Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғұмарбек Дәукеев атындағы



бет1/2
Дата13.03.2023
өлшемі54,3 Kb.
#172222
  1   2
Байланысты:
Философия
5. Биомеханизм родов при переднем виде затылочного предлежания

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС


Пән: Философия
Тақырыбы:Философияның пайда болу тарихы
Мамандық: Автоматизированные электромеханические системы 
Орындаған:Нұрсұлтан Данияр Рауанұлы .Тобы АЭМСКк-22-1
Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Апашов С.Б.


Алматы, 2022 жыл
Философияның пайда болу тарихы

Көне Үнді философиясы.


Ол біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінене көшу, рулық-тайпалы құрылымының ыдырауы, тауарлы ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болу кезеңдері болатын.Ертедегі Шығыс философиясы соған дейін қалыптасқан мифлогияны, одан соң діни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттігін сеніден басталды. Ертедегі Шығыс Философиясының қалыптасуы екі түрлі мәселе төңірегінде жүргізілді. Бірі-аспан, Ай, Күн осылардың шығу тегі, өзара байланысы, әлемдегі барлық тіршілікке әсері жайлы болса, екіншісі адамгершілік, адамдық қатынас төңірегінде қалыптасқан. Бұлар мифологиялық ұғымдар негізінде болды. Бірақ мифология олардың себептерін ашуға тырыспады, тек сенуді қажет етеді.
Ертедегі Үнді философиясы. Ол брахманизмге оппозициядан басталды. Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінген. Бірі-әскери, аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі-абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі-басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі-төменгі каста (шудралар). Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларды қоғам ісіне араластырмады. Брахмандар масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені брахманизмдер мифологиялық көзқарасқа негізделген, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Біздің заманымыздан бұрынғы УІІ-УІ ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды. Олардың ішіндегі бастылары джайнизм мен буддизм еді. Осылардың негізінде үнділік философия қалыптасты. Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізі-адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босаты. Джайнизм-материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан бақса кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық кіреді. Ал жанның басты белгісі джайнизм бойынша сана. Жан мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді.
Буддизм-біздің заманымызға дейінгі УІ-У ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол браманизмге қарсы, әділдік көксеген таптар арасында пайда болды. Кейіріек үстем таптар оны өзінің құралы ретінде қолдады. Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенеді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған - Сиддхарта Гаутама Будда (б.з.д. 623-524 жжСол кезден бастап ол будда дінінің негізін салушыға айналады. Бұл Шығыс елдерінде (қытай, жапония) кең тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген.
Буддизмде төрт басты мәселе бар: 1) өмір азапқа толы; 2) ол азаптардың себебі бар (ол-қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлық, тыйымсыз әуестік); 3) азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар; 4) азаптан құтылудың кезі бар. Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дүниеде болмақ. Ертедегі үнді философиясында материалистік ағым да болды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар ауа (жел), от (сәуле) су, жерден тұрады дейді. Өлген организм ыдырап, алғашқыда өзін бөлшектерге айналады-мыс. Олардың түсінігінше, ләззат пен азап бірлікте, азапты жою мүмкін емес, бірақ жеңілдетуге, азайтуға болады. Үнді философиясы сол кезден бастап осы заманға дейін буддизм, джайнизм, локаятадан басқа 6 бағдарда өмір сүреді. Олар: ведена, санкхья, йога, ньяя, вайшешик, миманса.
Ертедегі Қытай философиясы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы УІ-У ғасырларда пайда болды. Оған дейін Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала басталды.: консерваторлық (не кертартпа) және прогерсшілдік, бірі мистикалық, екіншісі-атеистік бағыттар. Алғашқы материалистер пікінрінше, әрбір зат бес түрлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын болса, керісінше идеалистердің пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы «даоға» байланысты. Ертедегі қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған атақты –Конфуций (б.з.б. 551-479жж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Ол Өз өмір-тіршілігінде Конфуций төрт принципті ұстады.1( бос қиялға салынбау; 2) «мен білемін» дегендіктен аулақ болу; 3)қасарыстық көрсетпеу; 4) өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ол үш түрлі байланыстылықты жақтап көрсетеді: а) бастық пен бағынышты; б) әке мен бала; в) ері мен әйелі. Осы үш салада үстемдік ететін – біріншілер. Оның ұстанған жолы: 1) әділеттілік; 2) табиғатты сүю; 3) әдет-ғұрыпты сақтап, сыйлау.Ол «Барлық адамдар өздерінің табиғаты жағынан бір-біріне жақын, ал айырмашылықтары тәрбие барысынан туындайды» - дейді.»жаңаны білу үшін ескі зерттеу», «Ойлаусыз оқу-бекер іс, оқымай ойлану – бос әрекет» деген болатын. «Өзіңе қаламайтыңынды басқаға жасама. Сонда мемлекетке қастандық жоғалады, сондай-ақ ол отбасында да болмайды», - деді. Конфуций іліміне қарама-қарсы Мо-Цзы (б.з.б. 479-4000 жж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгінетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс-әрекетінен, «жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды деді. Біздің барлық біліліміз екі нәрсеге – сезімге (у-лу) және ойлауға (син) байланысты дейді. Таным көп жағдай ат қоюдан туындайтынын айтады. Мысалы, олар жалпы атау, рулық атау, жеке атау бар дейді. Жеке атау нақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Мо-Цзылықтар пікір айту категориясын, логикалық әдісті қолданды.
Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі Дао жөніндегі Дао-Цзы (УІ-Уғғ) ілімі дүниеге келді. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын –Көк Аспан емес, Дао. «Дао – заттардың табиғи өну, өсу, өшуі, ол Цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды – деді. Бүкіл әлем сол заңға бағынады.». Лао-Цзы пікірі бойынша адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы керек. Ал кімде-кім оған араласып, оны өзіне жеке басының пайдасына икемдемек болса, ол адам сәтсіздікке ұшырайды – дейді Оның пікірінше, зиян мен сәтсіздік адамның заттардың табиғи тіршілігіне араласуынан. Өйткені олар Дао заңын бұзады деп түсінеді.
Лао-Цзы ілімі – қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол кертартпа рөл атқарады, ескілікті көксесе, екінші жағынан ілгері жылжуды жақтайды, дамуды қолдайды.
Сонымен Шығыс философиясы жайында қорыта келе: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы лао-Цзы төңірегінде топталды. Егер ертедегі Үндістанда барлық философиялық ағымдар ведизммен байланысты болса, Қытайда олар Конфуций төңірегінде қалыптасты. Мәселен болмыс пен бейболмыс, олардың мәні мен арақатынасы жайында жүргізілді.
Үнді философиясында Аспан мен Жерді жұбайлар ретінде қараса, Қытай философиясында осы пікірді негізге ала отырып, Аспанды билейтін ер рухы «ян», жерді билейтін - әйел рухы «инь» ретінде қарастырылған.
Қытай философиясы бойынша, түрсіз, түссіз, бейнелейтін, ретсіз әлемде екі рух пайда болды: олардыі бірі – Аспан, бірі-Жер. Үнді философиясында ерте бастан-ақ болмыс пен бейболмыс арасында байланыспен қатар айырмашылықта бар екені айтылады. Бейболмыс – асот ретсіз космос әлемін бейнелейді. Ең жоғары Брахман-бұл мәңгі өгермейтін, жойылмайтын болмыс, ешқашан тумаған, өлмейтін құбылыс. Ол әрі мәнді, әрі мәнсіз, табиғи нәрселерден аулақ. Бұл Қытай философиясынанда орын алған. Дао-мәнді, мәнсіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Барлық тіршілктегі болмыстар бейболмыстан жаралған. Сөйтіп, болмыс бейболмыстан тарайды. Сөйтіп ертегі Шығыс философтары көп нәрсені айтып қана қоймайды, оның себептерін іздейді. Брахман –дүниенің себептері деген. Үнді философтарыныі пікірі де осыған ұқсас. Болмыс пен бейболмыс, жекелік пен көпшілік, мәңгілік пен мезгіл, өзгеріс ойды оятады, дінмен бірге күресте таным дамиды.
Шығыс философиясының көтерген мәселесі - адам проблемасы. Адамр мен Құдайлар арасында белгілі бір заңдылық немесе байланыс бар деп есептеді олар. Оның философиясы-гуманизм. «өзіңн ұнамайтыңды басқаға жасама»-дейді Конфуций.
Үнді философиясы Азапты негізге алған. Буддизм соған сәйкес төрт нәрсені баса айтып, шындық деп қарайды. Олар: азап, оның себебі, одан шығу жолы, одан құтылу.
Кейінірек, Шығыс философиясы Антик философиясында талдауын тапты.

Антик философиясы б.з.д УІІ-УІ ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан (Иониядағы) гректің қала – мемлекеттерінде, одан соң Түстік Италиядағы грек қалаларында, сондай-ақ Сицилияның терістік жағалауындағы қалаларда, Грецияның өз ішіндегі Афины қаласында дүниеге келді. Римде философия ІІ-І ғасырларда қалыптасты. Бұл ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Мәдениет дамыды., гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме, тарих, философия, басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Аристофан, Софокл, Геродот, Ксенофонт, Демокрит, Эпикур, Сократ, Платон, Аристотель дүниеге келді. Бұл белгілі дәрежеде қалыптасқан философияның тұрпайы болса да алғашқы кезеңіне жатады. Грек филоссофиясы бірнеше белгілі өкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты.


Фалес б.з.д. 625-547 жылдарда сауда адамы болған. Ол кезеңде Вавилон, Египет елдерін талай аралаған. Көп нәрсе үйренген. Оның даңқы б.з.д. 585-28 мамырда Грекияда Күн тұтылатынын есептеп болжағаны үшін барлық жерге таралды. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Суды салқындатып, мұздатсаң қатты денеге, жылытып, ысытсаң буға айналады. Сусыз тіршілік жоқ. Дүние негізі су деген. Фалестің айтуынша, дүние- жанды құбылыс. «Дүниеде не жүйрік не?», деген сұраққа: «Ой, ол бәрінен жүйрік»,-деп жауап берген. «Дүниеде ең ақылды не?» - деген сұрауға: «Уақыт-деп жауап қайтарған-өйткені ол бәрінің де сырын ашады». «Бәрінен күшті не?» деген сұраққа: «қажеттілік-деген, ол бәріне әмірші», «Ең қиын не?» деген сауалғав :»Өзіңді-өзің тану»-депті. «Ең жеңіл не?» дегенге: «Басқаларға кеңес беру» - деген екен. Осыған ұқсас жауапты көшпелі скифтер өкілі Анахарсис айтқан екен.
Анаксимандр (б.з.д. 610-547 жж.). Оның пікірінше, дүние негізі-су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама-апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін жойылмайтын – апейрон. Анасимандр әлемнің түрлері мен көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келді.
Анаксимен (585-525 дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер тас, от пайда болады ждеп есептді. Ол ауасыз тіршілік жоқ, жан дегеніміз-ауа десе керек.
Гераклит (535-475). Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірінше, дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын ешнәрсе жоқ. Бәрі ағыста, бәрі өзгерісте. Қозғалыс мәңгі. «Мына космос барлық тіршілікке бірдей, оны ешбір Құдай , ешбір адам жасаған жоқ, мәңгі тірі, ретімен жанып, ретімен өшетін от, ол солай болып қала брмек». Гераклиттің ойынша, «дүниедегі барлық құбылыс оттан жаралған, олай болса жан да оттан жаралған Әрбір зат өзінің қарама-қарсысына айналады, Мысалы, суық-жылыға, жылы-суыққа, ылғал – құрғаққа, құрғақ ылғалға айналады. Бір суға екі рет малтуға болмайды. Теңіз суы әрі таза, әрі лас. Балықтарға қолайлы, адамдарға қолайсыз, зиян Олай болса, қарам-қарсылық «бәрінің атасы, бәрінің патшасы» депті.
Парменит (УІ-Уғғ шамасы)- Оның ойынша: бәрі де екі бастамадан-от пен жерден тұрады. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса, еш нәрсе қозғалмайды, жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды. Ол философияға «болмыс» ұғымын ендірді. Парменит бойынша болмасы, көзбен көру, сезім мүшелері арқылы сезуге болмайды. Оны тек оймен тану, білу мүмкін. Оның қанатты сөзі: «болмыс бар, бейболмыс жоқ».
Оның шәкірті болған Зенон (490-430). Ол бірнеше ғажап ойлар айтты. Оның бірі - апориясы. Мысалы, тасбақаны Ахилл қуып жетте алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Ол әрине өмірде олай емес. Бірақ теория тұрғысынан қозғалысты дәлелдей алмаған. Өйткені Ахиллдің жүретін жолын, садақ оғының нысанаға дейінгі аралығын зенон алдымен теңдей етіп екіге бөледі, бөлінген бөлікті тағы екіге бөледі. Ахиллда, садақ оғы да әр уақыта сол бөлінген нүктелерде болуы тиіс. Ал бөліну шексіз болғандықтан, оның шегіне ешқашан жету мүмкін емес. Сондықтан Зенон теория жүзінде Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, ал садақ оғы нысанаға жетпейді дейді. Бірақ зенон қозғалыс пен жүру қашанда үздік пен үздіксіздіктің диалектикалық бірлікте екенін білмеді. Ол «Бірлік көп емес, ол бөлінбейді. Егер бірлік бөлінетін болса, ол-бірлік емес, көптік»-дейді.
Эмпедокл (490-430) диалектика бар жерде антидилектика, метафизика да бар, идеализм бар жерде материализм бар. Эмпедокл – ертедегі гректің ішінен шыққан материалист. Дүниенің түрлі құбылыстарын ол төрт бастамадан шығарады. Олар: от,ауа, су және жер. Түрлі заттар осы бастамалардың қосылуынан пайда болып, ыдырауынан жойылады. Бұлардан басқа екі рухани бастама бар: сүйіспеншілік пен қастандық. Оның айтқан екі болжамы. Бірі –Күннің тұтылуы, Жер мен Күннің арасына Айдың тура келіп, қабаттасуы. Екіншісі – сәуленің әлемде таралуы үшін уақыттың керектігі. Олай болса, сәуленің таралу жылдамдылығы болатыны.
Анаксагор (500-428). Күн – материалдық дене, құдай емес, жұлдыздар – қыздырылған тас. Оны қыздыратын жылдам қозғалыс дейді. Ертедегі гректердің арасынан софистер де шықты. Солардың бірі – Протагор (480-410). Ол «барлық заттардың өлшемі – адам»-деген. Екіншісі – Горгий (483-375). Олар шыңдықты дәлелдеп білудің орнына мәселені құр қызыл сөзбен алмастырмақ болды. Ол былай деді: 1) дүниеде еш нәрсе жоқ,2) егер ол бар блса, оны тану мүмкін емес,3) егер оны тану мүмкін болса, оны пайымдау, түсіндіру мүмкін емес. Горгийдің пікірінше, мәлеле бір нәрсені таныфп-білуде емес, ойлау қажет бәрі соған байланысты келмейді. Диалектика – икемді ойлау әдісі. Икемді ойлаудың екі түрі бар: обьективтік және субиективтік ойлау. Осылардың біріншісі диалектикаға, екіншісі софистерге жатады.
Сократ (469-399) – гректер арасынан шыққан обьективтік идеализмнің негізін салушы. Ол Афиныдағы демократиялық құрлыстың кезеңіне сай келді.Белгілі моральдық принциптерді берік ұстаған Сократ бұл заңсыздық пен қылмыстарды аямай йшкерлеп, жастарды адамгершілік тұрғысынан жаңаша тәрбиелейді. Бұл әрине, ұстем таптарға қауіпті болды. Оны ұстем тап өкілдері оны өлім жазасына бұйырады. Жақын достары Сократқа жазадан құтылуға мүмкіндік жасайды. Бірақ Сократ ол ұсынысты қабылдамайды. Айыпты болсам жазаласын, айыпсыз болсам заңмен бостандық берсін дейді. Бірақ үстем оған кешірім жасамайды. Сөйтіп, сол үкімді Сократ өз қолымен орындап, у ішіп өледі. Оған тағылған айып: а) Афины құдайларына сенбестік тудырған, оған ол «мен құдай емеспін» дейді, б) жастардың Афины демократиясына сеніміне іріткі салған. Бұл айыпқа Сократ басты мақсатым-жастарды өз философиям арқылы тәртіпті өмір сүруге баулу деген. Уақыттың көбін ол пікір таласына, сөз айтысына жұмсаған. «Менің білетінім-еш нәрсе білмейтінім» дейді Сократ. Сондықтан ол «Өзіңді, өзің біліа ал» деген талап қояды. Оның қанатты сөздері: «Мен өмір сүру үшін ішіп жеймін, ал енді бірекулер ішіп-жеу үшін өмір сүреді». Оның идеализмі-әлемді билеуші Құдай деп уағыздайды.
Демокрит (460-360) ертедегі гректерден шыққан тек материалист емес, сонымен қатарол атомистік теорияның негізін салушылардың өкілі. Ол әлем «атом» мен «бос қуыстан» тұрады дейді. «Атом көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді, түссіз, бірақ нақты өмір сүреді» деп уағыздайды. «Атомдар бір-бірінен түрі, қатарлатығы және орны жағынан ажыратылады. Тіпті өмір мен өлім де осылардың қосылуы мен ыдырауына байланысты. Отта атаомдардан тұрады. Атомдар бос қуыс арқылы мәңгі қозғалыста. Зат солардан құралады». Атомдарды сезінуді «видики» деп атады. Оның пікірінше, бір кезде адамдар хайуанша өмір сүрген. «Соларды адам қалпына келтірген – қажеттілік» деп түсіндіреді.
Платон (428-347) – обьективтік идеализмнің көрнекті өкілі., Сократтың шәкірті. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Алғаш идея деген ұғымды философияға енгізген сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиетін сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді.
Идея-ол, біріншіден мәңгі, ол тумайды, өлмейді де, кемімей ді де; екіншіден, ол біртектес, әртүрліллік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді-дейді. Сөйтіп ол идеяны алға тартады. Ол шәкірттерін оқыту үшін акедемия ашьты. Мемлкетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдылықтан арылмайды дейді. Жастарды философиямен айналысуға шақырады. Философ болу үшін таңадана білу керек –дейді ол. Философ дегеніміз – шындықты сүю- дейді Платон.
Аристотель (384-322) Ол – Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы. 50 жасында ол Ликей деп аталатын жерде өзінің мектебін ашқан, содан барып «лицей» атауы шыққан. Аристотельдің философиясы обьективті идеализм болып табылады. Ол дүниені тануға болады және таным адамнан тыс, тәуелсіз өмір сүретін қоршаған дүниенің бейнесі болып табылады.
Аристотель дүниедегі себепті бөліп көрсетеді: материя, форма, себеп және мақсат. Материя - ол тек дамудың мүмкіндігі, ол пассивті, баяу, өзін-өзі қозғауға қабілетті емес. Форма - актив, белсенд, әрбір зат дегеніміз бір түрге келген материа. Форма материяны шындыққа айналдырады. Себеп - не жасасаң, соны жасайтын. Мақсат – барлық нәрсе не үшін өмір сүрсе, сол. Мысалы., үй. Құрылыс материалы - бұл материя, ал салынған үй – мақсат. Жобасы мен архитектурасы – бұл форма. Құрылысшылар мен архитекторлар –себеп.
Материя мен форма туралы ілім кейінгі философиялық ойдың дамуына үлкен әсерін тигізеді. Материя қозғалыссыз., пассивті, ал форма белсенді актив. Мұндай материяның үнемі қозғалыста болуын жоққа шығаратын ілім метафизикалық деп атала бастады. Себебі материя мен форма туралы ілімін көрсететін Аристотельдің кітабы осылай аталады. Белсенділік құдайдан болады; бастысы форма, формалардың формасы – құдай.
Аристотельдің қозғалыссыз материя, белсенді материяға даму жолымен қозғалысқа түседі деген ілімі алғашқы дам теориясы деп аталады. Гегельден бастап өздігінен қозғалуды негізгі ереже етіп танылмаған барлық ілімдер метафизикалық деп атаған.Аристотель ұлы ойшыл. Ол философияның дамуына елеулі әсер етті. Ол логика, этика, психология сияқты ғылымдардың негізін салды. Орта ғасырда Аристотель «бірінші ұстаз» атын алды. Орта ғасырлық философия схолостика, яғни «мектеп» деп атала бастады.
Эпикур (341-270) материалист, атомист. Демокриттің ілімін ілгері дамытушы.Ол атом жөніндегі пікірлерге қосылады. Ол ләззаттың үш түрі болатынын айтады. Бірі-табиғи, өмірге қажет ләззат, екінші – табиғи, бірақ өмірге қажет емес, үшіншісі- табиғи емес, өмірге де қажет емес. Ол осы үшеуінің біріншісін қолдайды.
Теолталықтық. Мұсылман шығысының ортағасыр философиясы.
Құлдық және буржуазиялық қоғам арасында мың жылдай үстемдік құрған феодалдық құрылыс жатыр. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы. Оны схолостика (лат. тілінде shola – мектеп) деп атаған. Қазір схолостика деген ұғым өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз, бекер, жел сөзге үйір дегеннің синонимі. Схолостардың талас пікірі-жалпылық пен жалқылық қатынасы. Философия тарихында бұл талаптарды әмбебеаптар, яғни универсалдар (лат. unuversalia – жаппайлық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп аталады. Мұны шешудің жолдары айтылады. Біреуі - жалпы ұғым- әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық деп түсіндіреді.
Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған екінші пікір, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал адам деген жалпы атау-ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады (лат. nomina – нақты атау). Реализм өкілдері – Альберт фон Больштедт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймунд Лулли.
Томас Аквинский (1225-1274) ұлы схоласт. Аквинский және барлық схоластар космостың кіндігі жер болып табылады деген. Грек геометригі Птоломейдің олар геоцентризм жүйесін мойындады. Гея деген жер құдайы. Гелиос грек мифтерінде күннің құдайы. Птоломейдің айтуынша жерді айналатын Күн мен Ай және 5 планеталар. Бүкіл дүниенені құдай адам үшін жаратты.
Аквинский өз кезіндегі діни және саяси тәртіптерді дұрыс және құдайға лайықты деп есептеген. Құдайға қарсы адамдарды өлтіру керек деген. Аквинский философияның пәні білімдердің жиынтығы деп есептеген. Философия адам ақыл-ойымен бір бөлшек болғандықтан, құдай туралы ілімнен (теологиядан) төмен тұрады. Теология – құдайдың өзінің ақыл-ойының сферасы. Құдай дүниені жоқтан жаратты. Материя қозғалыссыз, ол тек мүмкіндік. Форма белсенді. Ол материяны ақиқат етеді.
ХУ ғасырға қарай схоластика өлі теорияға айналды, ол бос сөздікпен уақыт өткізеді. Сол кезеңнен бастап, схоластиканың екі анықтамасы пайда болды. Аристотельдің мектебі есебінде және өмірден оқшауланған ілім ретінде. Схоластикаға тән белгілер: дінге бағыну, идеализм, формализм, жалған аскетизм. (Аскетизм деген – «өмірдің рахатынан бас тарту» деген сөз).
Реалистерге кері бағыт ұстаған номиналистер. Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері: Роджер Бэкон (1214-1292), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Уразмский (1313-1382). Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Уильям Оккам. Әмбебаптар – олар үшін тек белгілер (терминдер) бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады – деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады. «Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, білу қажет»- деді.
Схоластика мен дін қағидаларын сынаған ғалым әрі ақын Омар Хайям (1048-1123) өмір сүрді.
Ертедегі Қазақстан жерінен шыққан Әл-Фараби (870-950) философ, энциклопедист, Аристотельдің ірі талдаушысы. Оны «екінші мұғалім» деп атаған. Философияда ол идеалист болды, құдайлық, тәңірлік ақыл мен жанның мәңгіліктігі, өлмейтіндігі туралы үйретті. Біреуі-жалпыға бірдей-біреуі – нақты денемен байланысты, жеке екі жан бар деген,. 6 негізгі ережесі бар олар: құдайлық, аспан сфералары, белсенді интеллект, жан, форма, абстракт, материя. Философиялық білімді басты деп есептеді. Дүниеде космостық ақыл бар, оны белсенді ақыл деп те атауға болады.
Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) (980-1037). Бұхарадан шыққан, тәжік отбасында дүниеге келген. Ол феодализм дәуірндегі Иран мен Орта Азиядан шыққан көрнекті философ.
Материя – мүмкіндік, құдай қажеттілік, ал дүние – шындық. Құдай дүниенің себебі сияқты мәңгілік, дүние нәтиже сияқты мәңгілік. Жан өлмейді және материалдық емес. Бірақ қайтыс болғаннан кейінгі дүние физикалық мағынада емес, рухани мағынада өмір сүреді.
Ибн-Рушд /Аверроэс/ (1126-1198) Корды халифатында /Испанияда/ туған. Ол философ, дәрігер, заңгер болды. Оның замандастары айтқан еді: «Аристотель табиғатты түсіндірді, ал Ибн-Рушд Аристотельді түсіндірді». Ол Аристотельдің ілімін жоғары жетістік деп жариялады, онда ешбір толықтырулар мен түзетулердің қажеті жоқ деп ойлаған.
Ол тек форма ғана емес, материяда белсенді деп үйретті. Себебі форма материяныың өзінде жатыр. Қозғалыс мәңгі және жоғалып кетпейді. Дүние шексіз және оны ешкім жаратқан жоқ. Екі ақиқат бар: дін тобырға керек оны тізгіндеп ұстау үшін, философия таңдаулалылар үшін керек. Жанның мәңгілігі, өлмейтіні дінге қажет, ад философияға ол керек емес.
Ол ХІІ ғ. Араб философиясының тарихындағы ең соңғы ірі философ. Әрі қарай мұсылман әлеміндегі философияның дамуына ислам дінінің билеушілері кедергі жасады.
Ислам – дүниедегі ең ірі әлемдік діндердің бірі. Оның негізін салған – Мұхаммед пайғамбар /570-632/. Араб елдерінде философия мынандай төрт бағытта болды: 1) «таза ағайындылар» ілімі,2) Шығыстың перипатетизмі. Өкілдері: Закария Рази /864-925/, әл-Кинди /800-870/, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина, Ибн-Рушид, 3) Суфизм /софылық ХІ-ХІІғғ./
Түркістанда өмір сүрген Ахмет Иассауи софылықтың ірі өкілі болған. Софылық - өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікке, дүниеқоңыз болып, арын сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық-зомбылығына, харам іс-әрекеттеріне наразылық көрсетіп, оларды Құдай жолынан ауытқығандар деп, өздері оларға қарсылық ретінде рахаттан безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың діни бағыты.
Пантеизм. Жаңа дәуір философиясы. Эмпиризм және рационализм (Ф. Бэкон, Р. Декарт)
ХУ ғасырда басталған бұл дәуір философиясы қалыптасуына Шығыс пен батысты байланыстырып келген жібек жолының Шыңғыс хан басшылары Орта Азия, Тая шығыс, Шығыс еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойғаннан кейін, Батыстың шығысқа басқа жол іздестіру мұқтаждығына сай ашылған жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды.
ХУ ғасырдың яғында өндірістің, суданың, әскери құралдардың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының математиканың дамуына себепші болды. Ал қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жағдайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан процестерді және адам табиғатын түсініп білуге жол ашты.
Қайта өрлеу кезеңі философиясының гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады.
Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі /Николай Кузанский, Пико Делла Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б./ адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытта дүниеге әкелсе, екіншісі /Николай Макиавелли, Томас Мор, Томаз Компанелло/ адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады, ал үшіншісі /Н. Коперник, Д. Бруно, Г.Галилей/ табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйене түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына әсер еткен, революциялық жаңалықтар ашты.
Пантейзм – (гр. Pan – бәрі және tcheos-құдай) – құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен барабар бейқам бастама дейтін философиялық ілім. Пантейзм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Бұрын пантейзм деген желеумен көбінесе табиғатқа материалистік көзқарас көрініс тапқан болса (мыс. Бруно және Спиноза ) қазір ол дүниенің құдай арқылы өмір сүруі туалы діни-идеалистік теорияға айналды және ғылымды дінмен жақындастыру әрекеті болып табылады.
Эмпиризм және рационализм (Ф. Бэкон, Р. Декарт)
Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстар қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, оптика, механика, геометрият.б. ғылымдар саласында қол жеткен табыстар табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда меаникалық көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырады. Философияда механикалық көзқарастың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл, ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін салушы – Френс Бэкон /1561-1626 жж/ еді. Ол лордтың баласы. 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрды. Ф. Бэкон - материалист, сондай-ақ ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, схоластикаға, дінге, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. «білім-күш», «Күш-білімде» деген қағидаларды насихаттады. Ол: «Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады»-деді. Ф. Бэкон эмпириктер мен рационалистердің сыңаржақтылығын сынады. Ғалым құмырсқаға да, өрмекшіге де ұқсамауы керек, ол өсімдіктер гүлінен нектар жинап, оны балға айналдыратын ара іспеттес болуы керек. Ол теория мен практиканың бірлігін жақтады. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына оң ықпал жасады.
Томас Гоббс /1588-1679/ Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың негізін қалады. Оның пікірінше, обьективтік шындық дегеніміз деенелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды. Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат). Сондықтан геометрияда ең басты тәсіл ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі-есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, бөлу).
Барлық денелер әлем себептілікке байланысты болғандықтан, жігер де, себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан қажеттілікке байланысты еркін бола алады.
Джон Локк /1602-1704 ж.ж/ ағылшын философ, психологы, педагогі. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасады дейді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады:
1) адамда «туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжіри арқылы пайда болады;
2) адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады;
3) ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе – түйсік.
Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну және ішкі рефлексия (өзін-өзі бақылау) деп екіге бөлінеді.Сыртқыы түйсінудің қайнар көзі – сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлекцияның негізі – адамның өз көңіл-күйін іштей сезінуі, қиналу мен мақұлдауы.
Рэне Декарт /1569-1650 ж.ж/- француздың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «бірінші философия туралы метафизикалық ойлар», «Философия бастамасы».
Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық-«күмәндануды» ойлаудың қабілеті екендігін мойындау. «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік берді: біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесініңөзінен табуға ұмтылады; екіншіден, оны мәнділіктің екі субстанциясы (түпнегіз) бар екенін мойындауға апарады. Декарттың пікірінше, бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат( өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) – ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты кеңістікте көсілуі.
Бенедикт Спиноза /1632-1677/ - Голландияның көрнекті философы. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында дүниеге келген. Ол екі кітап қана қалдырып үлгерді. Бірі-«Діни-саяси трактат» /1670/, екіншісі – «Этика» /1675/. Спиноза «бір ғана субстанция бар ол – табиғат» деді. Табиғат бір жағынан жаратушы –күш, екінші жағынан, жаратылған құбылыс деп уағыздады. Жаратылыстан жоғары ешқандай нәрсе жоқ. Табиғаттың өмір сүруі үшін ешнәрсенің керегі жоқ. Өйткені табиғаттың өзі-Құдай деп түсінді. Бұл пантейстік пікір еді. Табиғат мәңгі, шексіз. Ол өзіне-өзі себеп және салдар, мән және мағына, ол санадан тыс өмір сүреді. Сана оның атрибуты деді.
ХУІІ ғасыр тек материалистерді ғана дүниеге келтірген жоқ, сонымен қатар идеалистер де болды. Олардың өкілдері - Готфрид Вильгельм Лейбниц /1645-1716/. Ол физик, математик, тарихшы, тіл ғылымын зерттеуші, құқық маманы. Оның еңбегі – «Монадология». Бұл еңбектегі бәріне күш беретін, оларды қозғайтын рухани күш – монада, яғни рухани атом деген пікірді негіздеді. Әрбір жеке монада - әрі жан, әрі дене дейді. Сана – монаданың сыртқы көрнісі. Ол формальды логикаға математика символдарын енгізуді ұсынды, соның ішінде бастыларының бірі – математикалық модель. Сондай-ақ ол формальды логиканың төртінші заңы – «жеткілікті негіз заңын» ашқан еді.
Беркли Джордж /1684-1753/ ағылшын философы. Негізгі еңбегі-«Танымның бастамасы туралы трактат». Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық денелер болса, олар құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және меннің» түпнегіздері. Адам үшін нағыз обьективтік шындық- біздің санамыздағы құдіреттің белгісі «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларға айна алу. Қозғалыс деп жүргеніміз – құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы.

ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар өзінің ағартушыларын да туғызды Олар – П. Гассенди /1592-1655/, Вольтер /1694-1778/, Жан-Жак Руссо /1712-1778/, И.В. Гете /1749-1832/. Олардың пайда болуына ең алдымен капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның дамуы және олардың адам санасына үстемдік құрған діни идеология қарсы шықты. Олардың басты мәселелрі – адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері еді.


Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған тарихшы, дипломат, философ, ағылшын Ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілі Давид Юм /1711-1776 жж/. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «діннің табиғи тарихы», «табиғи дін туралы пікірлер». Юм ешқандай түпнегізді /субстанция/ мойындамайды. Себебі ол шын мәніндегі түпнегіз емес, тек идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін обьективті шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, Құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегендік сияқты қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Тәжірибенің өзі, Юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын әсерлердің үздіксіз қимылы. Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әрекеттену» - өзіне себептілік инстинктінің көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм обьективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім әсерінен туындаған идеяларды субьективті себептілік ретінде мойындайды.
Ағарту білімнің суаттылықтың тарихтарын, кең тарылуын білдіреді. Философиядағы ағарту әлемге, дүниеге ерекше қатынасты, идеологиялық ағымды білдіреді. Бұл рационалистік дүниетаным. Рационалистер бірінші орынға ақыл, ойды қойды. Ағартушылар қоғамыды білім тарату, сауаттылықты көтеру жолымен өзгерткісі келді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізгі себебі ретінде олар дінді, сауатсыздықты, рухани қараңғылықты атап көрсетті.
Вольтер, шын аты Франсуа Мари Аруэ /1694-1788/. Негізгі шығармалары: «Тарих философиясы», «Философиялық повестер мен әңгімелер», «эстетика», «Хаттар».
Вольтердің өткір шығармалары арқылы ағартушылық идеясы толық қалыптасып, барлық Европа елдерінде тарады. Өз шығармаларында ол феодализмнің келеңсіз жақтарын және діннің қағидалары мен уағыздарын келеке етіп, сынға алды. Бірақта құдайдың бар екен мойындайды, бірақ ол жоқты бар ете алмайды, ол тек табиғаттың алғашқы қозғаушы күші ғана, табиғат, қоғам әрі қарай өз заңдылықтарынмен дамиды. Вольтердің пікірінше, адамзат тарихы, адамзаттың прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы. Осы тұрғыдан адамзат үшін мәдениеттің құндылығын баса көрсетті.
Монтеське Шарль Луи - /1689-1755/ құқық және тарих мәселелсін философия тұрғысынан қарастырған француз ойшылы. Оның еңбектері: «Фарсылық хаттар», «Римдіктердің ұлылығы мен күйреуінің себептері туралы пікірлер. Ол әр халықтың және елдің заңдарын, саяси өмірін, олардың табиғи және тарихи жағдайларының ерекшеліктерінен деп түсіндіреді.
Заңдар – табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи заңдарға әр елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа райы, жер реңі) қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. Бұл заңдылықтар мәңгі өзгермейді. Осы заңдылықтар негізінде өзгермелі қоғамдық заңдар қалыптасады.
Руссо Жан Жак - /1712-1778/ француз ағартушылығы ағымының шеңберінен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы және философ. Еңбектері: «Теңсіздіктің себептері туралы», «Қоғамдық келісім туралы», «Эми немесе тәрбие туралы»

Егер Вольтер адамзат тарихын оның прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы десе, Руссо мәдениет прогресімен қатар әдептіліктің құлдырауы сәйкескеліп отырады дейді. Себебі қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың қайнар көзі болғандықтан, адамгершіліктің, мінез-құлықтың азғындауына әкеліп соқтырады.


Теңсіздік – мәңгі әлеуметтік құбылыс емес. Алғашқы қоғамдық қоғамда теңсіздік болмаған, себебі жеке меншік болған жоқ, сондықтан барлық мәселе адамгершілік тұрғысынан шешілді. Кейінірек, өндірістік құралдардың жетілуі мен жоғары сатыға көтерілуіне жеке меншіктің, ал ол – теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.
Атышулы француз «Энциклопедиясын» /1751-1788/ шығару барысында, сол кездегі табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенген бір топ ойшыл ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары қалыптасты. Олардың ілімдерін жалпы «энциклопедистер ілімі» деген атпен қарады. Негізгі өкілдері мен еңбектері: Дени Дидро /1713-1784 ж.ж «Рамо жиені»/, Жюльен Офре де Ламетри /1709-1752 жж. «Адам-машина»/, Поль Анри Дитрих Гольбах /1723-1789 жж. «табиғат жүйесі»/, Клод Андриан Гельвеций /1715-1771 жж. «Адам туралы»/.
Энциклопедистердің пікірінше, әлемнің түпнегізі – табиғат, материия. Оның негізгі қасиеттері: кеңістікте көсілу, салмақ, бірлік, түр, қозғалыс.
Материяның кейбір түрлеріне белсенділік тән болса, кейбіреулеріне енжарлық тән.
Кеңістік пен уақыт бір-бірімен тығыз байланысты және олар материяның негізгі қасиеттері. Ал қозғалыс болса, ол материяның өмір сүру тәсілі. Денелер үздіксіз қозғалыста болады, тыныштықтың өзі де қозғалыстың бір түрі. Олар қозғалысты механикалық қозғалыс тұрғысынан қарастырады. Сезімдік түйсіну – барлық денелерге тән. Олай болса, табиғаттың өзінде түйсіктерге ұқсас қасиет бар. Ал сана сезімдік түйсіктер бар денелер жоғары дәрежеде материяның түрінде болады /Гольбах/.
Дүниеде себепсіз ештеңе болмайды, керек десеңіз кездейсоқтықтың өзі де себептіліктің бір түрі. Өзгеріс, даму – жай ғана көбею, пайда болу, жеделдету, бәсеңдету. Ада мен қоғам осылай дамиды. Дүниедегі өзгерістердің барлығы таза механикалық заңдылықтарға бағынады. Мысалы, жануарлар, адамдардың өздері де жаны бар машиналар.
Адам – табиғаттың бөлігі болғандықтан олардың өздеріне тән табиғи құқықтары бар. Олар - өмір сүру, меншік иесі болу, бостандық құқықтары.
Классикалық неміс филсоофиясы. ХУІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында философия кеңінчен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңдерді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Бұл кезеңді бастап берген И. Кант /1724-1804/ болса, оны Людвиг Фейербах /1804-1872/ философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Георг Вильгельм Фридрих Гегель /1770-1831/ философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: Иоганн Готлиб Фихте /1726-1814/, Фридрих Шеллинг /1775-1854/.
Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: сынға дейінгі кезең /1770/ мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И. Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» /вещь в себе/ және «біздің зат» /вещь для нас/ деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Ол сонымен бірге субьективтік идеалист, дуалист. И. Кант философиялық категориялар бастамаларын анықтады. Ол философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу.
Еңбектері: «Таза ақыл-ойды сынау», Практикалық ақыл-ойды сынау» Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін. Кантты «сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп екі кезеңге бөліп қарайды. Сыни кезеңге дейінгі канттың Күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғадығы туралы идеясы тек астрономияға қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық-әдістемелік маңызы бар жаңалық. Біріншіден, қозғалыс-материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы күштердің арасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбылыс. Екіншіден, осы күштердің әсерінен әртүрлі әлемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып жатады. Демек, әлемдегі денелер жүйесі, өзара әмбеббаптық байланыста болады.
Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады. Олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері туралы деректер береді. Мысалы ( қазір қар жауып тұр. Канттың таным процесі үш сатыдан өтеді: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой. Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім-мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері –кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.
Танымның келесі сараптаушы парасат сатысында – априорлы категориялар себептілік, сан, қажеттілік арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған білімді трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық таным дегеніміз таным процесінің заттың өзін емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай шамаға дейін біле алатындығы. Танымның үшінші сатысы – трансценденттік танымда-таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, «өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады да шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға( тап болады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па, деген сұрақтар антиномияларға толы Шүбәсіз императив бойынша қажетті игіліктерге, бақытқа жетуге ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның іс-әрекетін әдепті қылмайды, керісінше, қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлап, өз міндетінді өтесең, сол әдепті іс болып саналады. Канттың этикалық ілімімен оның эстетикалық көзқарастары ұштасып жатыр. Ол эстетикалық көзқарастың негізі ретінде көркемдік, маңыздылық және даналық ұғымдарын қарастырады.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель /1770-1831/ – классикалық неміс философиясының көрнекті өкілі, обьективтік идеалист. Ол өзінің «барлық ақылға сиятын нәрсе –шындық, барлық шындық ақылға сыяды. Деген қағидасын И. Фихтеден алып дамытты. Негізгі еңбектері: «Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы», Құқық философиясы», «Философия тарихы туралы лекциялар», «Тарих философиясы туралы лекциялар».гегель философиясының жүйесі үш бөлімнен тұрады: а) логика,б) табиғат философиясыб) рух философиясы (феноменология). Оның философиясының басты мәселесі- әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниеден бұрын пайда болдандығы. Ол өзінің «Логика» деген еңбегінде баяндайды. Абсолют – құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне тең болады. Абсолюттік идея-нағыз шындық, болмыс және барлық материалдық денелердің түпнегізі және мәні. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол таза ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиеттердің арқасында ол жай ақыл-ой болмайды, материалдық денелерге айналады.таза ақыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әртүрлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әртүрлі даму сатысына саяды деп тұжырымдайды. Гегель бойынша даму процесі, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис /нақтылау/, антитезис /нақтылауды теріске шығару/ және синтез /терістеуді-терістеу/. Мысалы, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, күйреуі-антитезис, ал күйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір жаңа материалдық денелерге айналуы – синтез болады.
Людвиг Фейербах – 1804 жылы Ландсгутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы 100 жылғы созылған идеалистік, діни көзқарастытың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан-ашық материалиспін деп жариялады. Еңбектері: «Христиан дінінң мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын». Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған орынсыз кешірімі болатын.
Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арсының алшақтығын жойды, Фейербах болмысты – бастауыш, сананы - баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдік жасайтын құбылыстардан тұрады деп жазды ол. Табиғат мәңгі шексіз..
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
ХІХ ғасырдың ортасында буржузиялық революциялар артта қалып Европа елдерінің көпшілігінде капитализм өз негізінде жедел қарқынмен дами бастады. Тарихи арнеаға жаңа әлеуметтік топтар: буржуазия және жұмысшылар келді. Бұл кезең жас буржуазияның капитал қорын жасау жолында қоғамда қалыптасқан дәстүр, әдет-ғұрып, әдептілік қағидалары сияқты әлеуметтік құбылыстарды мойындамай, байлыққа қалай жетсең де өз еркің деген принципті басшылыққа алған кезең еді.
Бұл бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең, адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған, жетілген, ғылыми екшеленген кезеңі болды. Бұл кезең Карл Маркс /1818-1883/ пен Фридрих Энгельстің /1820-1895/ есімдерімен аталады.
Маркстің философия дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан экономиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі адамды қана мен эксплуатациялау механизімін ашуында ғана емес, бөлектенудің экономикалық формаларын да айқындауында еді. Л. Фейербахтың діни бөлектену туралы идеясымен келісіп және оны қабылдай отырып, К. Маркс оны капитализмдегі жалпы бөлектенудің бір қыры деп санады. К.Маркстің пікірінше, капитализм жағдайындағы бөлектенудің ең жалпылама формасы экономикалық бөлектену болып табылады. Бөлектенудің бұл формасын тек революциялар мен онан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар арқылы ғана алып тастауға болады. Нәтижесінде заттану мен бөлектену алынып тасталынған соң әрбір адам өзін еркін, саналы және шығармашылық қалыпқа айналдырады.
Маркстің философияның тағы бір жаңалығы еңбекті эпистемологиялық ұғам ретінде негіздеуінде. Еңбек арқасында және нәтижесінде адамдар ойлауға, тануға қабілетті болады, ал таным үрдісінің өзі белсенді шығармашылыққа айналады.
Ф. Энгельс /1820-1895/. «Маймылдың адамға айналу үрдісіндегі еңбектің рөлі», «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі/1884/» деген еңбектері. Ф. Энгельс өзінің соңғы еңбегінде қоғамдағы отбасы мен әйел статусының меншік формалары мен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырағанын дәлелдеуге тырысады.
Ф. Энгельс табиғат диалектикаы, болмыс субстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды, материя қозғалысы формаларының классификациясын, материя артрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды («Анти Дюринг», «табиғат диалектикасы.) Оның пікірінше, диалектика - бұл табиғаттың, қоғамның және адамзат ойлауының жалпы байланысы мен даму туралы ілім. Диалектикалық даму – бұл материалдық үрдістердің, қоғамдық жүйелердің, теориялық идеялар өзгерісінің күрделі, қайшылықты, үделі үрдісі. Сонымен, бүкіл әлем-бұл өзгерістер мен алмасуларының үнемі және шексіз үрдісі, ал осы өзгерістерініңқайнар көзі қарама-қайшылықтардың күресі болып табылады. Энгельстің ойы бойынша, диалектика оның қандай екендігі (онтология), қалай ол танылатындылығы және санада бейнелеу формасына (таным теориясы мен даилектикалық логика) қарай даму туралы ілім болып табылады. Диалектика философияның үш бөлімінің тұтастығы болып табылады: онтология, гносеология және диалектикалық логика. Диалектикалық логиканың өзі дамушы теориялық ойлау заңдары туралы ілім. Ал теориялық ойлау адамның практикалық әрекетін идеалды-шығармашылық және сыни тұрғыда қайта қалпына келтіру болып табылады. Марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, бейнесі түстін обьективтік нақтылық деп тұжырымдайды (Ф. Энгельс, В.И. Ленин). Шын болмыс материя ғана. Оның өмір сүру түрлері – кеңістік пен уақыт. Кеңістік ұғымы заттардың бір-бірімен қатар және бөлек өмір сүруі, олардың бір-біріне қатысты орналасы тәртібі болса, уақыт – материалдық процестер өрістеуінің жүйелілігін, бір-бірінен бөлек екенін, олардың ұзақтығын және дамуын сипаттайтын ұғым. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыс болмайды (Жатсындыру» идеясын бұрын гегельде таза рухани акт болса, Фейербахта діннің адамды нақтылы өмірден жат болуы қарастырылса, маркс ондай жатсындыруды екінші қатардағы құбылыстар, ал шын мәніндегі жатсындыру – ол экономикалық жатсындыру немесе «жат болған еңбек» деп тұжырымдады. Бұл еңбекті маркс төрт қырынан қарастырады. 1) жұмысшыларөндірістік процесс кезінде табиғи материалды пайдаланды, өнім алады. Бірақ табиғи материалдар да, еңбектің жемісі оған тимейді, жат болады, себебі алғашқысы – еңбек құралы ретінде, кейінгісі - өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің билігінде болады. Сөйтіп, олар жұмысшыны өзіне бағындырады. 2) еңбек процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкінгі болмаған кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мәжбүр болады. Ондай еңбектен ол ешқандай ләззат ала алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында, өзінің, еңбектен бос уақыттағы жауарлардікі сияқты мақсат-мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкін алады. Ал оның негізі адамдық ерекшелігі – еңбектену, одан ләззат алу қасіретке айналады. 3) еріксіз еңбек жұмысшыдан оның әулеттік өмірін тартып алады. Дұрыстығында, адам әлеулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс жұмысшы үшін жалпы адам әлеулетінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың құралына айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғаьтқа өзіне жат, қауіпті құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан» әулетті өмірдің» адамдық мәнінің жат болғандығы. 4) еріксіз еңбек адамдар арасында бірін-бірі жатсынуды тудырады. Бір жағынан, жұмысшылар еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан, олардың еңбегінің нәтижесін иемдегендер де оған жат. Осындай жат болу тек жұмысшыларға ғана тән емес, ол капиталистер арасында да болатын құбылыс.
Жатсынудың экономикалық негізі – жеке меншік.Ал, қоғамдағы басқа құбылыстар (діни, құқықтық, саяси жатсынулар) осы заңдылыққа бағынышыты.
Қазіргі заман философиясы. ХІХ ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өріс алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық тұжырымдалардың қалыптасуына үлкен әсер етті. Сезімдік түйсінуді немесе ақыл-ойды өз тұжырымдамаларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер, интуция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған табынған жаңа философиялық бағыттар болды. Осы ағымдардың көрнекті өкілі – неміс философы Шопенгауэр Артур /1788-1860ж.ж/ Оның еңбектері: «Әлем-жігер және елестету ретінде», «Табиғаттағы жігер туралы», «Афоризмдер мен максималар».
Шопенгауэрдің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше Фридрих /1844-1900/ ары қарай дамытып, өзінің «билікке ұмтылған жігерә деген концепциясын құрды. Оның еңбектері. «музыка рухынан трагедияның туындауы», «Заратуштра осылай деген», «билікке ұмтылған жігер».
Ницшенің пікірінше, өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес, жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы басты себептердің бірі. Осы тұрғыда ол өз концепциясының негізі етіп дарвиннің «өмір дегеніміз күрес» заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамытып, ол өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Осы концепция негізінде ол жоғарыға дәрежедегі биологиялық тип – «аса күшті адам» идеалын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, өмірдің қиыншылықтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады
Ницшенің ілімімен үндес және сабақтас ілімді австриялық психиатр-невропотолог, ақыл еместіктің өкілі философ Зигмунд Фрейд /1856-1939жж/ ұсынды. Оның еңбектері: «Түсті жору», «Күнделікті өмірдің психопатологиясы», «Психоанализ туралы».
Ол философияда психоанализ ілімінің негізін салды. Бұл ұғым гректің екі сөзінен «psyhe» - жан, «Anaiycis» - шешім туындаған. З. Фрейд сананы мүлде жоққа шығармайды. Сананың көмегімен әрбір жеке адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің «мен» екенін пайымдайды. Ол тағы да екі түрлі сана құрылымын мойындайды: бірі – «шектен тыс мен» (superego), екіншісі – «ол» (id) саналы еместіктің микродүниесі. Санасыздық пен саналық бірге жүреді, айырмашылығы жарық пен қараңғылық секілді. З. Фрейдтің пікірінше, классикалық неміс философиясы сананы көтеремін деп, ақылсыздықты бүтіндей өмірден сызып тастады. Мәселен баян тартып отырғанда оның түймелерін, не домбыра тартқанда пернелерін адам ойлап баспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет