Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


Қаржылық жағдайдың мәні және қаржылық есеп беруді жасау



Pdf көрінісі
бет6/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және қаржылық есеп беруді жасау 
бойынша түгендеу 
 
 
Нарықтық  қатынастар  жағдайында  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын 
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, 
сондай-ақ олардың меншік иелері, жүмысшылар, коммерциялық серіктестер 
және  де  басқа  контрагенттер  алдында  өзінің  өндірістік-кәсіпкерлік 
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. 
Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдау  жөніндегі  сұрақтарды 
қарастырмас  бұрын,  «қаржылық  жағдай»  дегеніміз  немесе  «қаржылық  жай-
күй»  дегеніміз  не,  соны  анықтап  алған  жөн.  Соңғы  жылдары  шығарылған 
арнайы  әдебиеттерде  бүл  ұғым  әр  түрлі  түсіндіріледі.  Профессор 
А.Д.Шеремет «Кәсіпорынынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, 
пайдалану  және  оны  қалыптастыру  көздерімен  (меншіктік  капитал  және 
міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған. 
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның 
қаржылық  жағдайы,  қаржы  ресурстарын  жасау,  тарату  және  пайдаланумен 
сипатталады.  Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  кәсіпорынның  қалыпты 
өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы 
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату 
және  пайдаланумен,  сондай-ақ  басқа  шаруашылық  субъектілерімен 
қаржылық  қарым-қатынаста  болу,  төлеу  қабілеттілігі  және  қаржылық 
тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның 
қаржылық жағдайының жақсылығын керсетеді». 
В.М.Радионова  мен  М.А.  Федотова  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы 
«қаржы  ресурстарының  қалаптасуымен,  таратылуы  және  пайдалануымен 
көрсетіледі» деп жазады. 
М.Н.Крейнина,  А.И.Ковалев  және  В.П.Привалов  қаржылық  жағдай 
ұғымын  былайша  түсіндіреді:  «Қаржылық  жағдай  -  бұл  қаржы 
ресурстарының  қолда  барын,  үлестіріліп  таратылуы  және  пайдалануын 
сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы». 
Профессор  И.Т.Балабанов  «Шаруашылық  субъектісінің  қаржылық 
жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни 
төлем  қабілеттілігі,  несие  қабілеттілігі)  қаржы  ресурстары  мен  капиталды 
пайдалану,  мемлекет  алдында  және  басқа  да  шаруашылық  субъектілерінің 
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық 
жағдайын  талдаудың  келесі  түрлерін  жүргізеді:  табыстылық  пен 
рентабельділік;  тұрақтылық;  несие  қабілеттілігі;  капиталды  пайдалану; 
валюталық өзін-өзі өтеу» - деп жазады (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,2001). 
С.А.Стуков  осы  ұғым  бойынша  өзінің  көзқарасын  келесі  сөздермен 
баяндайды:  «Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы 

бұл  бірқатар 
көрсеткіштермен  сипатталатын  оның  саулығы  мен  өмір  сүру  қабілеттілігін 
кешенді түрде бағалау». 


 
12 
Жоғарыда  берілген  анықтамалар  қарастырылып  отырған  ұғым  мәнін 
жеткілікті  дәрежеде  ашпайды,  бірақ  олардың  әрқайсысында  бұл  ұғымды 
дәлірек  анықтауға  мүмкіндік  беретін  ұтымды  тұжырымдар  бар.  Бірқатар 
түрлі  әдістермен  есептелетін  бірыңғай  көрсеткіштерге  қарағанда  (мысалы, 
еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) 
қаржылық  жағдай  түрлі  көрсеткіштерді  есептеу  нәтижесінде  және  олардың 
жалпы  бағалауға  тигізетін  әсерін  зерттеу  негізінде  анықталатыны  анық. 
Қорыта  келе,  кәсіпорынның  қаржы  жағдайы  әлсіз  және  өмір  сүру  қабілеті 
жоқ  кәсіпорындарға  аяусыз  қарайтын  бәсекелі  нарықтық  экономика 
жағдайындағы  кәсіпорынның  сенімді  болуын,  тұрақтылығын  және  келешегі 
барлығын куәландыруы тиіс. 
К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың көзқарасы 
бойынша,  сенімділік  кәсіпорын  жүмысының  үздіксіздігін  және  оның  төлеу 
қабілеттілігін көрсетеді. 
Осы  берілген  түсініктерге  сүйене  отырып,  мынадай  қорытынды 
жасауға болады: 
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі 
қаржылық  тұрақтылығын  және  оның  өз  шаруашылық  қызметін  үздіксіз 
жүргізуі  мен  өзінің  қарыз  міндеттемелерін  уақтылы  өтеуі  үшін  қаржы 
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. 
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та 
арнайы  оқулықтарда  түрліше  түсіндіріледі.  Бір  авторлар  қаржылық 
тұрақтылықты  «өз  қаражаттарын  шебер  пайдалану  қабілеттілігі,  жұмыс 
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп 
түсіндіреді.  Қаржылық  тұрақтылық  -  меншікті  және  қарыз  қаражаттарының 
байланысы деп жазады. 
Енді  біреулер  «өз  қаражаттары  есебінен  активтерге  (негізгі  қорлар, 
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды 
жабатын,  сондай-ақ  өтелмеген  дебиторлық  және  кредиторлық  қарыздарға 
жол  бермейтін  және  де  өз  міндеттемелерін  уақтысында  қайтаратын 
шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады. 
Бұл  ұғымды  А.Д.Шеремет  пен  Р.С.Сайфуллин  өте  ықшам  түрде 
анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем 
қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы». 
В.М.Радионова  мен  М.А.Федотова  бұл  ұғымды  келесідей  түсіндіреді: 
«Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән 
айнасы  -  қаржылық  тұрақтылық  болып  табылады.  Ол  ақша  қаражаттарын 
еркін  пайдаланып,  оларды  тиімді  қолдану  арқылы  өндіру  мен  өнімді  өткізу 
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге 
және  жаңартуға  қажетті  шығындарын  қаржыландыратын  кәсіпорынның 
қаржы 
ресурстық 
жағдайын 
сипаттайды. 
Қаржылық 
тұрақтылық 
кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Осы 
еңбегінде  бұл  авторлар  одан  әрі  мына  анықтаманы  келтіреді  (Дүйсенбаев 
К.Ш. және т.б., 2001). 


 
13 
«Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығы  -  бұл  тәуекелділіктің  мүмкін 
болатын  деңгейінде  төлем  қабілеттілігі  мен  несие  қабілеттілігін  сақтай 
отырып,  табысты  өсіру  негізінде  қаржыны  тарату  мен  пайдалану  арқылы 
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы». 
В.Г.Артеменко  мен  М.В.Беллендир  бұл  ұғымды  былай  түсіндіреді: 
«Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. 
Ол  ақша  қаражаттарын  еркін  пайдалануды  қамтамасыз  етеді  және  оларды 
тиімді  пайдалану  арқылы  өндіру  және  өнімді  сату  процесінің  үздіксіз 
болуына  жағдай  жасайды.  Сондықтан  да  қаржылық  тұрақтылық  барлық 
өндіріс  шаруашылық  қызметі  процесінде  қалыптасады  және  кәсіпорынның 
жалпы  тұрақтылығының  негізгі  бөлігі  болып  табылады».  Ал  кәсіпорынның 
жалпы  қаржылық  тұрақтылығы,  ол  ең  алдымен  әрдайым  табыстың 
шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. 
Нарық  жағдайында  ол  ең  бірінші  өнімді  (жүмыс,  қызмет)  өткізуден  түсетін 
табыстың  тұрақтылығын  талап  етеді  және  оның  мөлшері  мемлекетпен, 
жабдықтаушылармен,  несие  берушілермен,  жүмысшылармен  және  тағы 
басқалармен  есеп  айырысу  үшін  жеткілікті  дәрежеде  болуы  тиіс.  Сонымен 
қатар  кәсіпорынның  одан  әрі  дамуы  үшін  барлық  есеп  айырысулар  мен 
барлық  міндеттемелерді  орындағаннан  кейін,  осы  кәсіпорында  өндірісті 
дамытуға,  оның  материалдық-техникалық  базасын  жаңартуға  және  де 
әлеуметтік  климатты  жақсартуға  және  басқаларға  мүмкіндік  беретіндей 
дәрежеде табыс қалуы қажет. 
«Қаржылық  тұрақтылықтың  мәні  -  қаржы  ресурстарын  тиімді 
қалыптастыру,  тарату  және  пайдаланумен  анықталады»  -  деп  жазады 
В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир. 
К.Ш.  Дүйсенбаев,  Э.Т.  Төлегенов,  Ж.Г.  Жұмағалиевалардың  ойынша 
бұл  ұғымды  А.Д.Шеремет  мен  В.С.Сайфуллин  дәлірек  жөне  анығырақ 
түсіндіреді.  Олар  қаржылық  тұрақтылықтың  мәні  -  бұл  қорлар  мен 
шығындардың  қалыптасу  көздерінен  қамтамасыз  етілуі  -  деп  түсіндіреді. 
Э.А.Маркарьян  мен  Г.П.Герасименко  да  дәл  осындай  көзқараста. 
«Кәсіпорынның  өз  міндеттемелері  бойынша  есептесу  мүмкіндігі»  немесе 
«Сауда,  несие  және  басқа  да  төлем  сипатындағы  операциялардың 
нәтижесінде  пайда  болатын  кәсіпорынның  төлем  міндеттемелерін  уақтылы 
жөне  толық  орындау  мүмкіндігін  көрсететін  төлем  қабілеттілігі,  қаржылық 
тұрақтылықтың  сыртқы  көрінісі  болып  табылады».  Кәсіпорынның  жүмысы 
нарық  жағдайына  өтумен  бірге  оның  қаржылық  жағдайы  және  оны 
сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті. 
Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылық  жағдайына  көптеген  факторлар 
әсер етеді, оларды келесіндей түрлерге жіктейді: 
1.Пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы
2.Нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес
3.Құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі; 
4.Әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша. 


 
14 
Ішкі  факторлар  кәсіпорынның  өзінің  жұмысын  ұйымдастыруына 
байланысты  болады,  ал  сыртқы  факторлар  кәсіпорын  еркіне  бағынышты 
емес. 
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның түрақтылығы ең 
бірінші  өндіріс  шығындарымен  үздіксіз  байланысқан  өндірілген  өнім  мен 
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты 
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады. 
Кәсіпорынның  өндірілетін  өнім  жөне  өндіріс  технологиясымен  тығыз 
байланысқан  қаржылық  тұрақтылығының  маңызды  факторларының  бірі  - 
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару 
стратегиясын  дұрыс  таңдап  алуы  болып  табылады.  Ағымдағы  активтерді 
басқару  өнері  -  кәсіпорын  шотында  оның  ағымдағы  жедел  қызметі  үшін 
қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. 
Қаржылық  тұрақтылықтың  ішкі,  маңызды  факторларының  бірі  -  бұл 
қаржы ресурстарының  құрамы  мен  құрылымы,  оларды басқару  стратегиясы 
мен  тактикасының  дұрыс  таңдалып  алынуы.  Кәсіпорынның  өз  қаржы 
ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол 
өзін жайлы сезіне алады. 
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны 
тарату  құрылымы,  әсіресе  өндірісті  дамытуға  бағытталған  бөлігі  де  өте 
маңызды болып табылады. 
Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығына  қарыздық  капиталдар 
нарығындағы  қосымша  жұмылдырушы  (мобилизацияланушы)  қаражаттар 
үлкен  әсерін  тигізеді.  Кәсіпорын  ақша  қаражаттарын  қаншалықты  көп 
тартатын  болса,  оның  қаржылық  мүмкіндіктері  де  соншалықты,  жоғары 
болады,  алайда,  сонымен  бірге  қаржылық  тәуекелділік  те  өседі  -  яғни 
кәсіпорын  өз кредиторларымен  уақытында  есептесе  ала  ма,  жоқ  па?  - деген 
қауіп  туады  және  де  бір  жерде  кәсіпорынның  төлеу  қабілеттілігінің 
қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл берілген. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келе,  кәсіпорынның  қаржылық 
тұрақтылығына  әсер  ететін  мынадай  ішкі  факторларды  атап  көрсетуге 
болады: 
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы
-  шығарылатын  өнімнің  (жұмыс,  қызмет)  құрылымы  және  оның  жалпы 
төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі; 
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері
-  шығындардың  көлемі,  олардың  ақшалай  табыспен  салыстырғандағы 
динамикасы; 
-  қорлар  мен  резервтерді,  олардың  құрамы  мен  құрылымын  қоса 
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы; 
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі. 
Сыртқы 
факторларға 
шаруашылық 
жүргізудің 
экономикалық 
жағдайының  әсері,  қоғамда  үстемдік  етуші  техника  мен  технология,  төлеу 
қабілеті  бар  сұраныс  және  тұтынушылар  табысының  деңгейі,  ҚР  үкіметінің 


 
15 
салық  және  несие  саясаты,  кәсіпорынның  қызметін  бақылау  жөніндегі  заң 
актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады. 
Кәсіпорынның  тұрақты  қаржылық  жағдайын  қалыптастыруда  оның  өз 
контрагенттерімен  (салық  органдары,  банктер,  жабдықтаушылар,  сатып 
алушылар,  акционерлер  жөне  тағы  басқалар)  өзара  қарым-қатынасы  үлкен 
әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - 
жақсы  қаржылық  жағдайдың  бірден-бір  шарты  болып  табылады.  Әрине, 
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді 
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық 
тартымдылығы  болуы  үшін,  тек  бүгінгі  күні  ғана  емес,  болашақта  да 
кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  көршісіне  қарағанда  жақсы  болуы  тиіс 
(Дүйсенбаев К.Ш. және т.б., 2001). 
Сондай-ақ,  бұл  жыл  сайын  өз  облигациясы  бойынша  белгілі  бір 
пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын 
толық  өтеуді  талап  ететін  облигация  иелеріне  де  қатысты.  Кез  келген 
коммерциялық  кәсіпорын  сияқты  банктер  де  өз  несиелерімен  тәуекел  ете 
отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, 
сондықтан  оны  беру  туралы  шешім  қабылдай  отырып,  кез  келген  банк  өз 
клиентінің  қаржылық  жағдайын  және  бұл  қарыздың  қамтамасыз  етілуін 
тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы 
кәсіпорынға  несие  беру  орынды  ма,  жоқ  па,  ал  бұл  сұрақты  дұрыс  шешкен 
жағдайда  -  қандай  пайызбен  және  қанша  мерзімге  деген  сұрақтарды 
шешудегі негізгі белгі болып табылады. 
Жабдықтаушылар  мен  тұтынушылар  сенімді  және  төлем  қабілеттілігі 
жоғары  кәсіпорындармен  келісім-шартқа  үлкен  ықыласпен  отырады.  Тіпті 
қаржы  органдары,  әсіресе  салық  инспекциясы  кәсіпорынның  жағдайы 
тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен 
басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады. 
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және 
оның  іскерлік  қарым-қатынастағы  потенциалын  анықтайды,  көсіпорынның 
өзінің  жөне  оның  серіктестерінің  қаржылық  жөне  басқа  қатынастар 
тұрғысындағы  экономикалық  қызығушылықтары  қаншалықты  дәрежеде 
кепілдендірілгенін  бағалайды.  Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының 
объективті  дұрыс  бағасын  алудың  ең  жақсы  тәсілі,  бұл  -  талдау,  ол 
кәсіпорынның  даму  бағытын  бақылауға,  оның  шаруашылық  қызметіне 
кешенді  түрде  баға  беруге  мүмкіндік  береді  және  осындай  жолмен 
басқарушылық  шешімдерді  өңдеумен  көсіпорынның  өзінің  өндірістік 
кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады. 
Кәсіпорын  осы  мерзімге  дейінгі  уақытта  қаржы  ресурстарын 
қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: Қаржы ресурстары 
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына 
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, 
себебі  қаржылық  тұрақтылықтың  жетіспеушілігі  кәсіпорынның  төлеу 
қабілетінің  жоқтығына  және  оның  дамуына  қажетті  қаражатының 


 
16 
болмауына, ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және 
резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 
Бухгалтерлік  есеп  шаруашылық  қаражаттарының  құрамындағы  жөне 
оларды  жабу  кездеріндегі  болған  барлық  өзгерістерді,  шаруашылық 
процестерін  және  олардың  нәтижесін  толық  және  дер  кезінде  көрсетуге 
арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты  шаруашылық каражаттарына және 
олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері 
шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын 
алуы  мүмкін.  Аталған  алшақтық  табиғи  азаюдың,  тасымалдаудың,  қайта 
сортталудың 
нәтижесінде, 
өлшеуіш 
құрал-жабдықтарының 
дұрыс 
көрсетпеуінен,  операцияларды  рәсімдеу  кезінде  жіберілген  қателіктерден 
және т.б. салдарынан болуы мүмкін. 
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп 
мәліметтерімен  салыстырьш  отыруды  қажет  етеді  және  ол  есеп  айырысуды 
дәлдеу  (анықтау)  үшін де  қажет.  Тексерудің  мұндай  түрін  түгендеу  (немесе 
түгелдеу) деп атаймыз. 
Түгендеу  (немесе  түгелдеу)  -  бұл  бухгалтерлік  есеп  әдісінің  басты 
элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған 
өндірістің,  тауарлы-материалдық  құндылықтардың,  материалдық  емес 
активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың 
есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. 
Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне 
қарамастан,  оны  барлық  көсіпорын  жүргізеді.  Ол  құжаттаудың  міндетті 
қосымшасы  болып  табылады.Соның  көмегімен  шаруашылықта  болатын  әрі 
жасалатын  барлық  шаруашылық  құбылыстар  бухгалтерлік  есепте  көрініс 
табады.  Ол  өзінің  қамту  жағдайына  қарап:  толық  жөне  ішінара  болып  екіге 
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет