Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


 Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау



Pdf көрінісі
бет56/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
5.3 Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау 
 
Кәсіпорынға  қалыпты  өндірістік  қызметпен  айналысу  үшін  қажетті 
айналым қаражаттардың мөлшерін, айналым қаражаттардың нормалары мен 
нормативтерін  жасау  жолымен  кәсіпорын  анықтайды  және  бекітеді.  Олар 
кәсіпорынның  өндірістік  қорларға,  аяқталмаған  өндіріске,  алдағы  кезең 
шығындарға  арналған  қаражаттарға,  жоспарланған  жабдықтау  және  өнімді 


 
116 
өткізу  жағдайын  есепке  ала отырып  тұрақты  мұқтаждығын  қамтамасыз етуі 
тиіс. 
Норма  -  айналым  қаражаттардың  белгіленген  шамасы  (күн,  %  т.б. 
өлшем). 
Норматив - айналым қаражаттары элементтері бойынша ауыспалы ең аз 
шамадағы  қорларды  құруға  арналған  қандай  да  бір  жоспарлы  кезеңде 
кәсіпорынға қажетті ақшалай қаражаттың реттелген сомасының көлемі. 
Материалдық  құндылықтардың  нормадан  артық  қорлардың  пайда 
болуының себептерінің бірі нормалар мен нормативтердің жеткіліксіз түрде 
негізделгені болып табылады. 
Шығындар нормасы - бұл шикізаттың, материалдарың, отынның, электр 
энергияның  және  т.б.  өнім  бірлігін  дайындауға  немесе  жұмыс  бірлігін 
орындау  үшін  шығатын  шығындардың  ең  көп  рұқсат  етілетін  және 
қажеттілігі  ең  аз  жоспарлы  көлем.  Шығындар  нормасы  материалдардың 
қажеттілігін есептеу үшін негіз болып табылады. 
Қорларды  және  соған  сәйкес  өндірістік  қорларға  салынған  қаражат 
сомасын  басқарудың  мақсаттарының  бірі  -  қор  жағдайын  бақылап  отыру 
болып  табылады.  Қорларды  басқару  жүйесінің  барлық  түрлері  2  негізгі 
түрлерге келіп тіреледі: 
1) Тапсырыс белгіленген мөлшерде; 
2) Тапсырыс өзгермелі мөлшерде. 
Кәсіпорынның өндірістік нәтижелері мен қаржылық жағдайына өнірістік 
қорлардың  сапасы  көп  әсер  етеді.  Өндірістің  барысы  мен  өнім  сатудың 
қалыптылығы  үшін  қорлар  оңтайлы  болуы  керек.  Қорлардың  көптеп 
жиналып  қалуы  кәсіпорын  белсенділігінің  төмендеуін  білдіреді.  Жоспардан 
тыс  көп  қорлар  айналым  капиталының  айналымдылығын  баяулатады,  оның 
салдарынан  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  нашарлайды,  мүлік  салығы 
көбейеді,  өтімділік  мәселесі  пайда  болады,  шикізаттар  мен  материалдардың 
бұзылуы  жоғарылайды,  қоймада  сақтау  шығыны  өседі,  осының  бәрі 
кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне теріс әсерін тигізеді. 
Сонымен қатар қордың жетіспеушілігі (шикізат, материалдар, отын, т.б.) 
кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  теріс  әсер  етеді,  өйткені  жеткізуді 
тездеткені үшін баға көтеріледі, өндірістің тоқтап қалуына байланысты өнім 
өндіру  қысқарады,  шикізат  қорлары  бағасының  өсуі  сезіледі,  табыс  сомасы 
азаяды.  Сонықтан  әр  кәсіпорын  өндірісті  уақтылы  және  толық  көлемде 
барлық  қажетті  қорлармен  қамтамасыз  етуге  және  олардың  қоймада  жатып 
қалмауын болдырмауға тырысу керек. 
Материалды  ресурстарды  пайдалануды  талдаудың  негізгі  формалары 
№1ПФғ,  №1Т,  №1П,  тағы  басқалар.  Материалды  ресурстарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет