Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет4/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

Міндеттері -
студенттерге өзін-өзі тану ғылымының негізгі 
ұғымдарын, 
адам 
дамуының 
негізгі 
факторларын, 
рухани-
адамгершілік құндылықтардың жеке тұлға бойында қалыптасуы 
ерекшеліктерін меңгерту. 
Өзін-өзі тану пәнінің базалық мазмұнын анықтаудың негізгі 
бағдарлары болып: 
-
адамның 
қабілеттерін 
ашуға 
және 
оның 
физикалық, 
психикалық, 
рухани, 
әлеуметтік 
және 
шығармашылық 
әлеуеттерін 
үйлесімді 
дамытуға 
бағытталған 
рухани-
адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты; 
-
жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуді; 
-
өзін, өзгелерді және өмірді түсіну дағдыларын қалыптастыруды; 
-
шешім қабылдау барысындағы жағдаяттарды бағалауды; 
табиғаттың 
сақталуын 
және 
адамдардың 
жақсы 
тұрмысын 
қамтамасыз етеді. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам 
дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық 
деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай 
білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді 
қамтамасыз ету. Өмірде адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын 
ұстауға тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек 
арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге 
рухани көзқарас қалыптастыру болып табылады. Әр адамның өзін-өзі 
рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, 
өздігінен оқуға ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзіне есеп бере отырып, ғасыр 
дертіне 
айналған 
кеселді 
заттар 
мен 
бойындағы 
келеңсіз 
қылықтардан арылып, өзін жаңаша тәрбиелеуге жол ашады. Бұл 
орайда адамның дамуына негіз болатын тұлғаның өз бойындағы 
рухани – адамгершілік құндылығы бұл біріншіден жеке басының 
ақылдылығы, мінезі, адами қасиеттері әсер ететіндігін түсіндіреді.


5
Жоғары білім беру – бұл қоғам мүшелерінің, жеткіншек 
ұрпақтың адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуының жоғары 
деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың 
үздіксіз процесі. 
Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік, 
саяси жағдайға көшуі білім беру жүйесіне, соның ішінде жоғары 
білім беру жүйесінің құрылымына өзгерістер енгізуде. Елімізде 
қалыптасқан 
нарықтық 
қатынастарға 
байланысты 
республикамыздағы жоғары оқу орнын бітіруші мамандардың 
сапасына жаңа талаптар қойылуда.
Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы» заңында «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді 
алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу 
ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және 
дүниежүзілік 
құндылықтарды 
қабылдауға 
қабілетті, 
рухани 
адамгершілік 
мүмкіндігі 
мол 
тұлғаны қалыптастыру 
болып 
табылады» деп атап көрсетілген. Соған орай жаңадан ғылым 
жүйесіне енген өзін-өзі тану пәнінен оқу-әдістемелік құралдың
дайындалуы қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді 
дамыту» тұжырымдамасы білім берудің мақсат-міндеттері мен 
мазмұны 
ізгіліктік 
рухани-адамгершілік 
пен 
демократиялық 
идеяларға 
негізделген 
мемлекетіміздің 
білім 
беру 
саясатын 
айқындайды. Аталған идеяларды жүзеге асыру ЖОО-ындарында оқу-
тәрбие үрдісіне жаңа талаптар енгізу негізінде жетілдіру, оған 
құрылымдық, мазмұндық тұрғыдан өзгерістер енгізу арқылы мүмкін 
болатыны белгілі. 
Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатын 
сақтай отырып, білім беруді ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды 
жеке тұлғаның жалпы азаматтық құндылыққа белсенділігін 
арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар 
аударылуда.
 
Осыған орай бүгінгі педагогика ғылымы қоғамдық 
дамудың объективті заңдылықтарына жүгіне отырып, қоғамдық 
ілгерлеуге қызмет ету қажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы 
құндылығы деп тануды өз міндеті деп санайтын «Өзін-өзі тану» пәні 
жеке тұлғаның дамуы мен жетілуіне негіз болады. 
Бұл басылымға дайындалып отырған өзін-өзі тану пәнінен 
дәрістер жинағы бірнеше жылдар бойындағы ғылыми зерттеу 
нәтижесінде жинақталған дүние жүзі бойынша ғұлама, ойшыл, ұлы 
педагогтардың зерттеулерінің негіздеріне сүйене отырып, Қазақстан 
Республикасының Білім және ғылым министрлігінен шыққан «Өзін-
өзі» тану типтік бағдарламасының негізінде құрастырылып отыр.


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет