Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


Қолданылған дерек көздері...........................................................................119



бет3/27
Дата27.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#188885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
appraktika12 (1)

Қолданылған дерек көздері...........................................................................119

АЛҒЫ СӨЗ
Күнделікті өмірдің үнемі өзгерістердің болуы нәтижесінде мемлекеттің нормативтік - құқықтық актілері үнемі өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін талап етеді.Сондықтан да мемлекеттік органдарыында реформа қажет болады.
ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына деген жолдамасында мына бiр маңызды мәселенi қозғаған болатын: ” Қазақстан Республикасының құқыққорғау және мемлекеттік қызмет органдары кезектен тыс аттестациядан өтуі қажет” деген.
Құқықтық реформаның күннен күнге нығайуына байланысты Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық пәнiнiң мазмұнына аса көңiл бөлудi қажет етедi. Осы атлған пәннiң бiр бөлiгi - ол, әкiмшiлiк құқықтық - қатынас мәселесi ерекше орын алады. Қазақстанның көптеген аумағында облыстық және қалалық сот құрамында әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерiн қарау жөнiнде жеке судьялар тағайындалуда.
Болашақ заң маманын игерушiлерге ұсынып отырылған тәжірибелік құралы әкiмшiлiк құқық пәнiнде және әкiмшiлiк юрисдикциясының арнай курсында пайдалануға және алдағы уақытта құқық қорғау органдарында немесе мемлекеттiк қызметте қызмет атқарған кезде практикада пайдасы тиетiн болады. Бұл дегенiмiз әрбiр құқық қорғау органдарының және мемлекеттiк қызметтегi қызметшiлерi мен лауазымды тұлғаларының әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi бойынша әкiмшiлiк iс өндiрiсiн жүргiзудегi және қажеттi деген құжаттар мен iс қағаздарын заң ережесiне сәйкес орындауы туралы түсiнiктеме берiлетiн болады. Осы аталған оқу-әдiстемелiк құралы студенттерге күнделiктi семинар және практикалық сабақтарында есеп шығаруға көмегi тиетiн болады.
Осы аталған тәжірибелік құралында әкiмшiлiк құқық бұзу фактлерiнiң түрлерi туралы және әкiмшiлiк iстердi қарап тиiстi шешiмдердi яғна әкiмшiлiк жазаны салу органдары мен лауазымды тұлғалары туралы оларың құзыреттiгi жөнiнде, салынатын жазаның мөлшерi туралы толық түсiнiктеме берiлетiн болады. Ұсынылып отырған оқу-әдiстемелiк құралында әкiмшiлiк өндiрiс iстерiн қалай өнiру, рәсiмдеу тәртiбi мен ережесi туралы толық анықтама берiлетiн болады. Әкiмшiлк жазаны салу ол заңды жазаның бiр түрi болып табылады. Оның себебі мемлекет өзінің билігін заңды негізде жүзеге асырады.
Сонымен қатар осы құралдың мазмұнында мемлекеттік органдарың құзыреті мен жүктелген міндеттерін заңға сәйкес орындау үшін есеп - жаттығулар көрсетілген. Бұл есеп – жаттығулар және тесттер күнделікті қоғамдық қатынастарда болып тұратын нақты тәжірибе ретінде көрсетілген.
Болашақ заң мамандығын игеру үшін осы аталған тәжірибелік есеп- жаттығу жинағында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тиісті процесуалдық құжатты дер кезінде және заңды түрде рәсімдеу тәртіптері мен ережелері көрсетілген.Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы Әкiмшiлiк тәртiп дегенiмiз - ол, мемлекеттiк органның және ондағы лауазымды тұлғалардың өздерiне жүктелген қызметтiк мiндетiн атқарудағы iс-әрекеттi айтады. Әкiмшiлiк қызметтiң басқару қызметiне әртүрлi байланыстар болады және тығыс қарым қатынастар жүргiзiледi. Өйткенi әкiмшiлiк басқару болмаса, онда мемлекеттiк билiктi жүргiзу мүмкiн емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет