Қазақстан республикасының білім



бет79/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
1-тапсырма. «Компьютердің адам өміріндегі рөлі» тақырыбында нақты ақпараттар мен деректерге сүйене отырып, зерттеу-мақала жазыңыздар.


2-тапсырма. Ақпарат көздерінен виртуалды өмір мен нақты өмір туралы ақпараттар жинап, өз қорытындыларыңызды жасаңыздар. Ондағы мәселелерді анықтап, шешудің жолдарын тауып, дәптерге жазыңыздар.


3-тапсырма. Жағдаяттарды оқып, өз шешімдеріңіз бен ой-тұжырымдарыңызды айтыңыздар.

Жағдаяттардағы мәселелерді анықтап, одан шығудың жолдарын ұсыныңыздар.




а) Айжан сабақтан бос кезде аулаға да шықпайды, сыныптас достарымен серуендеуге, кездесіп уақыт өткізуге құлқы жоқ. Анасына оған уақыт жұмсаудан гөрі, әлеуметтік желіде достарымен көрген-білгендерін әңгімелеп, қажетті ақпараттармен бөлісіп, «фото орнатып», «лайк басып», «пікір білдіріп», «селфи жасап» отырғанның әлде қайда дұрыс екенін айтады.


ә) Арман интернет арқылы қарым-қатынаста достардың санын көбейтуге күш салады және соған қуанады. Сыныптас досы Ғалымның «Дос санымен емес, сапасымен, адамгершілігімен құнды» деген сөзіне құлақ та аспайды.


б) Данияр өзінің жанында күнделікті қамқор болып жүрген достарынан гөрі әлеуметтік желідегі достарына көбірек сеніммен қарай бастады. Оның бұл әрекетін аңғарған әкесіне әлеуметтік желілердегі достарының қарым-қатынаста әлеуметтік статусы,



АДАМ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ

121

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




материалдық жағы, жас ерекшелігі, қайда тұратындығы кедергі келтірмейтінін, өзіне осы жағдайдың ұнайтынын айтты.


в) Рамазан досы Қайраттың әлеуметтік желідегі парақшасына қарап таң қалады. Ол түр-келбетіне қанағаттанбайтынын айтып, өз суреттерін қалағанынша өзгертіп қояды немесе өзге біреудің суретін енгізеді. Өзі туралы ақпаратқа шындыққа жанаспайтын жетістіктер туралы қоя салды. Достары да күнде өзгеріп тұрады. Қалаған адамымен тез араласып, тез араларын үзе салу оған қиын емес. Мен досымның әрекеттеріне қарап оның шынайы өмірден алшақтап бара жатқанын сезіндім. Енді не істеу керек екенін ойлап бас қатырып отырмын...


4-тапсырма. Facebook, Instagram, Twitter желілерінен рухани-адамгершілік бағытындағы парақшалардың көлемін, сипатын қарап, талдап, өз қорытындыларыңызды шығарыңыздар.

Адам баласының табиғаты, жан дүниесі басқа адамдармен сөйлесуді, танысуды, пікір алмасуды, яғни қарым-қатынас жасауды жақсы көреді. Демек, кез-келген адамға басқа адамдарсыз, олардың қарым-қатынасынсыз өмір сүру қиынға соғады. Сондықтан адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға талпынады.


Қазіргі таңда көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе-бет қарым-қатынас жасаумен қатар, әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас жасауға жүгінеді. Әлеуметтік желі – адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым-қатынас жасайтын құралы болып табылады.


Әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынас жасаудың өзіндік артықшылықтары да бар. Алайда қарым-қатынасты көбінесі интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасау адамдармен шынайы қарым-қатынасты шектейді. Ал адамдардың тікелей бетпе-бет, қоян-қолтық, шынайы қарым-қатынас жасауы олардың бір-бірін тереңірек түсінуіне, сезінуіне, қамқорлық танытуына мүмкіндік береді.


Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет