Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Менің естіп білгендерім Мәшһүр-Жүсіптің зираты туралы



бет4/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Менің естіп білгендерім Мәшһүр-Жүсіптің зираты туралы

Өкпеннің Кәрімтайы


«Сарыарқа самалы»1995 ж
«Сарыарқа самалы газетінің» газетінің осы жылғы 8 қараша санындағы № 128 санына Көпеев Сүйіндіктің Мәшһүр-Жүсіп зираты жөніндегі мақаласын оқып, мен де өзім көрген және нағыз білетіндерден естіген Мәшһүр-Жүсіптің ерекше бір қасиетті істерін оқушы қауымға ұсынуды мақұл көріп, соны жолдап отырмн.
Мәшһүр-Жүсіп қазіргі Баянауыл ауданы Жаяу Мұса атындағы кеңшардың Айдос деген жеріне мешіт салғызып, сонда бірнеше жыл отырған. Сол жерде бәйбішесі қайтыс болып, сонда қойып басына орнаттқан тасқа:
Тастан соққан моламыз,
Тәуір емес жорамыз.
Жолаушының жолында,
Дұға күтіп тұрамыз,-

деп жазыпты. Одан кейін сол жердегі Айдабол Қарақозы атасының Бабыр ұрпағынан Нұрмағанбет Сопы деген адамның қызына үйленген, тұрмыс құрған. Осы қайьін жұртында Займолда деген дәулетті қажы болғзн. Осы қажының бір қойын Мәшһүр -Жүсіптің аң алатын иті талап жаралапты. Мұны қойшылар Баймолда қажыға айтқан. Баймолда итті ұстатып алып, артқы тірсегін қиғызып тастапты. Иттің жағдайын Мәшһүр Жүсіпке айтқанда, не дейін итке осынша бейнет берген. Баймолдаға тек кәріліктің бейнетін берсін депті. Осы қажы 102 жасқа жетіп, кәрілік бейнетін көріп, ұмытпасам 1952 жылы қайтыс болды.


Октябрь төңкерісінен кейін ауыл белсенділері бай, молдамен алыса келді ғой. Үш - төрт белсенді бір ауылдан шығып екінші ауылға келе жатса, алдарынан трашбенкеге ат жеккен Мәшһүр - Жүсіп кездеседі. Жаңағы белсенділердің басшысы (Атын білем, өзім көргем, бірақ атын жазбадым). Молданың дәуірі өткен, арбадағы жегулі атымды алыңдар деп бұйырады. Қасындағылар бізге Мәшекең-нен басқа да жетер, қоя берейік дегенге көнбей атын алып, МәшҺүр Жүсіпті жолға тастап кетіп өздері екінші ауылға барып бір үйге түседі, Сол жерде әлгі белсенділердік басшысы жынданып ауырады. Қасындағы жолдастары. Мәшһүрмен болған уақиғаны айтады, үй иесі қолма - қол Мәшһүрдің атын анып барып үйіне алып келіп, Мәшеке кешіріңіз бір қателік болған шығар, дел жалыңған соң, сен жанымды қоймадың ғой, жарайды тәуір болсын, жалғыз – ақ Мәшһүрден қалған еді дейтін белгі қалсын депті. Осы адам сол сағатында тәуір болып жазылады. Айтқан белгісі де қалды. Ол әңгімелесіп болмаса қатар отыра қалсаңыз оң жақ қолымен қасындағысын түртіп отырушы еді. Соғыс жылдары «Одақ» колхозында қазіргі Шанин атындағьі кеңшар Қапашов Ақанай деген адам завферма болған. Сонда үлкендермен Мәшһүр Жүсіптің менің жамбас топырағым ең болмаса желіні іскен малға ем болмас дейсің ба дейді екен дегенді естіп зиратынан орамаға орап топырақ алады. Кейін осы Ақанай ақсақал менің қарамағымда орманшы болып көп жыл істеді. 1964 жылы болу керек «Сарөлең» деген учаскедегі малға құтырған қасқыр тиіп бірталай мал өлді, сол жолы Ақанай ақсақал-дың қара көк атын да қасқыр талайды. Мал дәрігерлері мына атты өлтіріп көміңіз депті. Сонда Ақанай ақсақал екі - үш күн байқайын деп дәрігерлерді қайырып жіберт, Мәшһүр Жүсіптің жамбасынан алған топырақпен заттың денесіндегі жараны жуыпты. Осыдан Қаракөк ат жазылды. Кейін бірнеше жылдан кейін соғымына сойып жейді.
Баянауыл ауданының Сталин атындағы колхозда тұрушы руы Қозған Күзеков Рахмет деген ақсақал 1954 жылы өзімнің үйімде қонып отырғанда өзінің ашаршылық жылдары «Кузнецстройға» барғанын айтып, Кәрімтай қарағым, мен саған Мәшһүр Жүсіптің бір кереметін айтайын: «Рахмет айтып еді деп жүрерсің» деген еді. Кузнецстройда жұмыс істеп жүр едім, бір күні түрі орыс, сөзі қазақша бір жігіт келіп, «ассалаумағалейкүм» деп екі қолын кеудесіне қойып, сәлем беріп қасына келді. Сіз Баянауылдан екенсіз, сыртыңыздан естіп біліп, Сізге әдейі сәлемдесе келдім. Мен де Баянауылдікімін» деді. Мен оған сондай рудансын дегенімде, ол Сіз Мәшһүр Жүсіпті білесіз бе, мен соның баласымын деді. Сонда мен сенін атың кім дегенде, аға асықпаңыз. Қазір мен сізге бәрін түсіндіремін деді ғой, Мен шынында Баянның орталығында тұратын өзінің әкесінің атын атап мен сол орыстың баласының (Рахмет ақсақал әкесінің өзінің аты-жөнін толық айтып еді, мен ұмытып қалыппын). Ал Мәшһүр Жүсіптің баласымын дейтім себебім, менің әкем Мәшһүрмен өте сыйлас екен, бірақ шешем бала көтермейді. Әкем әдейі Мәшһүрді үйіне қонаққа шақырып, Сіз бізге тұмар беріңіз, біз бір балаға зармыз ғой, деп жалынған соң, қағазға жазып тұмар беріпті. Содан кейін мен туыппын. Содан әке - шешем сен Мәшһүр берген ұлсың, Мәшһүрдің баласысын деп кетті және әке-шешем сен мұсылмансың, мұсылман жолынан тайма, мынау Мәшһүрдің тұмары деп қағазды маған берді. Әке - шешемді үкімет конфескелеп көзін жойды. Мен енді қашып келіп мұнда жүрмін. Алда не боларын бір Алла біледі. Рахмет аға, сізді іздеп келгенім осы жағдайыды айтып танысу еді. Мәшһүрдің тұмары өзімде сақтаулы. Егер мен өліп қалғандай болсам, қазан тәртібімен мұсылман зиратына қойыңыз, бір Баянауламыз ғой. Сізге айтарым сол». Мағам сенсеңіз міне Мәшһүрдің тұмары деп маған ұсынды. Қандай дұға жазды екен деп қарасам:

Ұл берсең Маяма,


Қыз берсең аяма.
Мына орыс артымнан қалмады-ау
Құдай-ау бір ұлыңды аяма,-

деп жазған екен. Оқып көріп таң қалдым. Кейін осы жігіт қайтыс болып, мен өз қолымнан айтқан аманатын орындап қойдым деді.


Міне, біз Мәшһүр-Жүсіптің ақындығымен, лепесінің қабылдығын, қаксиетінің ерекшелігіне бас игеніміз жөн сияқты.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет