Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет4/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
ТЕСТТЕР  
169 
 
ӘДЕБИЕТ 
180 
 
 
 
 


 

 
 
КІРІСПЕ 
 
Нарық  экономикасына  көшу  шаруашылық  субъектілерден  өндіріс 
тиімділігін  арттыру,  бәсекелік,  ғылыми-техникалық  ілгері  жетістіктерінің 
негізінде  өнім  шығару  және  қызмет  көрсету  шаруашылық  етудің  тиімді 
нысандары мен өнеркәсіпті басқаруды талап етеді. 
Білікті  экономист,  қаржыгер,  есепші,  аудитор  экономикалық  зерттеу 
тәсілдерін,  жүйелі  және  кешенді  экономикалық  талдау  әдістемесін  жетік 
меңгеруі тиіс. 
Талдау  нәтижелерінің  негізінде  басқарушылық  шешімдер  әзірленіп 
негізделіп  жатады.  Шешімдер  мен  іс-әрекеттердің  алдында  экономикалық 
талдау  орын  алады.  Экономикалық  талдау  өндірісте  ғылыми  тұрғыдан 
басқарудың негізі болып табылады және оның объективтілігі мен тиімділігін 
қажет  етеді.Экономикалық  талдау  шешім  қабылдауды  ғылыми  қамтамасыз 
ететін  басқару  функциясы.Шаруашылық  есебіндегі  мүлікті  пайдаланудан 
түскен  пайда,  сол  сияқты  өнеркәсіптің  шаруашылық  есебіне  алынады. 
Кәсіпорынды  тек  әкімшіліктің  шешімімен  кепілдікке,  жалға  беруге  болады. 
Кәсіпорынның  бағыныштылығы  өзгерген  жағдайда,  немесе  мемлекеттік 
меншіктің  түрі  өзгерген  кезде  өнеркәсіп  өз  қарызындағы  мүлкіне 
шаруашылық жүргізу құқығын сақтайды. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпорынның  өміршеңдігінің  кепілі 
мен  жай-күйінің  орнықтылығының  негізі  оның  қаржы  тұрақтылығы  болып 
табылады.  Сондықтан  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  бағалау  керек. 
Кәсіпорынның  қаржы  тұрақтылығы  ақша  қаражаттарын  еркін  орын 
алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен 
сатудың  үздіксіз  процесін  қамтамасыз  ете  алатын  өзінің  қаржы  ресурстары 
жағдайын 
көрсетеді. 
Қаржылық 
тепе-теңдікке  жету 
кәсіпорынды 
шаруашылық  жүйесінің  тұрақты  звеносы  ретінде  қарастыруға  болады,  бұл 
экономиканың  нақты  секторының  дамуының  маңызды  факторы  болып 
табылады.  Жаңа  және  тиімді  әрекет  ететін  нарықтық  жүйені  қалыптастыру 
үшін  қаржылық,  ақша-несие,  баға,  валюта  салаларында,  сонымен  қатар  заң 
шығару  және  монополияға  қарсы  реттеу  аясында  нақты  және  дәйекті 
саясатты  жүзеге  асыру  керек.  «Қазақстан  2030  жылға  дейінгі  даму 
Стратегиясын  жүзеге  асыру  жөніндегі  іс-шаралар  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  Жарлығында  экономиканың  нақты  секторын 
дамытудың  қажеттілігі  ҚР  Үкіметінің  алдағы  қызметінің  бірден-бір  негізгі 
бағыты  ретінде  анықталды,  ал  нақты  сектордың  басымдылығы  оның  іс-
әрекетінің негізгі қағидасы ретінде бекітілді. 
Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығы  көрсеткіштерін  талдау,  оның 
қаржылық  жағдайын  жалпы  бағалау,  актив  кұрамы  мен  құрылымын, 
меншікті  капиталын,  міндеттемелерін,  олардың  жағдайы  мен  қозғалысын 
бағалау,  төлем  қабілеттілігі  мен  баланс  өтімділігін  талдау,  табыстылық, 


 

іскерлік  белсенділік  көрсеткіштерін  және  кызметінің  қаржы  шаруашылық 
тиімділігін бағалау жүзеге асырылады. 
Ұйымның  тиімді  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету  олардың  жұмысына 
экономикалық  тұрғыдан  дұрыс  басқаруды  талап  етеді,  бұл  көбінесе  оны 
талдай  білумен  айқындалады.  Кешенді  түрде  талдаудың  көмегімен  даму 
тенденциясы  анықталады,  қызмет  нәтижелерінің  өзгеру  факторлары  терең 
және  жүйелі  түрде  зерттеледі,  бизнес-жоспарлар  мен  басқару  шешімдері 
негізделеді,  олардың  орындалуын  бақылау  жүзеге  асырылады,  өндіріс 
тиімділігін  арттыру  резервтері,  кәсіпорынның  қызметінің  нәтижелері 
анықталады, оны дамытудың экономикалық стратегиясы жасалады. 
Шаруашылық  қызметке  кешенді  түрде  талдау  жүргізу  -  бұл  бизнестегі 
басқару  шешімдерін  қабылдаудың  ғылыми  негізі.  Оларды  негіздеу  үшін 
қазіргі және алда тұрған мәселелерді, өндірістік және қаржылык тәуекелдерді 
анықтай  және  болжай  білу  керек,  қабылданған  шешімдердің  ұйымның 
тәуекелдік және табыс деңгейіне тигізетін әсерін анықтау керек.  
Сондықтан  барлық  деңгейдегі  менеджерлердің  кешенді  түрде 
экономикалық  талдау  жасау  әдісін  игеруі  олардың  кәсіби  дайындығының 
құрамды бөлігі болып табылады. 
Талдау  техникасы  мен  технологиясын  біле  отырып,  олар  нарықтағы 
жағдайдың  өзгерістеріне  оңай  бейімделе  алады  және  дұрыс  жауап  пен 
шешімдер  таба  алатын  болады.  Осыған  орай  экономикалық  талдаудың 
негіздерін  игере  білу:  шешім  қабылдауға  қатысатындарға  да,  оларды 
қабылдау бойыша ұсыныстар беретіндерге де пайдалы болмақ. 
Қазіргі  уақытта  болып  жатқан  нарықтық  қатынастар  кәсіпорындардың 
шаруашылық  жүргізуші  субъект  ретінде  құқық  жағдайларын  едәуір 
нығайтып,  олардың  көптеген  өндірістік  және  қаржылық  мәселелерді  өз 
бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару 
деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы 
мен  ғылыми  негізделуіне  тікелей  тәуелді.  Үйлесімді  шешімдердің 
қабылдануы,  материалдық,  еңбек  және  қаржы  ресурстарын  тиімді 
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет