Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі399,46 Kb.
#34755
  1   2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ:

Курстың тақырыбы: «Интерактивті әдістерді қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жолдары»

Сабақ жоспарының тақырыбы: «Төлдер айтысы»

Тексерген: п.ғ.к., аға оқытушы Нуртазина Е.М.

Орындаған:Толемисова А.К.

Өскемен қаласы

2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Төлдер айтысы»

Мақсаты:

Білімділік:Ертегіні ролге бөліп ойнату арқылы, ертегі кейіпкерлерінің образдарын дәл бере білуге үйрету,балаларды шығармашылыққа баулу.

Дамытушылық:Суретті схема,саусақ жаттығулары арқылы балалардың тілін дамыту,тілдің дыбысталу мәдениетін жетілдіру,есту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Ертегі арқылы балаларды үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: бұзау-теленок, қозы-ягненок, құлын-жеребенок,бота-верблюжонок, лақ-козленок.

Қолданылған технология:ақпаратты технология.

Технологиялық қамтамассыз ету: Қозының дауысы жазылған үнтаспа, интерактивті тақта, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары, суретті схема.

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1.Мотивациялық оятушылық


Ерте, ерте, ертегі,

Ертегі сыр шертеді.

Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Тәрбиеші балалардың назарын интерактивті тақтаға аударады. Балалар ертегіні жақсы көрсеңдер, тақтаға қарап, қандай ертегілерді білетіндеріңді еске түсірейік.

Балалар білетін ертегілердің суреті тақта арқылы көрсетіледі:

Ата мен апаға тауық алтын жұмыртқаны сыйлапты,бұл ертегіні білесіңдер ме?
Шөп шабамын,шөп шабамын

Түлкіні іздеп табамын деп қай ертегіде айтылады?

Үнтаспа арқылы қозының дауысы естіледі. Балалар бұл ненің дауысы?

Топқа қошақан болып,киінген қыз бала кіреді.Балалар қошақан бізге қай ертегіден келді деп ойлайсыңдар?

Балалар қошақан көңілсіз екен,бізден көмек сұрайды,бізбен бірге ертегіні ойнағысы келіп тұр. Қошақанды көңілдендіріп, ертегіні ролге бөліп ойнайық па?

Біз ертегіні жақсы көреміз.

Балалар тақтадағы суретке қызыға қарайды, сұраққа жауап береді.
- Шұбар тауық ертегісі
- Қоянның үйшігі

Балалар мұқият тыңдайды.

- Қозының дауысы
- Балалар қошақанмен амандасады.

Сәлеметсіз бе?

- Төлдер айтысы

-Балалар келіседі.



2.Ұйымдастырушы

лық-ізденушілік

Бұл ертегіде қошақаннан басқа нелер бар?

Ендеше, осы ертегіні ойнап көрейік:

Автор: Бір күні үй жануарларының төлдері бір-бірімен дауласады. Сонда лақ былай дейді:

Бұл әңгімені естіп тұрған құлын былай дейді:

Бұзау былай дейді:

Қошақан былай дейді:


Үндемей отырған кішкентай бота былай дейді:


Бұл әңгімені естіп тұрған адам былай дейді:

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Сергіту сәті:

Дидактикалық ойын: «Адасқан төлдер».Төлдер өз енелерінен адасып қалыпты,төлдерге көмектесейік. Бұзау ненің төлі?

Қошақан ненің төлі?


Қошақан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Жұмбақ жасырады:

Тастан тасқа секірген

Ұзын салпаң құлақты,

Кім білмейді.........?

Лақ ненің төлі?

Саусақ жаттығуы:

Кездесіп екі мысық бір -бірімен ән салды:

Кездесіп екі лақ бір-бірімен ән

салады:

- мө,мө,мө


Кездесіп екі бұзау бір-бірімен ән салады:

Кездесіп екі бота бір-бірімен ән салады:

Кездесіп екі құлын бір-бірімен ән салады:

Суретті схема арқылы төлдерге қандай қамқорлық жасайтындығын сұрайды?


Дидактикалық ойын: «Орысша атауын білесіңбе?»


Үй жануарлары туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?



Құлын, бота, лақ, бұзау бар.
Балалар ертегі атрибуттарын киеді.

1-бала:


Ешкі қойды бастаған,

Қойды артына тастаған.

Ешкі деген жануар.

Сауса сүті бұлақтай,

Адамдар бізді жақсы көреді.

Түбітімізден киім тоқиды.

Мә, мә, мә.

2-бала


Мен адамдарды алыс жерлерге апарамын.Біздің сутімізден қымыз жасайды,адамға біз пайдалымыз, адамдар бізді жақсы көреді.

3-бала:


Сендер босқа мақтанбаңдар. Адамдар бізді жақсы көреді. Біз адамдарға шелек-шелек сүт береміз,сүттен май,құрт жасайды.

4-бала:


Кішкене ғана бойым бар,

Айналдыра киген тоным бар,

Момақан қошақан мен болам,

Адамдар бізді жақсы көреді,

Біздің жүніміз, етіміз пайдалы.
Сендер босқа мақтанбаңдар, біз адамдарға шұбат береміз, шұбат қуат береді. Адамдар бізді жақсы көреді.
Сендер босқа дауласпаңдар, бәріңде адам үшін пайдалысыңдар.

Балалар бойларын сергітеді.

Топ-топ-топ басайық,

Ауылға біз барайық.

Қозыларды санайық,

1,2,3 алақанды соғайық,

4,5,6 қораларға қамайық.

Бұзау сиырдың төлі.


1-бала:

Бұзауды сиырдың қасына қояды .Бұзау сиырдың төлі.Сиыр бізге сүт береді.

2- бала: Қошақанды қойдың жанына қояды,қошақан қойдың төлі.

Балалар қошақан туралы тақпақ айтады.

Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозы деп

Қошақаным өзің деп.


Лақты.


1 бала лақты ешкінің қасына қояды, лақ ешкінің төлі.

Балалар саусақ жаттығуын жасайды.

- мяу-мяу-мяу.

- мә-мә-мә


- бө,бө,бө.
- ио, ио,ио

Балалар суретті схема арқылы

айтып береді.

Мен бұзауға жем бердім

Мен құлынға шөп бердім

Мен қозыға сүт бердім

Мен лаққа су бердім.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады, төлдердің қазақша, орысша атауын айтады.



Бұзау-теленок

Құлын-жеребенок

Лақ-козленок

Қозы-ягненок
Малды теппейді, сүтті төкпейді.



Рефлексия

Балалар бүгін біз қошақанмен бірге қандай ертегіні ойнадық?

Қандай төлдерді білесіңдер?

Қошақан балаларға рахмет айтады.


Төлдер айтысы.
Қозы, құлын, лақ, бота, бұзау.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Үй жануарларын және төлдерін білу керек.

Нені игерді: Төлдерді бір-бірінен ажырата білуді.

Нені меңгерді: Ертегі арқылы үй жануарларының пайдасын.


Оқу іс әрекетінін өзіндік талдауы.

Оқу-іс әрекетінің мазмұны мектепке дейінгі білім берудің талаптарына сай.Ұзақтығы гигиеналық нормаға сай сақталды.Оқу іс әрекеті үш кезеңнен тұрды.Мотивациялық оятушылық кезеңінде балалардың білетін ертегілерін еске түсіру үшін ақпаратты технологияны пайдаландым.Интерактивті тақтадан балалардың білетін ертегілері көрсетіліп,сұрақтар қойылды. Егер ертегіні дұрыс тапса ,интерактивті тақта арқылы дұрыс жауабы естіледі.Повер Поинт бағдарламасын пайдаландым.Үнтаспа арқылы қозының дауысы естіліп,қошақан болып киінген қыз көңілсіз кіреді,балалардан көмек сұрайды,егер «Төлдер айтысы» ертегісін қошақанмен бірге ойнаса көңілденетінін айтады.Мотивациялық оятушылық кезеңінде ертегіні рөлге бөліп ойнау арқылы қошақанға көмектесеміз бе-деп балаларға ой тастадым.

Оқу іс-әрекетінің екінші ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңінде балалар ертегіні рөлге бөліп ойнау арқылы сол образға ене білді,балаларды шығармашылыққа баулыдым.Осы кезеңде «Адасқан төлдер» дидактикалық ойынында суретті схеманы пайдалана отырып,балалар төлдерді тауып сөйлем құрады.Балаларға төлдердің дыбысталуын айтқызу кезінде саусақ жаттығуын пайдаландым.Тиым сөздерді қолдану арқылы балаларды үй жануарларына қамқор болуға үйреттім.

Оқу іс әрекетін рефлексиялық қортындылау кезеңінде балалардан қошақанға қалай көмектескендерін сұрадым? Балалар өз ойларын айтты.Осы оқу-іс әрекеті арқылы өз мақсатыма жеттім,ақпаратты технология арқылы балалардың көру,тыңдау қабілетін жетілдіре отырып,суретті схема,саусақ жаттығулары,рөлге бөліп ойнау арқылы,сөйлеу мәдениетін дамыта отырып,шығармашылық қабілетке баулыдым.



Әдебиеттер тізімі:



  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. (ҚР МЖМБС 1.001-2009)

  2. Балалардың міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасы. (Қазақстан мұғалімі, 1999)

  3. Қазақ этнопедагогикасын қолдану арқылы балалардың тілін дамыту. (Бала мен балабақша №5,2008)

  4. Сәбилердің тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы. (Бала мен балабақша №5,2008)



Каталог: uploads -> doc -> 0012
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0012 -> Сабақтың тақырыбы 4A бөлім: Ақшаны пайдалану Монеталар және олардың номиналды құны
0012 -> Сабақтың тақырыбы М. Мақатаев «Фантазия» Күнтізбелік жоспар бойынша Сілтеме
0012 -> Күні: Сынып: 4 Тақырыбы: Қала көшелері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет