Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі181 Kb.
#80712
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
63cc9bd3-a2ed-11e4-bd4b-f6d299da70eeтарихи таным 2 (2)

4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № баспа «___» ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА)


Мазмұны



  1. Жалпы ереже

  2. Сабақ түрлерінің сағаттары көрсетілген пән мазмұны

  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

  4. Курс форматы

  5. Курс саясаты

  6. Бағалау саясаты

  7. Әдебиеттер


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер
Лектордың аты-жөні Кариева Тоты Амангельдыевна т.ғ.к., доцент м.а.
Кафедра – Қазақстан тарихы
Байланыс мәліметтері: тел 8(7222) 360225 (кафедра) №1 оқу ғимараты,
№ 1006 кабинеті
Сабақ өткізетін орны- кестеге сай
Пән бойынша кредит саны – 2


1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні тарихшы- студенттерді оқыту барысында негізгі элемент болып табылады. Тарихты зерттеу әдістерінің дамуымен, тарихшылардың алдында жалпы тарихи үрдісте өз халқының орнын анықтау тұрды. Аталған пәннің ерекшелігі-ол студенттің алғашқы курстардағы барлық іргелі тарихи және гуманитарлық пәндерден алған біліміне негізделеді және оны қортындылайды. Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясын оқыған кезде студент ежелгі дүниеден бастап Еуропаның тарих ғылымының генезисін және одан ары қарайғы дамуын көре алады. Тарих теориясы мен методологиясының негізгі ұғымдар жүйесі және категорияларымен танысып, зерттеу әдістерін меңгереді.
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы пәнінде ғылыми- тарихи білімдердің пайда болуы және жинақталуы, тарихи ойдың дамуы, тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы, әр кезеңдегі тарихи таным мен ойлау заңдылықтары ашылады.
Тарихи үрдісті және танымды түсіндіру (тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы) тарих философиясының негізгі міндеті болып табылады. «Тарихтың философиясы» терминін Вольтер енгізді, ол бұл түсінікті ғылыми тарихтың белгілерін анықтау үшін қолданды. Одан кейін Гердер мен Гегель бұл терминді тарихи үрдісті жалпылау жеке тарихтарды біртұтас әлемдік тарихқа тоғыстыру үшін қолданды. Тарих философиясының міндеттері тарихи үрдістің дамуының басты себептері мен факторларын анықтау. Кейіннен «тарихтың философиясы» терминінің мазмұны кеңейтілді. Риккерт, одан кейін Коллингвуд бұл түсінікке тарихи білім мен таным туралы ілімді еңгізді. Бұл ілімді бірқатар ғалымдар тарихтың методологиясы деп те атайды. Өйткені бұл жағдайда тарихтың философиясы тарихи танымның теориялы формаларына қатысты алғанда рефлекция функцияларын атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет