Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет123/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник
Дәріс 12
6.4 тарау.
Газ қондырғылары 
 
6.4.1. Пайдалану және қызмет көрсету 
 
Газбен жабдықтау жүйелері
ықтимал қауіпті, өйткені газдың ағуы 
кезінде жарылғыш газ-ауа қоспалары пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, 
газдағы көміртегі оксиді, метан, күкірт-сутегі және т.б. газдың шығуы немесе 
толық жанбауы, жану өнімдерін шығаруының нашар ұйымдастырылуы және 
үй-жайлардың жеткіліксіз желдетілуі адамдардың тұншығуына немесе 
улануына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан кез келген объектіге 
нормативтік құжаттармен регламенттелетін қатаң бақылау жүзеге 
асырылады. Газбен жабдықтау жүйесін пайдалануды газ шаруашылығы 
басқармасы жүзеге асырады. 
 
Ішкі
 
газ
 
құбырлары
 
мен
 
газ
 
қондырғыларын
 
і
ске қосу-жөндеу 
жұмыстарын жүргізу және пайдалануға беру үшін газды іске қосу газ 
құбырлары мен газ пайдалану жабдығын қабылдау актісінің негізінде 
жүргізіледі. 
Газ пайдалану жабдықтарында жөндеу жұмыстарын
 
жүргізуге 
лицензиясы бар кәсіпорындардың мамандандырылған жөндеу ұйымдары 
және жөндеу қызметтері жүргізеді. 
Монтаждалған газ жабдығын пайдалануға беру кезінде құрылыс-
монтаждау ұйымының, газ шаруашылығының, сондай-ақ қарамағында 
газдандырылатын объект бар мекемелердің өкілдері қатысады. 
Жауапты инженер-техникалық қызметкер газ құбырын қабылдау 
алдында газ құбырының жобаға және орындаушылық-техникалық 
құжаттамаға сәйкестігін тексеруге міндетті. Сыртқы тексеру кезінде газ 
құбырында механикалық зақымданулардың бар-жоғын, газ құбыры барлық 
жерде боялғанын, тығындар немесе бітеуіштердің тұрғанын, газ құбыры 
барлық жерде бекітілгенін тексереді. 
Байқау ғимаратқа газ құбырын енгізуден басталады және жинақтылығы 
мен жарамдылығын тексеретін аспаптарға дейін жалғасады. Газ 
құбырларындағы крандардың жарамдылығына ерекше назар аудару керек. 
Газ жіберуді инженер-техникалық қызметкер басқаратын білікті 
жұмысшылар бригадасы жүзеге асырады. Жұмысшылардың газға қауіпті 
жұмыстарға рұқсат алуға құқығы болуы тиіс. 
Газды іске қосуға, газ қауіпті жұмыстарға наряд жазылады. 
Үйге газ жіберу тек күндізгі жарық кезінде жүргізіледі. Газ құралдарын 
пайдаланатын барлық тұлғаларға газды іске қосар алдында пайдалану 
ұйымының өкілдері нұсқау береді. 
Газ жіберу үшін жұмысшыларда жарамды құрал-саймандар, үрлеуге 
арналған резеңке құбыршектер және өзге де қажетті керек – жарақтар болуы 
тиіс. 
Қауіпсіздік
 
талаптары
 

Қазандықтың түтіндікке сенімді қосылғанына көз жеткізу керек.

Түтіндікте қажетті тартуды қамтамасыз ету қажет.


283

Қазандық жұмыстары алдында түтіндік бұғатталмағанына көз 
жеткізіңіз.

Қазандыққа қызмет көрсету тек лицензиялары бар сервисті 
орталықтардың қызметкерлерімен немесе жергілікті газ шаруашылығы 
басқармасының жұмысшыларымен ғана жасалу керек. 
Тыйым
 
салынады
:

бұзылған газ автоматикасы бар қазандықты пайдалануға;

жылу тасығышпен толтырылған жылыту жүйесін қоспай қазандықты 
іске қосуға;

қазандықты агрессивті ортасы немесе шаңы бар жайға орнатуға: 

газ ағуларын анықтау үшін жалынды қолдануға.
Егер газ иісі сезілсе газқұбыржолындағы шүмекті тез арада жауып
жайды желдету, 104 телефоны бойынша газ шаруашылығының апаттық 
қызметін шақыру керек. Апаттық қызмет келгенге дейін электр жарығын 
қосуға, газ және электр құралдарын қолдауға, от жағуға тыйым салынады.
Өрт басталса шұғыл түрде барлық газ шүмектерін жабу, 101 телефоны 
бойынша өрт сөндіру бөліміне хабарлау және қолда бар барлық құралдармен 
өртті сөндіруге кірісу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет