Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


 ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет12/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ 
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 
2.1 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, 
объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері 
2.2 Қаржылық талдау жұмысын ұйымдастырудың негізгі кезеңдері мен 
әдістері 
 
2.1  Кәсіпорынның  қаржы  шаруашылық  қызметін  талдаудың  пәні, 
объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері 
 
Шаруашылық  қызмет  және  онда  өтіп  жатқан  процестер  көптеген 
ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, 
макро  -  және  микроэкономиканың,  басқарудың,  өндірістік-қаржылық 
қызметті  ұйымдастыру  мен  жоспарлаудың,  статистиканың,  бухгалтерлік 
есептің,  экономикалық  талдаудың  және  т.б.  Экономика  саласының  немесе 
жеке  бір  кәсіпорынның  нақты  жағдайындағы  экономикалық  процестердің 
дамуына  жалпы,  жеке  және  арнайы  заңдардың  тигізетін  әсерін  зерттейді. 
Статистика  шаруашылық  қызметте  жүріп  жататын  жалпы  экономикалық 
құбылыстар мен процестердің сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің 
пәні  шаруашылық  қызмет  процесіндегі  капиталдың  айналуы  болып 
табылады.  Ол  барлық  шаруашылық  операцияларды,  процестерді  және 
сонымен байланысты кәсіпорын қаражатының қозғалысын және оның жұмыс 
нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады. 
Шаруашылық қызметін талдау (ШҚТ) пәні экономикалық құбылыстар 
мен 
процестердің 
себеп-салдар 
байланыстары 
болып 
табылады. 
Кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі себеп-салдар байланыстарын біліп 
отыру экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін ашуға және соның 
негізінде  жеткен  нәтижелерге  дұрыс  баға  беруге,  жоспарлар  мен  басқару 
шешімдерін  негіздеуге  мүмкіндік  береді.  Себеп-салдар  байланыстарды 
топтастыру,  жүйелендіру,  моделдеу,  шамалау  ШҚТ  басты  әдістемелік 
мәселесі болып табылады. 
Шаруашылық  қызметін  талдау  объектісі  шаруашылық  қызметтің 
экономикалық  нәтижелері  болып  табылады.  Мысалы,  өнеркәсіптік 
кәсіпорында талдау объектісіне өнімді өндіру және сату, оның өзіндік құны, 
материалдық,  еңбек  және  қаржы  ресурстарын  пайдалану,  өндірістің 
қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет