Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


Шаруашылық қызметін талдау принциптері



Pdf көрінісі
бет13/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
Шаруашылық қызметін талдау принциптері. 
Шаруашылық  қызметіне  талдау  жүргізген  кезде  ғылым  мен 
практикадан  алынған  белгілі  бір  принциптер  мен  ережелерді  басшылыққа 
алу керек. 
Талдау ғылыми сипатта болуы, танымның дидактикалық теориясының 
ережелеріне  негізделуі,  өндіріс  дамуының  экономикалық  заңдарының 
талаптарын ескеруі керек, ғылыми-техникалық процесстің алдыңғы қатарлы 
тәжірибенің  жетістіктерін,  экономикалык  зерттеулердің  ең  жаңа  әдістерін 
пайдалануы тиіс; 


 
31 
Талдау кешенді болуы керек. Зерттеудің кешенділігі қызметтің барлық 
тізбегі 
мен 
бүкіл 
тараптарының 
қамтылуын 
және 
кәсіпорын 
экономикасындағы себепті байланыстарды жан-жақты зерттеуді талап етеді; 
Талдау  объективті,  нақты,  дәл  болуы  тиіс,  нақты  шындықты  көрсететін 
дұрыс, тексерілген ақпаратқа негізделуі керек, ал оның тұжырымдары нақты 
талданған  есептеулерге  негізделуі  тиіс.  Осы  талаптардан  есептеулерді 
ұйымдастыруды,  ішкі  және  сыртқы  аудитті,  сондай-ақ  талдау  әдістемесін 
оның  есептеулерінің  дәлдігі  мен  дұрыстығын  арттыру  мақсатында  үнемі 
жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды; 
Талдау жарамды болуы керек, кемшіліктерді, қателіктерді, жұмыстағы 
жіберіп  алған  мүмкіндіктерді  уақтылы  анықтай  отырып,  олар  туралы 
кәсіпорын  басшыларына  хабарлау  керек,  өндіріс  барысы  мен  оның 
нәтижесіне  белсенді  түрде  әсер  етуі  тиіс.  Осы  принциптен  талдау 
материалдарын  кәсіпорынды  басқару  үшін,  нақты  шараларды  әзірлеу  үшін, 
жоспардың  деректерін  негіздеу,  түзету  және  анықтау  үшін  нақты  түрде 
пайдалану  қажеттігі  туындайды.  Басқаша  жағдайда  талдаудың  мақсатына 
жетуі екіталай; 
Талдауды  анда-санда  емес,  жоспар  бойынша,  жүйелі  түрде  жүргізіп 
отыру  керек.  Бұл  талаптан  кәсіпорындағы  талдау  жұмысын  жоспарлау,  оны 
орындау  бойынша  міндеттерді  орындаушылар  арасында  бөлу  және  оны 
жүргізуді бақылау қажеттігі туындайды; 
Талдау  оперативті  болуы  тиіс.  Оперативтілік  дегеніміз  -  талдауды 
жылдам  және  нақты  жүргізе  білуді,  басқару  шешімдерін  кабылдауды  және 
оны жүзеге асыруды білдіреді
Талдау  принциптерінің  бірі  -  бұл  талдау  жүргізуге  кәсіпорын 
қызметкерлерінің  көпшілігі  катыса  алатындығын  пайымдайтын  оның 
демократиялығы,  бұл  алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  толығырақ  анықтауға 
және барлық ішкі шаруашылық резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді; 
Талдау  экономикалық  құбылыстарды,  процестерді,  шаруашылық  ету 
нәтижелерін  бағалаған  кезде  мемлекеттік  ыңғайға  негізделуі  тиіс.  Басқаша 
айтканда,шаруашылық  қызметтің  нәтижесін  бағалай  отырып  олардың 
мемлекеттің  экономикалық,  әлеуметтік,  экологиялық,  халықаралық  саясат 
пен заңдарға сәйкестігін ескеру керек
Талдау тиімді болу керек, яғни оны жүргізгендегі кеткен шығындар көп есе 
әсерін тигізуі керек. 
Сонымен,  талдаудың  негізгі  принциптері  ғылымилылық,  кешенділік, 
жүйелілік,  объективтілік,  дәлдік,  шындық,  әрекеттілік,  оперативтілік, 
демократизм, тиімділік және т.б. болып табылады. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  жұмыс  істеуші  кәсіпорындардың 
қаржылық  жағдайын  талдаудың  басты  мақсаты  (міндеті)  келесілер  болып 
табылады: 
-  қаржылық  жағдайға  және  оның  есеп  беру  мерзіміндегі  өзгерісіне  баға 
беру; 
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды 
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу; 


 
32 
-  айналым    капиталының  көлемін,  оның  өсуін  (кемуін)  және  ағымдағы 
міндеттемелермен арақатынасын анықтау; 
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу; 
-  ағымдағы   активтердің    айналымдылық  есебі, оның   ішінде  дебиторлық 
борыш және қорлар есебі
-  баланстың  өтімділігін,  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығының  және 
төлеу  қабілеттілігінің  абсолюттік  және  салыстырмалы  көрсеткіштерін 
анықтау; 
- кәсіпорын табыстылығын бағалау; 
- кәсіпорын табысының салыстырмалы керсеткіштерін, сондай-ақ олардың 
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару; 
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау; 
-  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  тұрақтылығын  ұзақ  және  қысқа 
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау. 
Қаржылық  жағдайды  талдау  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін 
талдаудың  қорытындылаушы  кезеңі  болып  табылады  және  ол  3  сатыны 
қамтиды:  жабдықтау,  өндіріс  жөне  өткізу;  бұлардың  жиынтығы 
коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның 
қаржылық  қызметі  -  бұл  оның  осы  қызмет  нәтижесінде  меншікті  және 
тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып 
табылады.  Ол  қаржы  ресурстарының  жүйелі  түрде  түсуі  мен  тиімді 
пайдаланылуына,  есеп  жөне  несие  тәртібін  сақтауға,  меншікті  және  қарыз 
қаражаттарының  арасындағы  арақатынастың  рационалдылығына,  сондай-ақ 
кәсіпорынның  тиімді  қызмет  етуі  мақсатында  қаржылық  тұрақтылыққа  қол 
жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және 
коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. 
Осылайша  қаржылық  қызметінің  жетістігі,  көбінесе  оның  өндірістік-сату 
керсеткіштерімен  анықталады.  Көсіпорынның  өзі  алатын  төдемдерді  және 
ақша  қаражаттарын  алуы  оның  өнімді  сатуына,  алдын  ала  қарастырылған 
сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне 
және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады. 
Жоғары  сапалы  өнімді  үздіксіз  өндіру  және  өткізу  кәсіпорынның 
қаржылық  ресурстарының  қалыптасуына  оң  әсерін  тигізеді.  Өндіріс 
процесінде  өнім  сапасының  төмендеуі  жөне  оны  сатудың  қиындықтары 
кәсіпорын  шотына  ақша  қаражаттарының  келіп  түсуіне  кедергі  жасайды, 
нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, 
ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің 
іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін. 
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. 
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін 
сақтай  отырып  ресурстарды,  соның  ішінде  қаржылық  ресурстарды 
соншалықты  аз  жұмсайды  және  керісінше,  шикізат  пен  материалдар 
шығындарының  нормасының  өсуі,  еңбек  өнімділігі  деңгейінің  төмендеуі, 
басқа  да  ресурстардың  мөлшерден  тыс  жұмсалуы  және  өндірістік  емес 


 
33 
шығындар  қосымша  қаржы  қаражаттарының  қажеттілігіне  себепші  болады. 
Еңбек  жөне  материалдық  ресурстар  шығыны  ең  алдымен  өнімнің  өзіндік 
құнында,  содан  соң  табыста  талдап  қорытылады.  Соңғы  айтылған 
көрсеткіштің  көлемі  көсіпорының  өзіндік  қаражаттарының  көлемін  өзгерте 
отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады. 
Кәсіпорынның  қаржылық  қызметінің  қалыпты  болуы  әсіресе  өз 
кезегінде  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізуі  үшін  қажетті  жағдайларды 
туғызады,  оның  төлеу  қабілеттілігінің  кепілі  болып  табылатын  өнім 
өндірудің  үздіксіздігін  және  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді (Дүйсенбаев К.Ш., және т.б., 2001 ). 
Кез  келген  ғылым  -  зерттеу  пәнімен,  мақсатымен  және  әдістемелерімен 
сипатталынады.  Экономикалық  талдау  пәні,  экономикалық  ғылымдардың 
ішіндегі негізгі орын алатын ғылым. Экономикалық талдау пәнінің объектісі 
болып,  шаруашылық  қызметтегі  экономикалық  нәтижелер  табылады. 
Мысалы,  кәсіпорындарда  экономикалық  талдаудың  объектісі  болып 
өндірілген  және  өткізілген  өнім  көлемі,  оның  өзіндік  құны,  материалды, 
еңбек  және  қаржы  ресурстарын  пайдалану  кәсіпорынның  қаржылық 
нәтижесі, қаржылық жағдайы алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет