Қазақстан республикасының білім


Виртуалды әлемде адасқандар



бет80/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
Виртуалды әлемде адасқандар


Эссе


Дмитрий Сахаров

Мен ескі компьютерімді өшіргенде қараңғы түн болатын. Интернеттің шексіз әлемін шарлаған бірнеше сағат ішінде туындаған ойлар тынышталсын деп, біраз уақыт қозғалмай отыруға тырыстым.




122 АДАМ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Басым гуілдеп тұр. Уақыт пен кеңістік жойылған, ойлар, сөздер мен бейнелерге толған қуыста отырғандай таныс сезім биледі. Мен екі әлемнің – виртуалды әлем мен шынайы әлемнің шекарасында отырған тәріздімін. Және осы нүктеде екеуі де бірдей шынайы болып тұр. Қытай философының сөзі есіме түсті: «Мен оянып, өзімнің кім екенімді түсіне алмадым: мен – көбелек екені түсіне кірген адаммын ба, әлде, адам екені түсіне кірген көбелекпін бе».


Осы минуттарда өзімді тең дәрежеде тірі адам болып та, компьютерлік желілерді шарлауға шыққан мәңгі жолаушы болып та сезіндім. Осы әлемдер торабында тұрған сәтімді тоқтатқым келді. Кейбір адамдардың виртуалды әлемде не іздеп, не тауып, «кәдімгі» өмірден неге кетіп, өзге шынайылықты неге іздейтінін түсінгім келді. Бұл виртуалды әлем біз білгеннен әлдеқайда ауқымды.


Оның ішінде шынайы әлемді алмастыруға, оның имитациясын жасауға, адамда иллюзия немесе иллюзия кешенін тудыруға арнайы жасалғанның бәрі бар. Сондықтан оған әртүрлі тренажерлар мен имитаторларды, мысалы, ұшқыштарға арналған, және өз заңдылықтарымен дамып келе жатқан Интернет желісін, интерактивті телевидениені және тағы басқаларды жатқызуға болады. Бірақ, адам ойы мен қиялының күшінен пайда болған өзге әлемдерге қарағанда, виртуалды әлем пайда болғаннан кейін өзінің жеке, жаратушысынан тәуелсіз өмірін сүріп келеді. Ол – белсенді, біздің өмірге басып кіріп, өз орнын алуда.


... Виртуалды әлемде супермен болу немесе өзің қалаған адам болу өте оңай – тырысудың, еңбек етудің қажеті жоқ, ал қателескен жағдайда ойынды қайта бастауға болады. Бұл жалған әлемде жеңіліс жоқ, сен әрқашанда жеңімпаз боласың, және осы әлемнің сыртында сенің талантыңды ешкімнің білмейтіні маңызсыз. Бұл әлемнің патшасы – сен. Сондықтан осындай виртуалды әлем шынайы әлемнің орнын басып келе жатыр. Оларды үйлестіре білу үшін виртуалды әлемді екінші орынға қойып, ондағы «жеңістер» мен «ерліктерді» нақты орындарына қоя білу керек. Бірақ қорқыныш пен шынайы әлемге деген сенімсіздік орын алса, виртуалды әлем жеңіп, тәулік бойы виртуалды әлемде отырған, шынайы әлемді ұмытқан адамдар жайлы әңгімелер ешкімді таң қалдырмайтын болады.


Ғылым мен техника орнында тұрмайды. Бүгінде үш өлшемді





АДАМ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ

123

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Жақын арада бәріміз оянып,

біз өмір сүріп жатқан жалғыз ғана әлемнің бар екенін түсінетін шығармыз. Тек осы әлемде ғана біз өзімізді, өмірімізді өзгерте аламыз.

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


виртуалды әлемде әрекет етуге көмектесетін ойын шлемдері, арнайы қолғаптар және өзге құрылғылар әдеттегі заттарға айналды.


«Виртуалды шынайылылық» термині 70-ші жылдары адамның компьютерлер көмегімен жасалатын кеңістікте болу идеясын білдіру үшін пайда болған. Адам өзінің сезім мүшелерін компьютерге табыстаған тәрізді болады, ал компьютер ол мүшелерді


бейнелерге, дыбыстарға және сезімдерге «толтырады». Компьютер


тікелей адам миымен әрекеттесіп, оның көргенін, естігенін, сезінгенін өзінде жинақтайды. Осы жерде басты философиялық сұрақ туындайды: адам және компьютер симбиозындағы «басшы» кім? Бір жағынан адам өзін компьютерге табыстай отырып ойынға өз еркімен кіріп отыр, екінші жағынан ол виртуалды шынайылылыққа кіргеннен кейін тек компьютер ұсынған шектен шыға алмай әрекет етеді. Адамның қолынан келетін жалғыз әрекет – белгілі бір сәтте «ойыннан шығу». Бірақ, бұл оңай емес, виртуалды әлем неғұрлым шынайы болып көрінген сайын, ол адамға нағыз, табиғи болып көрініп, одан шығу соғұрлым қиынға түседі немесе одан шығу керектігі мүлде ұмытылады.


... Біз виртуалды шынайылылыққа үйрендік, оны қабылдаймыз. Тіпті көптеген адамдар оған кіруге асығады. Қазір арғы жақта, яғни виртуалды әлемнен шықпай өмір сүріп келе жатқан адамдар көп емес, бірақ жыл сайын олардың саны көбейіп келеді, ал виртуалды әлем «өмір сүруге» қолайлы болып келе жатыр. Мүмкін біздің «бәрі бақылауда» және қорқудың қажеті жоқ деген ойымыз қателесу шығар: әзірше виртуалды және шынайы әлемдер бөлінген, бірақ болашақта не болады? Қазіргі кезде виртуалды әлемді неғұрлым шынайы жасауға барынша күш салынып жатыр емес пе. Бір сәтте адамның ой-өрісі дисплей экранына дейін тарылып кеткенін байқауымыз мүмкін ғой.


Осы ойымнан селк еттім. Мен ұзақ отырған күйімнен шығып, жинала бастадым. Мені достарым, міндетті түрде іске асырылатын маңызды істер күтуде. Интернеттен тапқан ақпарат пайдаға асты. Шаршағаным басылып, өзімнен қайта сұрадым: «Мүмкін осының бәрі түс болар. Жақын арада бәріміз оянып, біз өмір сүріп жатқан жалғыз ғана әлемнің бар екенін түсінетін шығармыз. Тек осы әлемде ғана біз өзімізді, өмірімізді өзгерте аламыз. Тек осы әлемде ғана біз таңғажайып саяхаттар жасап, нағыз жетістіктерге қол жеткізе аламыз». Кім білсін...




Аударған Айым Ерімбетова


124 АДАМ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ



*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ





  • Мәтіндегі кейіпкердің «екі әлемнің – виртуалды әлем мен шынайы әлемнің шекарасында отырған тәрізді» сезінуіне не себепкер болды деп ойлайсыздар?




  • Дәл сол уақытта кейіпкерге «екеуі де бірдей шынайы болып» көрінуінің себебі неде?




  • Кейіпкерге осы жай-күйінен шығуға кім (не) көмектеседі деп ойлайсыздар? Абайдың «... Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға» деген даналығы көмекке келе алады деп ойлайсыздар ма? Себебін түсіндіріңіздер.




  • Виртуалды әлемді өз қажетіңе жаратып, одан қажетіңді алып, жақсы мен жаманды ажырата алуға кім (не) көмектеседі деп ойлайсыздар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   118




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет