Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Тәрбиеленушіні сыйлау және оған талап қою дегеніміз



бет105/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Тәрбиеленушіні сыйлау және оған талап қою дегеніміз – баланы жан – жақты білу, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін, күшті және осал жақтарын айқындау және оның жағымды қасиеттерінің дамуына педагогикалық қолайлы жағдай туғызу, ықпал жасау болып табылады.

Жас және дара ерекшеліктерін есепке алу. Бұл қағиданың мақсаты;

– Тұлғаның түсінігі,сенімі, көзқарасы, ақыл – ойының деңгейі бірдей емес, соған орай

мінез – құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасын ескеру;

– Тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіндеп

жүйелі жүргізу.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу қағидасының мақсаты – оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі бірлескен іс – әрекетінде олардың жауапкершілігі, белсенділігі артып, тұлғаның жан – жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болады, достығы жарасып, ізгілік қарым – қатынас орнайды, өзімшілдік жойылып, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыру.

Мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету қағидасы. Бұл принцип тәрбиеге қатысы бар барлық адамдардың педагогикалық әрекеттерді бірлесе, өзара байланыста бола отырып толықтырып және дамытып отыруын талап етеді. Бұл принципті негізге алуда оқушы тұлғасы тәрбиеші, отбасы, жолдас – жоралары, оқушылар ұжымы, қоғамдық ұйымдардың ықпалының нәтижесінде дамиды. Жалпы мектеп, ұстаздар және отбасы тәрбиесінің өзара байланыста, бірлікте болуын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   424




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет