Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет7/150
Дата16.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#168935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? àçàìàòòû? ???Û?Û. Î?Ê
2 лек
Тақырып – 2.
Азаматтық құқықтық қатынастар.

1.Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және түрлері.


2.Азаматтық құқық қатынастарының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу
негіздері.
3.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.

Азаматтар - (жеке тұлғалар) азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. Азамат есімініњ, оныњ тұрғылықты жерінің азаматтық өрісіндегі ұғымы мен рөлі. Азаматты хабар ошарсыз кеткен деп тану және өлді деп жариялау. Азаматтық айналымдағы азаматтың жағдайы туралы актілердің рөлі. Азаматтардың, заңды тұлға қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысу әрекеттері.


Заңды тұлға - азаматтық құқық субъектісі ретінде. Заңды тұлға ұғымы мен белгілері. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Заңды тұлғаны құру және тарату. Заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің сипаттамасы.
Мемлекет пен єкімшілік-аумақтық бөліністер - азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде.
Бұл тақырыпты оқу кезінде, азаматтық құқық қатынастарының анықтамасын білу қажет. Ол азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқық қатынастарының түрлеріне мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар жатады. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері – ол азаматтық құқық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері болады. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Жәнеде олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары (субъектілері): құқылы жақ (несие беруші) пен міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады.
Азаматтық құқық қатынастарының объектісі - олардың пайда болуына себеп болатын, және субъектілерінің әрекеттері бағытталатын нысана болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115 бабында аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет