Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет2/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник
Дәріс 12
КІРІСПЕ 
 
Санитарлық-техникалық жұмыстар — өнеркәсіптік объектілер, тұрғын 
үй және қоғамдық ғимараттар, әлеуметтік-тұрмыстық кәсіпорындар 
құрылысының міндетті бөлігі болып табылады. Жылыту, ыстық және суық 
сумен жабдықтау, суағар және кәріз, газбен жабдықтау жұйелері ғимараттар 
үшін өте қажет. Егер ғимарат салу процесі қазаншұңқыр қазудан бастап, 
шатырдың құрылғысымен аяқталса жалпы құрылыс жұмыстары деп 
аталады, ал санитарлық-техникалық жұмыстар — арнайы жұмыстар болып 
табылады. 
Құрылыстағы санитарлық-техникалық жұмыстардың барлық көлемі 
сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы жұмыс көлеміне ғимараттарға 
жылу-, газ - және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің сыртқы құбыр 
жолдарын төсеу жұмыстары қамтылады; ал ішкі жұмыс көлеміне ғимарат 
ішіндегі санитарлық-техникалық, жылыту және газ жабдықтарын 
монтаждауды қамтиды. 
Санитарлық-техникалық жұмыстар кезең бойынша орындалады, 
бірінші 
дайындық
 
кезеңі
, екінші 
материалдар
 
және
 
жабдықтарды
дайындап
жасау
 
кезеңі
, келесі кезеңдер 
қосалқы
және 
монтаждау
-
құрастыру

болып бөлінеді. Оларды ретімен қарастырайық. 
Дайындық
кезеңінде техникалық құжаттама және оның негізінде 
монтаждық жобалар мен жұмыс өндірісінің жобалары жасалады, өлшеу 
жүргізіледі, дайындау шеберханаларында немесе санитарлық-техникалық 
зауыттарында құбырлардың монтаждық материалдар және жабдықтармен 
жұмыс істеуге тапсырыстар рәсімделеді, материалдар мен жабдықтарды 
жеткізуге өтінімдер жасалады. 
Келесі кезеңі—
материалдар
 
және
 
жабдықтарды
 
дайындау
.
Басты 
міндет - объектідегі санитарлық-техникалық жүйелерді монтаждауға алдын 
ала дайындық. Бұған құбырларды кесу, ию, жалғау, құбырлардың тұтас 
тораптарын құрастыру, сорғыларды және басқа да жабдықтарды дайындау, 
арматураны тексеру, құбырлар мен жабдықтардың тораптарын сынау, 
стандартты емес жабдықтарды дайындау кіреді. 
Материалдар мен жабдықтарды дайындау процестері механикаландыру 
және автоматтандыру құралдарымен жабдықталған арнайы кәсіпорындар мен 
шеберханаларда орындайды. 
Қосалқы
жұмыстар құрылыс нысанының өзінде жүргізіледі. Мұнда 
материалдар және жабдықтарды дайындап, белгілі жерге жеткізеді және 
монтаждау орнына береді де жабдықтар мен бөлшектерін бекітіп орнату 
жұмыстары орындалады. 
Соңғы кезең 
монтаждау
— 
құрастыру
 
жұмыстары
, құбырлар мен 
ірілендірілген тораптарды, аспаптар мен жабдықтарды орнату және қосу, 
жүйелерді сынау жұмыстары кіреді. 
Кез келген нысанның құрылысын жүргізу үшін — әр түрлі 
мамандықтағы жұмысшыларды — нақты және келісілген іс-әрекеттерді 


8
талап етеді. Әрқайсысы өз жұмыс бөлігін уақытында орындауға кірісуі және 
басқа мамандарға олардың бір бөлігін орындау мүмкіндігін жасай отырып, 
кесте бойынша қатаң аяқтауы тиіс. 
Әр түрлі мамандықтағы жұмысшылардың іс-қимылын үйлестіру үшін 
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау жүйелілігін анықтайтын бірыңғай 
күнтізбелік кесте немесе желілік график жасалады. Желілік графикте 
жұмыстың әрбір түрі күндердегі ұзақтығы көрсетілген сызықпен белгіленеді, 
күнтізбелік кестеде— жұмыс түрі, олардың басталуы мен аяқталу күні 
бойынша қол қойылады.
Жұмыстар 
тізбекті
 
әдіс
бойынша ұйымдастырылады. Бұл құрылыстың 
қысқа мерзімін және тиісті сапада жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз 
ететін жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді түрі.
 
Тізбекті
 
әдіс кезінде 
санитарлық-техникалық жүйелерді монтаждау үш кезеңде жүргізіледі. 
Алдымен кәріз шығару, су құбырын енгізу, жылу және газбен жабдықтау
жылу тораптары құрастырылады. Содан кейін жылыту құралдарын орнату, 
су, газ және жылумен қамтамасыз ету, кәріз, суағарлар жүйелерінің 
құбырларын жинау жүргізілуде. Жиналған құбырлар сыналады. Соңғы 
кезеңде санитарлық және газ аспаптары орнатылады және сыналады. 
Бірінші кезеңде монтаждау жұмыстарын жертөле үй-жайларында 
немесе қосалқы мақсаттағы жеке ғимараттарда (жылу түйіндер, қазандықтар) 
және ашық құрылыс алаңында жұмыс істейді. Құрылыс кестелерінде бұл 
кезең түпкілікті және маңызды аралық мерзімдермен белгіленеді. 
Екінші және үшінші кезеңдер жалпы құрылыс жұмыстарымен тығыз 
байланысты, олар ғимараттың қабаттарында өтеді. Бұл жерде санитарлық-
техникалық жұмысты орындаушылар құрылысшылардың артынан 
жұмыстарын жүргізіп отырады. 
Тізбекті
 
әдіс
бір мезгілде бірнеше жұмыс түрлерін өндіруді білдіреді 
және құрылыстың мерзімін минимумға дейін қысқартады, бұл ретте 
мамандардың әрбір бригадасы кестемен белгіленген мерзімде жұмысты 
орындауы тиіс. 
Жұмыстарды ұйымдастырудың жүйелі әдісі де қолданылады. Бұл 
жағдайда санитариялық-техникалық жұмыстар жалпы құрылыс аяқталғаннан 
кейін орындалады. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет