Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т


 БӨЛІМ  САНИТАРЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР



Pdf көрінісі
бет3/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник
Дәріс 12
1 БӨЛІМ 
САНИТАРЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР 
 
1.1 ТАРАУ. САНИТАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
1.1.1 Ғимараттардың элементтері және санитарлық - техникалық
жүйелер 
 
Ғимараттар мен үймереттердің функционалдық арналуына қарай 
адамдардың тұруына немесе болуына және әртүрлі өндірістік процестерді 
орындауға арналған жасанды құрылған ортаны құрайды. 
Ғимараттар тұрғын үйлер (пәтерлік үйлер, жатақханалар), қоғамдық 
(клубтар, мемлекеттік және әкімшілік мекемелер, мектептер, ауруханалар, 
асханалар), өнеркәсіптік (зауыттар, фабрикалар, электр станциялары, 
шахталар, сондай - ақ қосымша және қосалқы ғимараттар) және ауыл 
шаруашылық (сиыр қоралар, құс қоралар, көкөніс және астық қоймалары 
және т.б.) болып бөлінеді. 
Үймереттер өндірістік процестерді орындауға, материалдарды, 
бұйымдарды, жабдықтарды және т. б. сақтауға арналған. 
Әрбір ғимарат жеке өзара байланысты құрылымдық элементтерден 
(бөліктерден) тұрады. Ғимараттың көтергіш және қоршау функцияларын 
орындайтын элементтері құрылыс құрылымы деп аталады. Көтеруші 
құрылымдар негізгі жүктемелерді қабылдайды және ғимараттың беріктігін, 
қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз етеді. Қоршау құрылымы
ғимараттар мен үймереттердегі ішкі көлемдерді сыртқы ортадан немесе өзара 
оқшаулау үшін қызмет етеді. 
Ғимараттың негізгі құрылымдық элементтеріне (Сур.1) мыналар 
жатады: іргетастар, қабырғалар, жабындар, қалқалар, жабын, баспалдақтар, 
терезелер, есіктер, балкондар. 
Іргетас
1
— ғимараттың жер асты бөлігі, осы арқылы негіз топырағына 
жүктеме беріледі. Іргетас ғимараттың көтергіш элементтерінің 
(қабырғалардың, ұстындардың) астында ғана орнатылады. 
Іргетастың төменгі беті 
табан
 
деп аталады. Егер ғимаратта жертөле 
қабаты (жертөле 2) орнатылса, онда іргетастың құрылымы, оның 
қабырғасының да қызыметін атқарады. 
Қабырғалары
 3, 
қалқа
 4, 
жабыны
 5 
— ғимараттың қоршау құрылымы. 
Қабырғалары үй-жайларды сыртқы ортадан қоршайды және оларды 
атмосфералық әсерлерден қорғайды. Ішкі бөліктер ғимараттағы аралас үй-
жайларды бөледі. Жабындар — ішкі көлденең құрылымдар, олар қабат, 
шатыр, жертөле және т. б. Ғимараттың сыртқы қабырғасының төменгі 
бөлігі тікелей іргетаста жатқан 
цоколь
14 деп аталады. 


10
1 — іргетас, 2 — жертөле, 3 — қабырға, 4 — қалқа, 5 — жабын, 6 — 
лифт, 7 — баспалдақ маршы, 8 — баспалдақ алаңы, 9 — шатыр, 10 — шатыр 
жабыны , 11 — шатырдың көтергіш құрылымы, 12 — шатыр, 13 — балкон, 
14 — цоколь, 15 — газ аспабы, 16 — арматура (су тарату), 17 — санитарлық 
аспаптар, 18 — санитарлық-техникалық кабина, 19 — тіреуіштер, 20 — 
магистральдар, 21—, 22 — жылыту құралы; жүйелер: Тl, Т2 — жылыту, ТЗ, 
Т4 — ыстық су құбыры, В1, В2 — суық су құбыры, BE — желдету (сору), 
К1-шаруашылық — тұрмыстық кәріз, К2 — суағарлар, К1М — қоқыс 
шығару, Г1-газбен жабдықтау (төмен қысымды) 
Сурет 1— Ғимарат элементтері және санитарлық-техникалық жүйелер 


11
Жабын—шатыры 9 және шатыр асты жабынынан тұрады; олардың 
арасындағы кеңістік 12 
шатыр
 
астын
құрайды. Шатыр—көтергіш 
құрылымы 11 (тақта, итарқа, торлар) ылғалға төзімді материалдан жасалған
шатырын 10 (черепица, асбест-цементті лист, рубероид және т.б.) қамтиды. 
Ғимарат қабаттарын қосатын
 
сатылар
 
сатылы алаңдардан 8 және 
сатылы баспалдақтан 7 тұрады. Қабаттар деңгейінде орналасқан баспалдақ 
алаңдары негізгі болады, ал қабаттар арасында орналасқан — аралық деп 
аталады. 
Баспалдақ
 
торы
— күрделі қабырғалармен қоршалған баспалдақ үй-
жайы, онда
 
лифтілер
6 орналасқан. Аз қабатты ғимараттарда сатылар ашық 
болуы мүмкін. 
Ғимараттың қосымша элементтері: 
балкон
13, 
эркер
(сыртқы 
қабырғаның жазықтығынан шығып тұрған үй-жайдың әйнектелген бөлігі), 
жабық балкон, қалқалар. 
Бөлмелер — шектеулі ішкі кеңістік болып табылады, яғни, адам өмірі 
мен қызметінің әр түрлі түрлеріне: еңбекпен, демалумен, емдеумен, 
оқытумен сәйкес оңтайлы жағдайлар жасалады. 
Үй-жайдың қолданылу мақсатына байланысты талап етілетін сыртқы 
дыбыс режимі (естілу шарты) және жергілікті, ішкі шуылдардан 
(дыбыстардан) қорғаныс орнатылуы қамтамасыз етілуі тиіс. 
Бөлменің микроклиматы — оның ауа ортасының параметрлерінің 
жиынтығы (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының 
жылдамдығы, тазалық дәрежесі) - белгілі бір жұмысты орындау кезінде адам 
ағзасының физиологиялық қажеттіліктеріне, сондай-ақ технологиялық 
процестің талаптарына сәйкес болуы тиіс. 
Бөлмедегі температура мен ылғалдылықты жылу жайлылық 
жағдайларына сәйкес (температураны t = 18...23°C, ылғалдылық 40...60%)
деңгейде ұстау керек. 
Жеке үй-жайларға энергия (газ, отын, электр энергиясы), су, ауа берілу 
болғандықтан ластанған сулар мен ауа, қоқыс шығарылуы тиіс. 
Үй - жайлардың абаттандыру дәрежесін айқындайтын және жайлылық 
жағдайларын ұстап тұру үшін ғимараттың инженерлік жүйелері мен 
жабдықтары: жылыту, желдету, сумен жабдықтау, кәріз, газбен және 
энергиямен жабдықтау жүйелерімен (және электрмен жабдықтау), тік 
көлікпен (лифтілер, көтергіштер, экскалаторлар) қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет