Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


«Мәдени мұра-Культурное наследие»



Pdf көрінісі
бет103/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
«Мәдени мұра-Культурное наследие»
 бағдарламасы аясында Қазақстан 
аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандары жаңғыртылды. 2013 
жылы 
«Халық – тарих толқынында»
 бағдарламасы  арқылы  әлемнің  ең  белді 
мұрағаттарынан  төл  тарихымызға  қатысты  құжаттар  жүйелі  түрде  жиналып, 
зерттелді. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды тұрды, ол 
еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа-
лай  қадам  басатынымыз  және  бұқаралық  сананы  қалай  өзгертетініміз  туралы 
аса өзекті міндеттер тұрды. Бұл орайда Президент екі міндетке ой бұрып оның 
біріншісі ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ айтқан.  
Күллі  жер  жүзі  біздің  көз  алдымызда  өзгеруде.  Әлемде  бағыты  әлі 
бұлыңғыр,  жаңа  тарихи  кезең  басталды.  Күн  санап  өзгеріп  жатқан  дүбірлі 
дүниеде  сана-сезіміміз  бен  дүниетанымымызға  әбден  сіңіп  қалған  таптаурын 
қағидалардан  арылмасақ,  көш  басындағы  елдермен  тереземізді  теңеп,  иық 
түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына 
икемделу  арқылы  жаңа  дәуірдің  жағымды  жақтарын  бойға  сіңіру  кезек 
күттірмейтін мәселе екені аталды.    
  ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына 
сай  келмеуінің  сыры  неде?  Елбасы  ойынша,  басты  кемшілігі  –  олардың 
өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің 
ерекшеліктерін  ескермей,  бәріне  жаппай  еріксіз  таңуында.  Әжептәуір 
жаңғырған  қоғамның  өзінің  тамыры  тарихының  тереңінен  бастау  алатын 
рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық 
кодыңды  сақтай  білу.  Онсыз  жаңғыру  дегеніңіздің  құр  жаңғырыққа  айналуы 
оп-оңай.     Бірақ,  ұлттық  кодымды  сақтаймын  деп  бойыңдағы  жақсы  мен 
жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді 
де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың 
аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.   Жаңғыру атаулы бұрынғыдай 
тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге  шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше, 


замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық   дәстүрлерді  табысты  жаңғырудың 
маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-
рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.  
Сонымен  бірге,  Н.Ә.Назарбаевтың  тұжырымынша  рухани  жаңғыру 
ұлттық  сананың  түрлі  бөліктерін  қиыннан  қиыстырып,  жарастыра  алатын 
құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын 
болашақтың  көкжиектерін  үйлесімді  сабақтастыратын  ұлт  жадының  тұғыр-
намасы.  Түп  тамыры түрік өркениетінен нәр алған қазақтардың тағылымы мол 
тарихы  мен   ықылым  заманнан  арқауы  үзілмеген  ұлттық  салт-дәстүрлерін 
алдағы  өркендеудің  берік  діңі  ете  отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын, 
болашаққа сеніммен бет алатыны әбден аян.   Бұл ретте, тұтас қоғамның және 
әрбір  қазақстандықтың  санасын  жаңғыртудың  бірнеше  бағыттары  көрсетілген 
сол мақалада. Олар: 
-
Бәсекелік қабілет
. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі 
бәсекелік  қабілетін  арттырса  ғана  табысқа  жетуге  мүмкіндік  алады.  Бәсекелік 
қабілет  дегеніміз  –  ұлттың  аймақтық  немесе  жаһандық  нарықта  бағасы,  я 
болмаса  сапасы  жөнінен  өзгелерден  ұтымды  дүние  ұсына  алуы.  Бұл 
материалдық  өнім  ғана  емес,  сонымен  бірге, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет