Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі М. О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет4/4
Дата12.10.2022
өлшемі207,21 Kb.
#152801
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-29901
stud.kz-23428, stud.kz-13676, Қазақ бөлімі 4 пән (срез 2), fizika
Өсудiң ырғақтылығы.
Өсiмдiктердiң өсуi бiртектi болмайды. Өсiмдiктердiң белсендi өсуi қоршаған орта мен өсiмдiктердiң не оның мүшесiнiң iшкi күйiнiң өзара толық сәйкестiгi кезiнде ғана мүмкiн. Өсiмдiктер тыныштық күйден шығу үшiн не сәйкес қоршаған орта жағдайларының өзгеруi немесе бұл ұлпалардағы белгiлi бiр биохимиялық процестердiң аяқталуына байланысты шығады.
Табиғи жағдайда өнудiң кешеуiлдеуi (тежелуi) түрдi сақтауға бағытталған маңызды бейiмделушiлiк болып табылады. Ол өсiмдiктерге қолайсыз жағдайларды өзiне зиянсыз басынан кешiруге мүмкiндiк бередi.
Мысалы овсюг тұқымы тыныштық күйде –330С -дi қыста көтере алады, ал егер тыныштық күйден шыққан болса –130С –да өледi. Шыршаның қылқаны қыста –500- 600С – да тiршiлiгiн сақтайды, ал жазда –2, -30С- да өледi.
Анықталған- тыныштық күйге өту коллоидтардың гидрофильдiлiгiнiң жалпы деңгейi мен протоплазманың ылғалдығының төмендеуiне байланысты екендiгi. Негiзiнен бұл өзгерiстер протоплазманың май мен фосфатидтермен боюына байланысты болады. Тыныштық күйдегi мүшелердiң ұлпаларының электролиттер мен органикалық қосылыстарға қатысты өткiзгiштiгiнiң төмендеуi осыған байланысты болады.
Морфология тұрғысынан қарағанда жасуша,ұлпа,мүшелердің дамуы морфогенез деп аталады.Морфогенезге күшті әсер ететін факторлардың бірі жарық.Екі түрлі қызыл жарық дәннің өнуіне қарама- қарсы әсер етеді. Толқын ұзындығы 660 нм қызыл жарық дәннің өнуіне, 730нм қашық қызыл жарық өнбеуіне себепші болады.Жарықтың айрықша биологиялық әсер еуі оның фоторецепторлар арқылы қабылданатынын көрсетеді. Сондықтан қызыл және қашық қызыл жарықты екі түрлі фоторецепторлар қабылдайды деген пікір туды.Зерттеулер екі фоторецептор емес, екі күйде бола алатын бір ақ рецептор болатынын көрсетті.Ол фоторецептор ақуыз негізді зат фитохром болып шықты.Ақуыз молекуласының массасы 120 000 дальтонға тең.Ақуызды бөлік хромоформен қосылған.Қызыл және қашық қызыл жарықтың әсерінен екі фитохром бір біріне өзгереді.Екі түрлі қызыл жарықтың әсері әртүрлі өсімдіктерден байқалды. Фитохром арқылы реттеліп отыратын өсу және даму құбылыстары фотоморфогенез деп аталады.Оларға дәннің өнуі,жасушалардың созылып өсуі,тамырдың қалыптасуы, хлоропластардың қозғалуы,ферменттер синтезі мен басқа да құбылыстар жатады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда өсімдіктер жер бетінде үнемі өзгерісте өзгеріп отырады. Олар жыл жезгілі ауысқан сайын жасарып қайта сарғайып солып отырады. Бұл табиғаттың заңы. Өсімдіктің жасарып жасыл түске боялғаны да бізге пайдалы. Сонымен қатар сарғайып топырақты қара шірікке айналдырғаны да пайдалы болып келеді. Сонымен біздің өмірімізге өсімдіктердің дамып жетілгені өте пайдалы.




Қолданылған әдебиеттер:

1.Ж. Жатқанбаев "Өсiмдiктер физиологиясы"А. 1986


2.Ж.Жатқанбаев "Фотосинтез құпиялары". А., "Қазақстан" 1987,-110б.
3.Қалекенұлы Ж «Өсімдіктер физиологиясы».А,2004
4.Рубин Б.А. Курс физиологии растений. М., 1976
5.Ережепов Ә.Е. және т.б. Өсімдіктер физиологиясы ,Шымкент 2007
6.В.Л.Кретович. Биохимия растений. М., В.Ш. 1986
7.Жатқанбаев Ж. Өсiмдiк физиологиясы. Алматы: “Мектеп”, 1988
8. Кенесарина Н. Өсiмдiк физиологиясы және биохимиясы. Алматы:2005
9.Лебедев С.И. Физиология растений М.: “Колос”, 1982

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет