Шығармашылық тапсырма: драмалық шығармаларды ұсыну, актердің сөз қолданысына назар аудару.
6. Мәнерлі сөйлеу техникасы -1 сағат
Көркем сөзді жеткізу мәнерлі сөйлеу техникасын әбден меңгеуді талап ететіне тоқталады. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметіне тығыз байланысты, оны жетілдіру үшін көңілбөліп, дайындық жұмысы жүргізілетіні айтылады. Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауаны ішке жұту, сыртқа шығару), дауыс, дикция жатады. Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтеру үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасы жетілдіру міндеті қойылады. Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түбегейлі білгендер ана тілінің де, өзге тілдің де дыбыстарын, сөздерін қатесіз дұрыс айтады, қиналмай меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |