Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


І ТАРАУ. Бақыттың кілті өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

І ТАРАУ. Бақыттың кілті өз қолыңда 
 
№1 Дәріс 
 
Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі. 
Жоспары:
1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік
2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік. 
3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні. 
1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі 
тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз 
немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде 
Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық 
ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын 
өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін 
бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын 
және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты 
өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен 
аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан 
айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің 
құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” – 
деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты.
Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның 
шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, 
адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі 
заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе 
ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі 
көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей 
отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі 
үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның 
қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның 
өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, 
өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға 
мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды. 
Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық 
сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, 
рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол 


7
табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім 
ұстайтындығын сипаттайды. 
Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, 
қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек – 
басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін 
ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей 
келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның 
ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік 
еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы 
қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, … “бір халық екінші 
халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және 
тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, 
әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор 
мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше 
көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, 
мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына 
тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті 
болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары 
болатындығын дәлелдейді. 
Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның 
ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру 
бағытында көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. 
Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А. Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор 
Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. 
Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. 
Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану ілімінің философиялық негізін 
қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г. Соловьева өз еңбектерінде
ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа 
лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен 
үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ 
ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру 
міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева атап өткендей «үлкен 
өзгерістер» басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың біліктілігін 
көтеру семинарында сөйлеген сөзінде …Білім беру жүйесі тұлғаның 
өзін-өзі тануына «Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - 
қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез-
келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек?» деген 
сұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің 
мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін 


8
сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді» - деп саралап 
өтті.
Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды 
танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық 
дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-
өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған
жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының 
нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік 
берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.
Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші 
мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” 
позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген 
гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен 
тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда
дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін-
өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл 
процесте қажетті көмек бере алмайды.
Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы 
үйлесімділігіне, 
әсіресе 
оның 
“Менінің” 
көтеріңкілігіне, 
позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының 
сипаты 
мен 
өз 
бойындағы 
рухани-адамгершілік 
құндылық 
бағдарының 
мән-маңызы 
оның 
академиялық 
жетістіктерінің 
маңызынан кем емес. Қазіргі уақытта жоғары білім берудің кредиттік 
жүйеге көшірілуі оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар жаңа 
технологияларын ендіру негізінде білімді шығармашылықпен 
меңгеруге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі 
жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы 
орынға шығарылып отыр.
2. Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-Адам. 
Адамның қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде 
адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы «Адам-Қоғам», 
«Адам-Әлем» қатынасының адамның дүниеге деген көзқарасы 
қандай 
ұстанымдарға, 
принциптерге 
арқа 
сүйетінінен 
құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын 
көреміз.
Әлемді рухани-адамгершілікті игеру процесі барысында адам 
болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған 
ортадағы 
заттар 
мен 
құбылыстар 
тұлғаның 
сезімдеріне, 
қызығушылық ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше 
эмоциональдық реңкке ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның 


9
әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, 
қоршаған дүниедегі заттарды, сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік т.б. 
тұрғысынан 
бағалап, 
адамгершілік 
құндылықтар 
арқылы 
қарастыруымен сипатталады. 
Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден 
бастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі 
рухани-адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік 
ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму 
деңгейін бейнелейтін құрлымдық элемент. Рухани құндылықтың 
сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі
өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары 
арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами 
қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік
сезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы 
туыстық, 
достық 
қарым-қатынасымен 
бірігу 
идеясымен 
ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің 
бойында белгілі бір эмоцияларды –қуану, сүйсіну, таңдану, табыну 
т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның 
ішінде ең жоғарғысы – қасиеттерге табыну бала кезден, ана сүтімен 
бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, 
мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде 
орнығып, кезеңге сай дамып отырды. 
Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, 
саралап қабылдайтын бұл - адам санасы. Адам санасында бірінші 
құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік 
оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз 
алдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. 
Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау 
алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар 
адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс 
тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып 
отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами 
қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп 
келген. 
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты адамгершілік адами 
құндылықтарға жалпы сипаттама беріп, оның өмірдегі маңызы мен 
мәніне тоқталу.
Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы 
адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді.


10
Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол 
адамға тәуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам 
санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал 
сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға 
құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді.
№І-ші кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет