Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/46
Дата27.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155297
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары:
1. Басқару жүйесі қандай міндеттерді шешуге арналған?
2. Басқару жүйесінің иерархиялық құрылымы қандай?
3. Интеллектуалды басқару деңгейінде қандай есептер шешіледі, мысал
келтіріңіз?
4. Сандық кескіннің пикселі дегеніміз не?
5. Жасанды интеллект əдісінің қайсысы интеллектуалдық басқаруды
құрайды?
4-дəріс. Стратегиялық басқару деңгейінде қозғалысты жоспарлау.
Тактикалық деңгейде жоспарлау. Басқарудың орындаушы деңгейі.
4.1 Стратегиялық басқару деңгейінде қозғалысты жоспарлау
Стратегиялық деңгейде басқару жүйесі əрі қарайғы іс-əрекет мəселесі
туралы шешім қабылдау үшін қозғалысты жоспарлауды жүзеге асырады.
Мұндай жағдайда шешімдерді құру сонымен қатар, жасанды интеллект
теориясы əдістеріне де негізделеді. Қоршаған ортаны біркелкілеу
жүргізілгеннен кейін, БЖ мəселесі белгілі мақсатты бағытталған қозғалыстарды
іске асыруға бағытталады. Сонымен, РТЖ қозғалысының мақсаты орта
кеңістігін қандайда бір бастапқы күйден басқа бір күйге түрлендіру болып
табылады. БЖ алдына қойылған есептің шешімі əртүрлі тəсілдермен жүзеге
асырылады. Мақсатқа жетудің ең қарапайым жолы тізбекті іріктеу əдісі болып
табылады. Əртүрлі нұсқаларды іріктеуде графтар қолданылады. Т бетінен жəне
А, В жəне С үш жазық объектілерден тұратын жұмыс кеңістігі қарастырылатын
қарапайым есепті қарастырайық (4.1-сурет).
4.1-сурет. Бастапқы сұлба
Бастапқы күйде А жəне В объектілері Т бетінде орналасады, ал С объектісі
А-ның үстінде орналасқан.


4.2-сурет. Əрекеттер тізбектілігі графы
С объектісі Т-бетінде, В объектісі С-ның үстінде, ал А объектісі В-ның
үстінде орналасатындай кеңістік күйін түрлендіру қажет. Сонымен,
мехатрондық құрылғы (МҚ) Х-тен Y-ке, одан Z-ке тек бір MOVE (қозғалту)
операторын қолдана алады. Операторды қолдану үшін Х, Z объектілерінің үстінде
басқа объектілер болмауы тиіс. Күйге жасалатын MOVE(X,Y,Z) операторының
əрекетін граф доғасы арқылы, ал күйді төбе түрінде белгілесек, қажетті кеңістік
күйінің іздеу графы құрылады (4.2-сурет). 4.2-суреттен көрініп тұрғанындай,
шешім доға (операторлар) тізбегінен тұратын графта ең қысқа жолды табу
болып табылады: MOVE(C,A,T), MOVE(B,T,C), MOVE(A,T,B).
4.2 Тактикалық деңгейде жоспарлау
Тактикалық деңгейде əртүрлі жоспарлау əдістері жұмыста қарастырылған.
Кинематикалық жəне динамикалық жоспарлауды ажыратады.
Кинематикалық жоспарлау кезінде есептер жалпыланған координаталар
кеңістігінде немесе декарттық координаталар кеңістігінде шешіледі. Жалпыланған
координаталар кеңістігі деп белгілі уақыт мезетінде
 Q = {q
i
,..., q
N
}
жалпыланған
координаттар мəндерінен тұратын
Q
көпмүшелігін айтамыз.
N - q
жалпыланған
координаттар саны. Декарттық координаталар кеңістігінде шешкен кезде,
жұмыс органының кинематикалық сипаттамалары декарттық координаталар
жүйесінде қарастырылады. Есепті шешу үшін Денавит-Хартенберг əдісін
қолданып, біртекті түрлендірулер өте кең қолданылады. Қозғалысты жоспарлау
нəтижесінде стратегиялық деңгейде немесе функционалдық белгіленулерден
алынған қозғалыс үшін берілген уақыт аралығы үшін жалпыланған
координаталардың нақты мəндері анықталады.
Жалпыланған координаттар кеңістігінде жоспарлау есептерін шешудің бір
əдісін қарастырайық (4.3-сурет).


4.3-сурет. Жалпыланған координаттардың өзгеруінің
мүмкін болатын функциялары
t
o
бір уақыт моментінде жалпыланған координаттар векторының мəні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет