Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды анықтау және жою тәртібі



бет4/6
Дата05.02.2022
өлшемі213,07 Kb.
#8375
1   2   3   4   5   6
3. Құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды анықтау және жою тәртібі

30. Әуежайды әуеайлақтық қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері ұшып көтерілу-қону жолағында (бұдан әрі - ҰҚЖ) құстардың шоғырлануын туғызған жағдайларды анықтайды және жояды, әуе кемесі соққан, ҰҚЖ-дан және оның маңынан табылған құстардың сүйектерін жинайды және анықтайды.


31. Әуежайдың ӘҚҚ ӘҚБ диспетчерінен құстардың топталуы туралы хабарламаны алған соң әуеайлақтың әуе кемелеріне ықтимал қауіп-қатер төндіретін құстар табылған аумағына дереу шығады.
Атыс қаруы, пиротехникалық құралдар, жарық арқылы сигнал беретін ракетницалар арқылы әуеайлақ аумағынан құстарды үркіту жөніндегі әрекеттерді әуе кемелерінің қозғалысына құстар қатер төндірмейтін сәтке дейін жүргізеді.
Құстардың топталып жиналатын жағдайларында көктемгі-жазғы-күзгі кезеңдерде оқ-дәрілердің жеткілікті мөлшері бар атқыштар мынадай жерлерде:
1) қону нүктесінде, ұшып көтерілу нүктесінде және әуе кемесінде (ұшу жолағынан тыс);
2) ӘҚҚ диспетчерінің «тоқта» деген командасына дейін рульдеу жолдарының ұшу-қону жолағына қиылысқан жерлерде қойылады.
32. Құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралардың барлығы:
1) әуеайлақтарда жүргізілетін;
2) әуеайлақ маңы аумағында жүргізілетін деген топтарға бөлінеді.
33. Әуеайлақтарда құстардың шоғырлану себептерін ӘҚ қызметкерлері немесе орнитолог-мамандар жояды.
34. Әуеайлақтарда жүргізілетін негізгі іс-шаралардың қатарына:
1) ҰҚЖ маңында құстарды ұя жасауға, демалуға және түнеуге тартатын ағаштар мен бұталарды кесу;
2) әуеайлақтағы шөп жабындысын оңтайлы биіктікке дейін шабу;
3) құстардың әуеайлақтағы ангар-құрылыстарда және басқа да ғимараттарда ұя салу мүмкіндігін азайту;
4) әуеайлақтағы ылғалданған және батпақты учаскелерде мелиорациялық жұмыстар, оларды құрғату және көму;
5) тамақ қалдықтарын жабық контейнерлерде сақтау арқылы ұшақ және әуеайлақ асүйлерінің, әуежай мейрамханасы мен асханаларының тамақ қалдықтарына кіруін болдырмау, қалдықтарды құстар кірмейтін жабық үй-жайларда толық кәдеге жарату;
6) құс аулауға арналған тұзақтар орнату;
7) құстар шоғырланатын жерлерде құстардың өлі денелері мен тұлыптарын қою;
8) әуеайлақ аумағын құстарды өзіне тартатын ауыл шаруашылығы дақылдары үшін пайдалануға жол бермеу;
9) әуеайлақ аумағында құстарды өзіне тартатын жәндіктерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу;
10) құстар ұя сала бастағанда құстардың ұясы топтасып орналасқан ағаштардың жоғарғы бұтақтарын кесу немесе ұяларды суатқыштардың көмегімен бұзу;
11) әуеайлақтың бақылау нүктесінен он бес километрден жақын қашықтықта тағам қалдықтарын тастайтын орындарды, аң өсіру фермаларын, қасапханаларды және құстарды өзіне тартумен және олардың топталып жиналуымен ерекшеленетін басқа да объектілер құрылысын орналастыруға тыйым салу;
12) әуеайлақтан 15 км радиуста тағам қалдықтарын жою/тастауды болдырмау немесе оларды құстар шоғырланған жерлерден қоқысқа ұшатын құстар ҰҚЖ-ны және оған баратын жолдарды кесіп өтпейтіндей есеппен басқа жаққа көшіру;
13) әуеайлақтың айналасындағы дәнді дақылдар егілген ауыл шаруашылығы алқаптарын тек қана түнгі уақытта жырту және қайта жырту;
14) ұсақ құстардың көп мөлшерін тартуды болдырмау үшін әуеайлақ маңында мал жаюға тыйым салу;
15) әуеайлақ маңындағы аумақ арқылы ұшып өтетін құстардың шоғырлану орны болып табылатын әуеайлақ маңындағы ұсақ су айдындарын құрғату;
16) құстардың жаппай ұя салу, демалу және түнеу орны болып табылатын әуеайлақ маңында орналасқан су айдындарында жағалау маңындағы биік өсімдіктерді кесу жатады.
35. Әуеайлақтардан құстарды үркіту әртүрлі құралдардың (биоакустикалық қондырғылардың, қарулардың, ракетницаның, пиротехникалық құралдардың, пневматикалық тапаншаның, механикалық үркіткіштің, айналы шарлардың, лазерлі қондырғылардың, өлі құстар денесінің, шытырлақтың, газды зеңбіректің, жыртқыш құстар макетінің, өрт сөндіру машиналарының, жалаушалардың және өзге де құралдардың) көмегімен жүргізіледі.
36. Әуеайлақтарда құстарды аулау тұзақпен, аулармен, өрмек аулармен, қақпанмен, ұйықтататын заттармен және басқа да құралдармен жүргізіледі.
37. Құстарды үркіту және аулау бойынша іс-шараларды өткізуге әуеайлақтың әртүрлі қызметтерінің қызметкерлері тартылады.
38. Құстардың сүйектерін олардың қай түрге жататынын анықтау үшін зерттеуді авиакомпаниялардың басшылары (егер құстардың сүйектері әуе кемелерінде табылса), әуежайлардың басшылары (егер құстардың сүйектері ұшу алаңынан табылса) жүзеге асырады.



Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан республикасы инвестициялар және даму министрлігінің операциялық жоспарын 2014 жылғы іске асырылуы туралы есеп
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №404 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> 2014 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет