Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


І Бөлім. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі есептер жинағы



бет4/27
Дата27.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#188885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
appraktika12 (1)

І Бөлім. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі есептер жинағы


1.Қоғамдық тәртіп саласындағы әкімшілік құқық бұзушылығы.

1 ЕСЕП


Азамат Өзімтаев О.О. ойын-сауықтан оралшған соң пәтеріне кіріп тиелевизорды қосып дауысын жоғарлатты.Сол кезде уақыт 24-00 сағат болатын. Мұны естіген көршілер келесі күні полицияға арыз берді.
Өзімтаев әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

2 ЕСЕП


Жол полиция қызметкері көлік жүргізуші Мақтанбаевты тоқтатып жылдамдықты жоғарлатқаны үшін айыппұл салды. Бұл шешімге риза болмай Мақтанбаев ДВД-ға шағымды 15 күн өткен соң берді. ҚР ӘҚБ кодексі бойынша шағым шешім қабылдаған күннен бастап неше күннен кешіктірілмей берілуі керек?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

3 ЕСЕП


Азамат Алаяқов орталық базарда бір дүкеннің витринасынан бір пар етікті алып қашып аьар жатқан жерінен базар күзетшісі ұстап полиция бөоліміне тапсырды. Алаяқов әкімшілік құқықты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер

4 ЕСЕП


Дүкеншік Саудабаева 16 жастағы балаға «Коняк» сприт ішімдігін сатқан кезде учаске инспеторы ұстап дереу іс қағазды жазды. Саудабаева әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

5 ЕСЕП


Автоколона шеберханасының екі слесары Бозабаев пен Сырабаев жұмыстың соңында сол шеберхананың ішінде арақ ішіп отырған жерінен учаске инспеторы полиция бөліміне алып келді. Осы екі слесарлар әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

6 ЕСЕП


Азамат Құмарбаев жасы 15 ке келген екі балалармен ақша ұтысымен шахмат ойынын ойнай отырып екі баладан 2-мың теңгені ұтып алды. Мұны көрген бір адам полицияға хабар беріп Құмарбаевы ұстады. Құмарбаев әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

7 ЕСЕП


Азамат Саудагеров орталық базарда тауарды сатып тұрған кезде оны қаржы полиция инспекторы тексергенде тауардың құжаты болмады. Саудагеров
әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

8 ЕСЕП


Азаматша Алыпсатарова А.А. жергілікті әкімдіктің рұқсатысыз екі көшенің қиылысында темекі және басқа да уақ-түйек заттарды сатып жатқан кезде полиция патруль қызметі ІІО алып келді. Алыпсатарова А.А. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

9 ЕСЕП


Азамат Жалғанбаев Ж.Ж. ГАЗ қызметіне газ балпаны жапрлды деп адреске шақырды. Оқиға болған жерге келген Газ қызметшілері ешқандай жарылыс фактісін таппады. Жалғанбаев Ж.Ж әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

10 ЕСЕП


Азамат Көкнаров К.К. шылымның ішіне анашаны салып оны шегіп отырған жерінен полиция патруль қызметі полйцияға алып келді. Көкнаров К.К. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

11 ЕСЕП


Жолаушы Темекібаев поезд вагонының ішінде шылым тартып тұрған жерінен көлік полиция қызметшілері хаттаманы жазды. Темекібаев әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

12 ЕСЕП


Капланбек поселкесінің әкімі Бастықов Б.Б. поселке әкімдігінің кеңсесіне ҚР жалауын тағуға рұқсат бермеді. Оның себебі ауылды жерге жалаудың қажеті жоқ деді. Бастықов Б.Б әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

13 ЕСЕП


Азамат Мылтықбаев М.М. өзінің қосауыз мылтығын Қарқымбаевқа сатты. Мұны естіген учаске инспеторы Қарқымбаевтан мылтықты хаттаманы жазып алып қойды, ал Мылтықбаевты полиция бөліміне шақырылды? Мылтықбаев М.М. әкімшілік құқыты бұзды ма? Жауапты негіздеңдер.
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.
14 ЕСЕП
Азамат Қасқырбаев Қ.Қ. аңшылықпен айналысатын. Ол өзінің мылтыған аңшылықтан оралған соң, үйіне келген соң мылтықты шифонердің ішіне қоя салды, сол қойғанна бері бір жылдай уақыт өтті. Учаске инспекторы рұқсат қағаз бен қаруды тексеру кезінде шифонердегі мылтықты тауып дереу хаттаманы жазды. Қасқырбаев Қ.Қ. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

15 ЕСЕП


Азамат Тасабаев Т.Т. өзінің тұратын үйінде жергілікті әділет органының қызмет мекемесіне тіркелмегеніне алты ай өтті. Мұны байқаған учаске инспекторы хаттаманы толтырды. Тасабаев Т.Т. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

16 ЕСЕП


Азамат Жалқаубаев Ж.Ж. өзін аурумын деп дәрігер Майлықовтан ауқытша еңбекке жарамсыз деген 5 күндік парақ қағазын алды. Жалқаубаев Ж.Ж. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

17 ЕСЕП


Азамат Ойнаубаев О.О. пен Күлкібаев К.К. жүк поезының ортаңғы вагонының тежегіш орнатылған орынында екуі тұрып жайдан жай серуендеп жүрді. Мұны байқаған машинист дереу көлік полициясына хабар берді. Ойнаубаев О.О. пен Күлкібаев К.К. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

18 ЕСЕП


Азамат Қылжақбасов Қ.Қ. ұшып кле жатқан самолет саланында беберкетсіз жүріп, пилот кабинасына кірмек болып бірақ екипаж қызметшісі оны отырғызды. Кеиіннен самолет трапынан Қылжақбасовты әуе жол полициясы ұстап алып кетті. Қылжақбасов Қ.Қ. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

19 ЕСЕП


«АУЫЛ»ЖШС директоры Басқармасов бақташыларға малды теміржолдың үстімен айдауға рұқсат берді, ал переезд болса өте алыс болды. Соныдқтан тіке теміржол үстімен төте болғандықтан үнемі малды айдайтын боды. Мұны көрген жол мастері теміржол басқарамсына хабар берді. Ал басқармадан ресми арыс көлік полициясмына келіп түсті. Басқармасов әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

20 ЕСЕП


Азамат Қалтабаев Қ.Қ. көтерме заттың бірнеше данасын сатып алды. Ал осы затты сатып алғаны үшін қоймашыдан сатып алған заттың бағасын екі есе жоғалатып есеп-шотқа жазғызды. Қоржы полициясы хаттаманы жазды.
Қалтабаев Қ.Қ. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

21 ЕСЕП


Аудитор ревизоры Қисықбаев Қ.Қ. сауда қоймасын тексерген кезде заттың жетпегені жөнінде оның жалпы бағасын төмендетті ,ал шын мәнінде жетіспеген заттың бағасы екі есе жоғары болатын. Қисықбаев Қ.Қ. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

22 ЕСЕП


Жеке кәсіпкер Кәсіпбаев К.К. өзінің иелігіндегі ұшақты пайдалану арқылы әуеге көтеріліп серен-шеру жасады. Бірақ бұл туралы әуе кеңістігінің диспетчерінен ешқандай рұқсат апмаған болды. Мұны естіген әуе жол политциясы Кәсіпбаевты алып кетті. Кәсіпбаев К.К. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

23 ЕСЕП


«Салют» бейнесалоның қызметшісі Анайов А.А. Әуежай залына келіп өзімен бірге алып келген аспаптарымен анайы эротикалық бейне суреттері мен киноларын көрсетіп жақтан кезде полиция патруль қызметшілері сенсты тоқтатып Анайовты аспаптарымен қоса алып кетті. Анайов А.А. . әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

24 ЕСЕП


Азамат Тапаншиев өзінің мылығымен бір бұралқы итті көріп елді мекеннің көшесінде бірнеше рет оқ атты. Мұны көрген учаске инспекторы дереу хаттаманы жазды. Тапаншиев әкімшілік құқыты бұзды ма? Жауапты негіздеңдер.
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.

25 ЕСЕП


«Мандарин» Мейрамханасын тексерген кезде сантарлық эпидемиялық қызметінің дәрігері аспазшылардың санитарлық кітапшаларында кезекті медициналық қараудан өтпегені атықталды. Бұл жайды кафе директоры Борсықов Б.Б. оның қажеті жоқ деп жауап берді. Борсықов Б.Б. әкімшілік құқыты бұзды ма?
Жауапты ҚР ӘҚБ туралы кодекс бойынша негіздеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет