Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет2/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#87618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
сахна мәдениеті

Мазмұны:
Түсінік хат 3 бет
Оқу-әдістемелік жоспары 6 бет
Курс бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспары 19 бет Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 22 бет
Курс бойынша қосымша материалдар 23 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 28 бет

«Сахна мәдениеті» қолданбалы курсбағдарламасы
Түсінік хат
«Сахна мәдениеті» қолданбалы курсы бағдарламасы аясында оқушылар сахналық мәдениетті, актерлік шеберлікті меңгеруге, әдеби тілге сай сөйлеу мәдениеті, сөйлеу техникасын игеруді, дикцияны қалыптастыруды, сахналық талғамды білуге үйрету көзделген. Образға кіру, пікір білдіру, баяндау, ой толғау, дәлелдеу, байланыстырып р сөйлеу, сөз тапқыштық мүмкіндіктерін арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылар тіл байлығының құнарын сезіну арқылы, актер ретінде ойналып жатқан образды тіл техникасы арқылы сомдау болып табылады. Оқушылар сахна тілі-тіл техникасының сан қырлы сыры мен қол жетпес құндылығы тіл құпиясын меңгеруде екенін біледі. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Тіл мәдениеті білімгерлердің тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін арттырудың аңыздылығын көрсетіп отыр. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Бұл курс бағдарламасы оқушылардың тіл мәдениетіне тән нормаларды тәжірибеде меңгеруін, таза, нақты, әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі айту дағдыларын қалыптастырады. Тілмен жұмыс жасау барысында әрбір сөздің қажеттілігі мен ойландыратыны актерден мәтінге үңіле қарауын талап етеді.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы негізіндегі «Қазақ әдебиеті» пәніннің типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып әзірленген.
Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа құрылған. 
Мақсаты:
Оқушыларға сахналық мәдениеттен жан-жақты мәлімет бере отырып, көркем сөз оқу өнерін, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс-тәсілдеріне төселдіру, сөйлеу техникасы-дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы), дауыс сапасын дамыту жолдарын көрсету. Тіл байлығы мен сөздік қорын дамыту, актерлік шеберліктен мағлұмат алады.
Міндеті:
Актер үшін басты міндет, біріншіден, сөз астарын ашу, екіншіден сөзді түсіну арқылы өзінің сахналық тәртібі бойынша интонация, қозғалыс қимылын, мимика, сөз, сахналық әрекеті арқылы сыртқы кескінін шығару. Сөйлеу техникасы, сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы дауыстап оқу жайында мағлұмат беру; әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасын меңгеру; мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің теориялық тәсілдерін меңгеруге бағыттау, қазақ халқының сөз тапқыштық өнерімен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет