Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Универстеті Кафедра: Тарих және педагогика



бет3/4
Дата04.02.2022
өлшемі22,64 Kb.
#130731
1   2   3   4
Байланысты:
2 апта Сайлау Аружан
Амангелді Мадина, 6 апта Кенесова Динара ПС, ......, 10 сынып кіру тапсырмасы қазақ тілі, сро, Речь, Снимок экрана 2023—11—10 в 12.46.17, 8 SYNYP, english срс, Өрлеу ереже.docx 1 (1) -1
Екінші кезең - әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қалыптасуы ХIХ ғасырдың орта шені мен 1908 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы кездері әлеуметтік психологияның негізгі мәселелеріне қатысты алғашқы іргелі жұмыстар жарық көреді. Әлеуметтік психологиялық мәселелердің шешімі мен теориялық талдауы психологтар, социологтар, философтар, әдебиет зерттеуші, этнографтар сияқты түрлі саладағы мамандардың қызығушылықтарын оятты. Осы кезеңде әлеуметтік психологияның қалыптасуы әлеуметтік антропология (В.Вундт, Х.Штейнталь), ағылшын эволюционизмі (Ч.Дарвин, Г.Спенсер), ертеректегі әлеуметтанудың (О.Конт, К.Дюркгейм) шеңбері аясында жүрді.

Әлеуметтік психологияның пәнін айқындаудың тікелей алғышарттары ретінде:


1) В. Вундтыңхалықтарпсихологиясытеориясы;
2) Лебонныңбұқаралықпсихологиясыныңтеори
3) Макдугаллдыңәлеуметтікмінез-құлықтыңинстинктеріжайлытеорияларысаналады.

В.Вундт эксперименталды психологияның негізін салушы. Әйгілі физиолог В.Гельмгольцтің шәкірті болып жүрген кезінде В.Вундт психологияны физиологиядан бөліп алып өз алдына дербес ғылымға айналдыруды ұсынады. Сонымен қатар сол кезде В.Вундт екі маңызды психологиялық мәселемен де айналысады: а) өзінің санасын іштей бақылау арқылы адамның өзін өзі тану мәселесі (интроспекция) және б) халықтың психологиясының нақты индивидтің санасына әсер ету мәселесімен.


В.Вундт ұжымдық психиканы адамдардың индивидуалды психикалық күйлерінің үйлесімділігі деп қарастырды. Оның пікірі бойынша қоғамдағы өмірдің құбылыстарын тек бір ғана нақты субъектінің ерекшеліктерінен шыға отырып түсіндіруге болмайды. В.Вундт осындай негізді қалайтын үш құбылысты көрсетті: халықтың тілі, оның аңыздары мен әдет-ғұрыптары.
Ұлттардың белгілер жүйесі ретіндегі тілдерінің талдауы олардың арасында айтарлықтай үлкен айырмашылық бар екенін көрсетеді. Қай тілде (халықтың тілінде) болмасын басқа тілдегі сөзге ұқсамайтын сөздер болады. Сонымен бірге, әр ұлттың өзіне тән фразеологизмдері – тұрақты сөз тіркестері болады.
Әлеуметтік психологияның дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасты және іргелі тұжырымдамалардың жасалуы сияқты қолданбалы міндеттердің шешіміне бағдарланған ғылыми әлеуметтік-психологиялық мектептердің пайда болуымен сипатталды. Дәл осы кезеңде қазіргі уақытта да өзінің өзектілігін жоя қоймаған көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Сол кезеңдегі атақты әлеуметтік психологтардың бірі – топтық динамика теориясын құрушы Курт Левин (4-сурет) болды. Ол адамның мақсатталынған мінез-құлқының әлеуметтік факторларын, шағын топ, басшылық, топтағы жеке тұлға, т.б.әлеуметтік психологияның мәселелерін зерттеді.
Ғалымдардың философиялық бағдары көбінесе жеке мәселелердің шешіміне немесе зерттеу жолдарын таңдауға жиі негіз болады. Әлеуметтік-психологиялық талдаудың жетекші бағыттары, өз кезегінде, аса приоритетті тақырыптарды қарастыруды анықтайды: «Мен - басқалар» жүйесіндегі өзара әрекет (тұлға-аралық және топтар арасындағы қатынастарды, қарым-қатынас мәселелерін, адамдардың бір-бірін тану және түсіну механизмдерін, бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру қабілетін, т.б. зерттеу); әлеуметтік жағдайлардың мінез-құлыққа әсері және адамдардың жеке ерекшеліктері (әлеуметтену-мәселесі әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды меңгеру процесі ретінде, әлеуметтік бағдарларды, қалауларын, т.б. зерттеу); жеке тұлғаның әлеуметтік қатынастарды ұйымдастыру мен әлеуметтік шарттарды өзгертудегі алатын рөлі.
Адамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзі жайлы мәселе өкілдері Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс сынды гуманистік психология аясында да қарастырылады. Бұл бағыт адамды өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға және өзін-өзі өзектендіруге қол жеткізуге ұмтылушы толыққанды дамушы жеке тұлға ретінде анықтайды. Біздің әрқайсымызда жеке тұрғыда өсу, өзін көрсету, сондай-ақ, айнадағыдай индивидуалды ерекшеліктеріміз бейнеленетіндей қайталанбас бір нәрсе жасау бетбұрысы болады, өйткені әрбір іс-әрекет нәтижесінде сол субъектінің таңбасы жатады. Соған орай жоғарғы қажеттіліктер - өсу қажеттілігі - адамды алға итермелеп қиындықтарды жеңуге талпындырады.
Әлеуметтік педагогика» терминін алғаш XIX ғасырда неміс ағартушысы Адольф Дистервег ұсынған болатын. Дегенмен әлеуметтік педагогика ұғымы қазіргі күнгі толыққанды мағынасында XX ғасырдың ортасында ғана қолданысқа енді.
XIX ғасырдың екінші жартысында педагогикаға және қоғамдық тәрбиеге деген сұраныс күшейе түсті. Біріншіден, оған жастарға қоса ересектерді де тәрбиелеу мәселесі ене бастаған еді. Екіншіден, әлеуметтік жүйедегі нормаларға бағынбайтын барлық жас ерекшелігіне қарамай өкілдерді бейімдеу мен қайта тәрбиелеу қажеттігі туды. Әлеуметтік педагогиканың қалыптасуына түрткі болған объективті сұраныстардың тууына Еуропа мен Америкадағы әлеуметтік-мәдени процестердің ықпалы күшті болды. Ол жерлерде индустрияландыру күшімен халық ауылдық жерлерден қалаға ағыла бастады. Халық жаңа жағдайға бейімделе алмай, толыққанды отбасын құру қиындады. Соның салдарынан қылмыс, әдепсіздік еселеніп, қаңғыбастар мен кедейлер көбейді. Еуропадағы урбандалу мен ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, солтүстік Америкада америкалық ұлттың қалыптасу процестері тұрғындардың барлық әлеуметтік топтар мен жас ерекшелігі топтары өкілдеріне ортақ құндылықтар насихатталып, мойындатылуын талап етті.
Дәстүрлі тәрбиеші тәрбие мен моральдың жеке-дара насихатшысы болудан қалған кезеңде туындаған вакуумды толтыру мақсатында педагогика ғылымы әлеуметтік педагогиканың алғышартын жасай бастады. Бастапқыда, әлеуметтік педагогикаға дұрыс анықтама берілмеді. Неміс ғалымдары Герман Ноль мен Гертруда Боймер: әлеуметтік педагогиканың зерттеу пәні — «қамқорсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу», — деген болатын, ал Пауль Наторп әлеуметтік педагогика пәнін қоғамның тәрбиелік күштерін халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында біріктіру мәселесін зерттейді деп дұрыс көрсеткен.


Тест
«Әлеуметтік» (лат.socialis) сӛзінің мағынасы
A) Азаматтардың құқығын қорғауға байланысты мамандар қоғамы
B) Балаларды тәрбиелеу және қайта тәрбиелеумен айналысатын құзырлы орын қоғамы
C) Мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау қоғамы
D) Қоғамдық – адамдардың әл ауқаты тӛмен отбасыларға кӛмектесу қоғамы
E) Қоғамдық – адамдардың ӛмірімен және қарым-қатынастарымен байланысты
Әлеуметтік педагогика ұстанымдары
A) Баланың ағзасындағы даму ерекшеліктерін қадағалайды
B) Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғамен жұмыс жүргізуін ұйымдастырады
C) Мектеп оқушыларның сабақ үлгеріміне қойылатын талаптарды реттейді
D) Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарына қойылатын талаптар жиынтығын құрайды
E) Әлеуметтік педагогтың теориялық негіздемелері мен практикалық қызметінің міндетті ережелері мен талаптарын ұсынады
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің объектілері
A) Мектепке дейінгі білім беру ұйымы
B) Білім беру жүйесі
C) Бастауыш білім беру мектептері
D) Арнай білім беру мекемелері
E) Әлеуметтік бағыттағы мекемелер
Әлеуметтік педагогикалық қолдау –дегеніміз
A) Түзету орталықтарының администрациясымен бірлескен тәрбиелік шара ұйымдастыру B) Баланың отбасында жеке қызығушылығы бойынша жұмыстарын қанағаттандыруға орай құрылған бағдарлама
C) Дене тәрбиесін дамыту мақсатында спорт кешендерінің салынуын қадағалау
D) Адамдардың ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтауына кӛмек кӛрсетуге бағытталған арнайы әлеуметтік шаралар кешені
E) Мұғалімдердің кәсіби біліктілік курстарынан ӛтуге жағдай жасау
Әлеуметтік педагогикалық міндеттер:
A) Білім берушілік, түзету, тәрбиелік
B) Тәрбиелеу, оқыту, еңбекпен қамту
C) Танымдық, түсіндіруші, ғылыми
D) Танымдық, түзетушілік, кәсіпке баулу
E) Диагностикалық, болжаулық, қайта құрушы
50. Әлеуметтік педагогтың адамгершілік әлеуетінің дамуы
A) Кәсіби ӛзін-ӛзі жетілдіру, мінез-құлықтың жағымды жақтарының артуы
B) Тәрбие жұмыстарын жоспарға сәйкес жүйелі ұйымдастыру
C) Білім беру жүйесінде тұлғаның дамуы мен жетілуін зерттеу
D) Жеке дара ерекшеліктеріне байланысты дәрежесінің ӛсуі
E) Оқу-тәрбие әдістерін тиімді пайдалану


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет