Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет6/11
Дата25.12.2016
өлшемі2,49 Mb.
#5299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

1. Балаларды табиғатпен таныстырудағы әр турлі ойындардың манызы қандай?

2. Балалар бақшасының әр жас тобында ойналатын дидактикалық ойындардың ерекшеліктері қандай?

3. Балаларды табиғатпен таныстырудағы рольдік ойындардың маңызьш анықтаңдар.

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

4. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

5. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж



Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2.Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришколъном участке. Пособие для учителей. М.,Просвешение,1980.

3.. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

4.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —152 6.

10.дәріс.



Тақырыбы:Балаларды табиғатпен сөз арқылы таныстыру

Дәрістің мақсаты: Балаларды табиғатпен сөз арқылы таныстырудың ерекшелігімен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Тәрбиешінің әңгімесі.

2.Көркем шығармаларды оқу

3.Әңгімелер.

1.Тәрбиешінің әңгімесі. Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады. Алайда әсерлі сөз барлық уақытта нақтылы елестетулерге сүйенілуі тиіс. Балаларға таныс та жақын, бейнелі, әсерлі сөздерді пайдаланып әңгімелеген жөн.

Тәрбиешінің әңгімесі сәбилер тобына қарағанда естияр, ересек және мектепке даярлык топтарында көбірек орын алады. Тәрбиеші балалардын, бақылағандарын толықтырып отырады және қабылдамауға болмайтын объектілермен, құбылыстармен (құстардың қыстайтын орындарымен, жабайы аңдардың өмірімен және т. б.) таныстырады. Әңгіме үнемі картиналарды, диафильмдерді немесе дыбыссыз кииофильмдерді көрсетумен қоса қабат жүргізіледі. Осы мақсатпен балалар бақшаларына арналып шығарылған картиналар серияларын пайдалануға болады.

Кейде бақылағанды әңгімемен толықтыру қажеттігі туады. Мысалы, балалар серуен кезінде құмырсқалар быжынап жатқан илеуді көреді. «Олар не істеп жатыр?»— деп сұрайды балалар. «Қәнеки, байқап көрейік»,— дейді тәрбиеші. Бақылау процесінде ол құмырсқалардың қайда жорғалап бара жатқанын түсіндіреді. Құмырсқаларды аз уақыт бақылағаннан кейін тәрбиеші құмырсқалардың тіршілігі жөнінде тәптіштеп әңгімелеп береді.

2.Көркем шығармаларды оқу. Көркем шығармаларды оқығанда балаларда табиғат туралы білім жинақталады, табиғатқа деген ынтызарлық пен сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, әсемдікті сезінуі дами түседі. Көркем сөзді пайдаланғанда оны балалардың тура қабылдауымен дұрыс байланыстыра білу керек. Кейбір әдеби шығармалар табиғатты — орманда, шалғында, далада—бақылағаннан кейін ба- . рып оқылуы мүмкін. Кейде шығарма бақылаудан бұрын оқылады. Мұндай оқудың маңызы туралы С. Т. Аксаков «Багров-немеренің балалық шағы» деген шығармасында тамаша айтады. Мұнда ол өзінің бес жастағы бала кезін еске ала отырып: «Мен өзімнің кітабымды масаттана оқыдым... Менің балалық ақылымда тіпті керемет өзгеріс болды да, мен үшін жаңа өмір ашылды... Мен «күннің күркіреуі туралы пікірлермен», найзағайдың, ауаның, бұлттың не екенін білдім; жаңбырдың пайда болуын және кардың шығу тегін білдім. Табиғаттағы көптеген құбылыстар, қызыға, түсінбей қарасам да, мен үшін мәнді де мағыналы болып есептелді, одан да әрі қызықтыра түсті. Құмырскалардың, аралардың әсіресе көбелектердің тұқымнан құрттарға, құрттардан хризалидаға және ең ақырында хризалидадан әдемі көбелекке айналғаны менің зейінім мен сезімімді меңгеріп алды; менде осылардың бәрін өз көзіммен бақылағым келу тілегі еріксіз пайда болды».

Бұрыннан таныс өсімдіктерді, жануарларды немесе табиғат құбылыстарын суреттеп жазу балалардың қабылдауын айқындап, бақылауға деген қызығушылығын тудырады. Мысалы, М. Пришвиннің «Алтын шабындық» очеркін тыңдағаннан кейін олар шабындықтың түріне күннің әр мезгілінде және әр түрлі ауа райында көңіл бөле бастайды. Бақбақтарды қарап көреді және оның гүлінің ашылғандағы және жабылғандағы қалпының өзгеруін байқайды.

Таныс емес өсімдіктер мен жануарларды суреттеу бұрыннан бар бақылауға және жалпы елестетулерге сүйенгенде табиғаттағы түсіндірілетін объектіні табуға көмектесетін жаңа бейне жасайды. Мысалы, тәрбиеші Н. Павлованын. «Қабықша сияқты» ертегісін оқып немесе әңгімелеп айтып береді. Серуен кезінде балалар ертегіде баяндалған белгілері бар қызыл бояу гүлін іздестіреді.

3.Әңгімелер. Әңгіме тәрбиешінің сұрақтарынан және оған балалардың қайтарған жауаптарынан тұрады. Бұл — бұрыннан бар білімді анықтап, оны кеңіте түсудің бағалы тәсілі, балалардың сөздік қорын молайту және олардың байланыстарын, сөйлеуін дамыту. Әңгіме кезінде тәрбиеші сұрақтар беру арқылы баланың ойлауына басшылык жасайды. Сұрақтардың саны мен реті осы сабақта шешілуге тиісті міндеттерге және балалардың жасына байланысты. Сұрақтарды балалардың тәжірибесін ескере отырып және олардың ойлауын белсенділендіруді көздеп құрастыру керек. Әңгімелесу кіріспе, қорытынды немесе бақылау және жаңадан алған білімді байланыстыру түрінде болуы мүмкін.

Кіріспе әңгіме қысқа болуы тиіс, оның мақсаты балаларда бұрыннан бар білімді жаңадан алған біліммен ұштастыру, оған деген қызығушылығын туғызу. Мұндай әңгімелер ересек және мектепке даярлық топтарында экскурсиялардан немесе- балалардың практикалық іс-әрекетінен бұрын жүргізіледі.

Барлық топтарда бақылаулармен немесе картиналарды көріп, қарай отырумен қатарласа жүргізілетін ең көп тараған және үнемі қолданылатын тәсіл әңгімелесу болып табылады. Бұл бүкіл дерлік сабақтың, экскурсиялардың, дидактикалық ойындардың элементі ретінде кіріп отырады.

Ең қиыны — қорытындылай әңгімелесулер болып табылады. Бұларды тек ересектер мен мектепке даярлық топтарында жүргізеді. Мұндай әдгімелер балалардың бақылаулары мен еңбек процесінде алған, бұрыннан таныс материалы негізінде құрылады және олардыи білімін нақтылай түсу мен жалпылау мақсатын көздейді.

Ересек балалар тобындағы корытынды әңгіменің үлгісі мынау. Бұл әңгіме балалардың күздегі табиғат құбылыстарын бақылауынан және күз туралы тақпақтар мен әңгімелерді тыңдағандарынан кейін өткізіледі. Мұндай әңгіме жүргізгенде төмеидегідей сұрақтарды ұсынуға болады: қазір жылдың қай мезгілі? Біз орманға (паркке) барғанда ауа райы қандай болды? Күзде ағаштардың жапырақтары қанда» жағдайда екен? Күзде орманда біз не естідік? Орманнан қандай құстарды көрдік? Торғайлар, қарғалар, қарлығаштар қайда кеткен? Олар неге ұшып кеткен? Көбелектер, қоңыздар, өрмекшілер қайда? кеткен? Күзде біз орманнан не жинадық? Күзде бақшада не істеледі? Күз кімге ұнайды? Неліктен?

Сұрақтар балалардың алған елестетулерін естеріне түсіріп, олардың «күз» туралы түсініктерін қорытындылай алатындай болуы тиіс. Әңгімені оларға таныс тақпақтар мен жұмбақтарды оқып берумен аяқтауға болады.

Мектепке даярлық тобының балаларына мына сияқты сұрақтарды; ұсынуға болады: неліктен сен күз келді деп ойлайсың? Құстар неге ұшып кеткен? Құрт-құмырсқалар неліктен жоқ болып кетті? Өсімдіктер неге солып қалған? Сұрақтардың қойылысы баланың ақыл-ой» мәселелерін өз бетінше шешуіне міндеттейді, мұнда ол өз тәжірибесіне, өз бақылауларынан алғандарына сүйенеді, осы мезгіл туралы түсінігін қорытындылайды.

Әңгіме балаларды фактілерді салыстыра, олардың арасындағы кейбір себептік байланыстарды аңғара білуге жетелеп отыруы тиіс, Бұған «неге?» және «сен қалай білдің?» деген сияқты сүрақтар көмектеседі, мысалы: қыста бақтағы ағаштардың бұтақтарында неге жапырақ болмайды, ал бөлмеде бұтақтардың жапырақтары пайда болған? Мұның қайың екенін сен қалай білдің?

Бақылау сұрақтары.

1. Тәрбиешінің оқыған және әңгімелеген көркем щығармалары әркелкі жас топ-тарында қандай орын алады? 2. Көркем сөзді тура қабылдауларымен қалаи

байланыстыруға болады? 3. Әркелкі жас топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыруда әңгімелердің алар орны қандай?

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

4. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

5. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж



Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2.. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

3.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —15


11 дәріс.

Тақырыбы: Иллюстративтік-көрнекі құралдарды пайдалану

Дәрістің мақсаты: Иллюстративтік-көрнекі құралдарды пайдалану

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1. Иллюстративтік құралдардың маңызы



2.Иллюстративтік құралдардың мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар 3.Картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді пайдалану

4.Баспаға басылған столдық ойындар.

1. Иллюстративтік құралдардың маңызы. Балалар бақшасында табиғи (өсімдіктер мен жануарлар) құралдардан басқа да әр түрлі өсімдіктер және табиғат құбылыстары бейнеленген иллюстративтік-көрнекі құралдар болуы керек. Балаларға табиғатты таныстыру үшін оның заттары мен құбылыстарын тікелей бақылау қиынға түскен жағдайларда ғана иллюстративтік құралдар пайдаланылады. Мысалы, осы жерде болмайтын, бірақ программада көрсетілген үй жануарларымен және жабайы аңдармен таныстырған кезде осындай кұралдарға жұгінуге тура келеді. Бұдан басқа, иллюстрациялар балалардың бұрыннан таныс жануарлар, өсімдіктер, табиғаттың мезгілдік құбылыстары туралы және т. б. білетіндіктері мен елестетулерін айқындапдап, молайта түсу үшін де керек.

2.Иллюстративтік құралдардың мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар. Табиғатты бейнелейтін картиналар, диафильмдер, кинофильмдер балалардың шындықты қабылдауға жақын сезімдік қабылдауын тудыруы тиіс. Қартиналар көркем және ауқымды түрде орындалуы тиіс. Олар сюжетті және біртекті объектілерді — жекелеген жануарларды, өсімдіктерді — бейнелеуі де мүмкін. Жануарлардың, әсіресе ұсақ жануарлардың тұрқы мен қылықтарын көрсететін диафильмдер мен кинофильмдер кадрлары үлкейтіліп берілуі керек. Бұл құралдардағы жануарлар мен өсімдіктер өмірдің табиғи жағдайларында көрсетілуі тніс. Мүмкіндігінше, диафильмдер мен кинофильмдер негізінде шағын, бірақ есте сақталарлықтай сюжеттің болғаны дұрыс. Қинофильмдердің дыбыссыз және дыбысты болуы да мүмкін. Бүл фильмдердің музыкамен безендірілуі міндетті емес, бірақ ондай табиғат үні (орманның шуылы, құстардың сайрауы, жануарлардың дауысы) болуы керек.

3.Картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді пайдалану. Тәрбиешінің әңгімелеуімен немесе оның балалармен әңгімелесуі мен қосарланған к а р т и н а л а р барлық топтарда еткізілуі мүмкін.

Бөбектерге тәрбиеші суретте бейнеленген жануарды атап айтып, оның көзін, құлағын, аяғын көрсетуді ұсынады.

Сәбилер топтарында тәрбиеші жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарына, өсімдіктердің формасы мен бөліктерінің түсіне қатысты белгілерге көңіл аударта отырып, қысқа да айқын сұрақтар қояды.

Суреттерді естиярлар, ересектер және мектепке даярлық топтарындағы балалармен бірге қараған кезде жануарлардың және өсімдіктердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыру пайдалы, бұл — баланың бақылағыштығы мен ақыл-ойының жетілуіне себін тигізеді. Мысалы, қолда бар «Үй жануарлары» және «Жабайы аңдар» суреттерінің сериясында бір суретте бейнеленген жануарларды: ірі жануарларды оның төлімен, әтешті тауықпен, қазды үйрекпен, қойды ешкімен салыстыруға болады. Әр түрлі суреттерде бейнеленген жануарларды, мысалы, сиыр мен жылқышы, сиыр мен ешкіні, мысық пен жолбарысты және басқаларын салыстыру үшін суреттерді пайдалануға болады.



Суреттер бойынша әңгімелеп беру ересектер мен мектепке даярлау топтарында өткізіледі. Балалардың суреттерді мазмұндап түсіндіріп айтып беруі, қысқа әңгіме жүйесін құрастыра білуі алған елестетулерін бекіте түседі, байланыстырып сөйлей білуін дамытады. Үлгі үшін тәрбиеші сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге әқгіме құрастырады және балаларға суреттің мазмұнын айтып, оған ат қоюды ұсынады.

Диафильмдер барлық топтағылардың жұмысында пайдаланылуы мүмкін. Жекелеген кадрлар тәрбиешінің әңгімелеуімен немесе қолда бар диафильмнің тексін оқумен қабаттаса көрсетіледі.

Кинофильмдерді оқыту мақсаттары, ең бастысы, ересек және мектепке даярлық топтарында пайдаланылады. Ересек балалар тобы үшін дыбыссыз, ал даярлық тобындағыларға дыбысты фильмдердін алынғаны дұрыс.

Сурет, диафильм, кинофильм бойынша сабақ өткізуге әзірлене отырып, тәрбиеші олардың мазмұнымен жақсы танысуы тиіс, бұларды қарағанда балалар нені көріп, меңгеруге тиісті екендігін, қандай жаңа сөздерді есте ұстап, өз сұрақтарын ойластырулары керектігіи түсіндіреді. Диафильмді немесе кинофильмді қарап болғанван кейін, кіші-гірім әңгіме өткізіледі.

4.Баспаға басылған столдық ойындар. Сәбилер мен естиярлар топ-тарындағы балалар үшін жануарлар, жапырақтар, гүлдер, жемістер, овощтар бейнеленген суреттер жинағы ұсынылады. Естиярлар, ересектер мен мектепке даярлық топтары үшін лото («Зоологиялық», «Ботаникалық», «Жыл мезгілдері») сияқты ойындар ұсынылады. Ойынның мұндайғы қызықты түрінде үй жануарлары мен жабайы аңдар, орманның, даланың, бақтың, бақшаның, гүлбақшаның өсімдіктері туралы, табиғаттың мерзімдік өзгеріетері және т. б. жайында түсінік беріледі.

Ойыншықтар. Үй және жабайы жануарлар, овощтар, жемістер, жидектер (көлемді немесе жазық орындарға қойылған)—ойыншык-гар наборы — дидактикалық ойындар үшін керек болса, сондай-ак балалардың табиғат пен адам еңбегі («қүс қора», «зообақ» және басқа ойындар) жайындағы елестетулерін бейнелейтін творчестволық ойындары үшін де қажет. Балалардың заттар мен табиғаттың құбы-лыстары туралы сезімдік елестетулерін байыту үшін желмен (батпы-рауық, зырылдауық), сумен (жүзетін жануарлар, қайықтар, тиірмен, су доңғалағы) қимылдайтын ойыншықтар керек.

Бақылау сұрақтары.

1. Иллюстративтікі көрнекі құралдардың қандай маңызы бар?



2. Суреттердің, диафильмдердің, кинофильмдердің мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар қандай?

3. Балаларды табиғатпен таныстыруда суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер қалай пайдаланылады?

4. Балаларды табиғатпен таныстыру үшін қандай столдық ойындар мен ойыншықтар қажет?



Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

4. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

5. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж



Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2.Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришколъном участке. Пособие для учителей. М.,Просвешение,1980.

3.. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.


12.дәріс.

Тақырыбы: Жер учаскесі

Дәрістің мақсаты: Жер участкесінің тәрбиелік және қоршаған ортамен таныстыру жолындағы маңызымен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру

2.Участкені көгалдандыру

3.Гүлбақша

4.Бақша.Бау-бақша

5.Бала бақша участкесіндегі жануарлар



6.Құстарды үйір ету

1.Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру Балалар бақшасының жер учаскесі, әсіресе қалалық жағдайларда, бұл — ойындардың, серуендер мен сабақтардың орны. Күзде, қыста және көктемде балалар күннің көп уақытын учаскеде өткізеді, егер саяжайға (дачаға) кетпесе күні бойы болады. Осындай ойын кездерінде балалардың сезіну қабілеті арта түседі.

Гүлбақшада, бақта, бау-бақшада жұмыс істей жүріп балалар коллективті түрде еңбек етуге бейімделеді, еңбекке дағдыланады, олар еңбекті сүюге, құрметтеуге және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Учаскеде балаларды табиғаттың маусымдық құбылыстарымен таныстырады, өсімдіктердің өсіп-жетілуін және жануарлардың қылықтарын біраз бақылауды ұйымдастырады. Осының бәрі балалардың дүние танымын, едәуір кеңейтіп, өздерін қоршаған өмір туралы білімдермен байытады, оларды табиғатқа аялай қарауға және ондағы сұлулықты көре білуге тәрбиелейді.

Дұрыс ұнымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске —-балалар бақшаларындағы оқу-тәрбие міндеттерін іскс асырудағы ең қажетті база болып табылады.

Учаскені ұйымдастыру. Жер учаскесі көгалдандырылуы және балалар ондағы өсімдіктерді өсіруге, оларды бақылауға күнбе-күн қатыса алатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан әр жастағы балалар топтарының алаңында г ү л д і к, декоративтік (әсемдік), ж е м і с т і к, ж и д е к т і к және о в о щ т ы қ өсімдіктер, сон-дай-ақ балалар ойнай алатыңдай шөп те болуы керек. Балалар бақ-шасының топырақты алаңы жеткілікті болған жағдайда, естияр, ересек топтардың балалары үшін гүлбақша, бау-бақша және бақ ұйымдастырылады.

Жер учаскесінде ұсақ үй жануарларын (үй қояндары, тауықтар) асырайтын орындар және ұшып келетін құстарды бақылау үшін жем салынған ыдыстар бар құстардың үйшіктері мен алаңшалары болуы тиіс.

Еңбек құралдары. Жер учаскесінде жұмыс істеу үшін балалардың шамасы келетіндей көлемде ауыл шаруашылық құралдары болуы керек.

Күректер мен қалақтарды қалыңдығы 1—2 мм темірден немесе қалыңдығы 1 мм жақсы болат қаңылтырдан дайындайды; шелектер мен су сепкіштерді (түбі көтеріңкі) іші мен сырты майлы бояумен боялған жұқа мырышпен қапталған темірден немесе жезден жасайды. Зембілдер мен кішкене қол арбаларды жұқа тақтайдан жасайды. Түзу, тегістеле жонылып, кептірілген қатты ағаш күректерге, тырмалар мен қалақтарға жақсы сап бола алады.

Жұмыстан кейін, ауыл шаруашылық құралдарын топырақтан әбден тазалап, құрғақ жерге (сарайға, қораға) апарып кояды. Су сепкіштер мен шелектерді де осы жерге, шегелерге іледі. Күректерді арнайы доңғалакты тіреуіштерге орналастырады -

2.Участкені көгалдандыру



Сәндік ағаштар мен бұталар. Өсімдіктерді және оларды орналастыратын орындарды таңдағанда олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Жапырақтары әдемі әрі гүлді, жеуге келетіндей, әрі балалар ойнай алатындай да сүйкімді жемістері бар, сол жердің ауа райының жағдайларына төзімді ағаштар мен бұталарды отырғызу керек. Учаскені улы жемісті және тікенекті ағаштармен және бұтақтармен көгалдандыруға болмайды.

Ағаштар — ұшар басына дейін бұтақтана өсетін, діңі қатты көп жылдық өсімдіктер. Ресейдегі балалар бақшаларының біразына ұсынылатын ағаштардың мазмұн-бейнесін келтірейік (осы кітаптың алдыңғы форзацына қараңыз).

Сүйір жапырақты үйеңкі (үйеңкі тұқымдастар) ұшар басы цилиндр формалы, бұтақтары жұптаса орналасқан; діңі ашық сұр қабықты, өркендері ақшыл қоңыр түсті, жуан, бүрщіктері кұрғақ, жалаңаш, жүмыртқадай сопақша, біріне-бірі сығылыса орналасқан. Жапырақтары ірі, қалақшаланған, ұштары үшкірленген, жазда ашық жасыл, күзде сарғыш қызыл түсті.

Бұталар — бірнеше қатты сабақтары бар көп жылдық өсімдіктер. Балалар бақшаларындағы әр түрлі жас топтарының учаскелері шекараларының, жолдардың,

Шырмауық сияқты өсімдіктер. Бұларды тігінен көгалдандыру үшін қолданады. Олар өз өркендерімен тірекке жармасып жылдам өседі, 5 м-ге дейінгі биіктікке көтеріледі. Шырматылып өсетін өсімдіктср күркелерді, арналарды, үйлердің террастары мен қарсы бетін (фасад) әсемдендіреді. Қалалық жерлердегі балалар бақшалары және көлеңке түсіретін ірі ағаштары аз учаскелердегі өсімдіктерге ерекше көңіл бөлу керек.

Шырматылын өсетін бір жылдық өсімдіктерден бақ бұршағын, хош иісті ұсақ бұршақты, ипомеяны, настурцияны, (гүлі қызыл, сары өсімдік), көп жылдықтардан — бес жапырақтыны және жабайы жүзімді ұсынуға болады.

3. Гүлбақша



Гүлбақтардың жобасын жасау балалар бақшасының әрқайсысының жағдайына байланысты болады. Жер учаскесі жеткілікті болса, үлкен гүлбақша жасалады. Мұны әдетте үлкен адамдар мен мектеп жасына дейінгі ересек балалар күтіп-баптайды және әр топтың учаскесіне бір-екіден клумба немесе гүл жүйектерін жасайды.

Гүлдер егілетін үйме топырақтардың (клумба) көлемін әр түрлі етіп (дөңгелек, ұш бұрышты, жұлдызша) жасауға болады, бірақ көлемі баланың қолы олардын, ортасына дейін жететіндей, яғни диаметрі 70 см-ден артық болмауы тиіс.

Шағын гүл жүйектері (рабатка) — тік бұрыштанып, жіңішкелеу келген ұзынша гүл тізбектері — құрылыс маңындағы ойын алаңдарындағы жолдардың бойына орналастырылады. Рабатканың ені 50—80 см, ұзындығы — 2 м және одан да ұзын болады.

Гүлбақшадағы аяқ жолдардың енін I —1,5 м етіп, ортасына таман аздап иілдіріп, жақсылап таптап жасайды; оларға құм төсеп, жасыл газон себеді.



Гүлбақшаны бөлу үшін, оған бөлінген учаскені елшейді де қағазға оның жобасын сызады. Жобада клумба, рабаткалар, соқпақ жолдар және бұталар отырғызылатын орын белгіленеді.

Клумбалар мен рабаткаларды жерде жіптің және таяқшалардың көлемімен белгілейді. Дөңгелек клумбаны сызу үшін оның келешектегі дәл ортасына таяқша қағады, оған ұзындығы клумбаның радиусына тең жіптің ілмегін кигізеді; жіптің екінші ұшына екінші таяқшаны байлайды да, осымен айналдырып шеңбер жасайды. Клумбалар мен рабаткалар белгіленгеннен кейін, оларды қайтадан қазады да, беттерін, тырмамен тегістейді, Клумбалар мен рабаткалар аяқ жолдардан 5 см биігірек болуы тиіс. Олардың бүйір жақтарын тырманың сырт жағымен соққылап түзетеді.

Гүлді-сәндік өсімдіктер. Бір жылдық, екі жылдык және көп жылдық гүлді-сәндік өсімдіктер болады.

Гүлбақша үшін көп күтімді керек етпейтін, формасы мен түсі жанынан әр алуан гүлдер беретін, жағымды иісі бар, ашық көктесінді өсімдіктерді таңдап алу керек. Ерте көктемнен қара күзге дейін үзбей гүлдеп тұратын өсімдіктердің түр-түрінің болғаны жақсы (4—5 түрлі-түсті таблица).

Б і р ж ы л д ы қ т а р — өсіп, гүлдейтін, жетік піскен тұқым беретін және сол еккен жылы өлетін өсімдіктер. Олар негізінен тұқымдарынан көбейеді. Тұқымдарын май айының екінші жартысында тура топырақка себуге болатын төмендегі бір жылдық өсімдіктерді алуды ұсынуға болады.

Жоңышқа бас (алиссум), немесе хош иісті тастақ (крест гүлділер тұқымдас)—биіктігі 15—20 см жиектік өсімдік; июньнен бастап үсік түскенге дейін балдай иістеніп, ақ және күлгін гүлшешек атып гүлдейді; жапырақтары сұрғылт жасыл, ұсақ, ланцеттік. Кез келген топырақта және жартылай қараңғыланған орындарда өсе береді.

Екі жылдықтар — көктемде немесе жаздыгүні сепкенде топырақта қыстап қалып, келесі жылдың ерте көктемінде гүлдейтін өсімдік. Балалар бақшасына ұсынылатын екі жылдық өсімдіктердің қысқаша сипаттамасын келтірейік.

Шегір гүл (қоғажай тұқымдастар) —формасы әдемі және бояуы әр түрлі, үш түсті немесе бір түсті гүлдері көп кішкене түптер; ерте көктемнен салқын түскенше гулдеп тұрады; жапырақтары ұзынша келген, лирдің (құстың) қауырсындары секілді қосалқы жапырағы бар. Ерте көктемнен бастап гүлдеуі үшін тұқымын июльдің аяғы мен августың басында себеді. Қай кезінен бастап қайта отырғызса да өсе береді. Кешке қарай ұзарады, ал ыстықта суаруды көп керек қылады.

.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет