшу құрамына әуеайлақтағы орнитологиялық жағдай туралы ақпарат беру;
5) әуежайдың қызметкерлерімен авиациялық орнитология бойынша сабақтар мен консультациялар өткізу;
6) ӘК-ге құстардың соқтығысуын болдырмау жөніндегі шаралардың дұрыс және уақтылы қабылдануын бақылау.
11. Практикалық іс-шараларды орындауға азаматтық авиация ұйымының басшысы әуеайлақ қызметінің (бұдан әрі — ӘҚ), авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) қызметкерлерін, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторды (бұдан әрі - ҰҚИ), ұшуды іздестіру, авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметтерін (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) және азаматтық авиация ұйымының басқа қызметкерлерін тартады.
12. Тиісті әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлеріне (бұдан әрі – ӘҚҚ), әуеайлақ, авиациялық қауіпсіздік, инженерлік-авиациялық және әуежайдың басқа да қызметтерінің қызметкерлеріне авиациялық орнитология бойынша сабақтарды әуеайлақ қызметінің бастығы ұйымдастырады және әдетте жылдың көктемгі және күзгі мезгілінің алдында техникалық оқу сағаттарында өткізіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
13. Авиациялық орнитология бойынша сабақтарды өткізуге келісімшарт негізінде авиациялық орнитологияда кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі бар орнитолог-мамандар (авиациялық бейіндегі) тартылуы мүмкін.
14. Авиациялық орнитология бойынша сабақтарда мынадай мәселелер зерделенеді:
1) әуеайлақ ауданында әртүрлі жыл маусымдарындағы орнитологиялық жағдайдың ерекшеліктері: (түр құрамы, әуе кемелерінің ұшуы үшін қауіп төндіретін құстардың топталуы және ұшып өтудің негізгі маршруттары);
2) осы әуеайлақта әуе кемесіне құстардың соқтығысу жағдайларын жыл маусымдары, тәулік кезеңдері, биіктіктер бойынша болу;
3) әуеайлақта ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
4) әуеайлақ ауданында орнитологиялық жағдайды көзбен шолып және радиолокациялық бақылау;
5) әуеайлақ ауданында құстардың шоғырлануын тудыратын жағдайларды жою;
6) ұшып келе жатқан экипаждың әуе кемесіне құстардың соқтығысу мүмкіндіктерін және қауіп-қатерін азайту жөніндегі іс-қимылы;
7) әуе кемелеріне құстардың соқтығысу салдары (материалдық залал, ұшудағы қауіпті жағдайлар).
15. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органының жанындағы азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылды бақылау және үйлестіру үшін әуе кемелеріне құстардың соқтығысу мәселелері жөніндегі комиссия құрылады, Әуе кемесіне құстардың соқтығысу мәселелері жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы әзірлеген және бекіткен ережеге сәйкес жұмыс істейді.
16. Әуе кемелерін пайдаланушылар әуе кемелеріне құстардың соқтығысуы туралы жедел және жылдық есептерді жинайды және құстармен соқтығысу туралы ИКАО ақпарат жүйесінің дерекқорына енгізу үшін жыл сайын оларды ИКАО-ға жөнелтетін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органына жібереді.
Халықаралық әуежайларда құстардың шоғырлануын тудыратын орнитологиялық жағдайлардың және шарттардың сипатын анықтау мақсатында - жыл сайын, ал Қазақстан Республикасының басқа сыныпталған әуежайларында - үш жылда кемінде бір рет, құстар тудыратын қауіп-қатерлер және оларды азайту әдістерінің мәселелері бойынша ИКАО талаптарына сәйкестігіне аудит өткізіледі.
17. Әуе кемелеріне құстардың соқтығысу оқиғаларын тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасына сәйкес жүргізіледі.P96000755



Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан республикасы инвестициялар және даму министрлігінің операциялық жоспарын 2014 жылғы іске асырылуы туралы есеп
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №404 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> 2014 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет