Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


V тарау. Трансмиссивті инфекциялар



Pdf көрінісі
бет3/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
V тарау. Трансмиссивті инфекциялар 
(А.Қ. Дүйсенова, Н.Т. Ермұқанова)-176 
 
Риккетсиоздар - 176 
Эпидемиялық бөртпе сүзек - 176 
Брилль ауруы - 183 
Кенелік энцефалит - 185 
Жүйелік кенелік боррелиоз (Лайм ауруы) –189 
Лейшманиоздар (
Н.Т. Ермұқанова)
-201 
Безгек (
Л.Б. Cейдулаева) -204
Геморрагиялық қызбалар 
(А.Қ. Дүйсенова, А.М. Дмитровский, Р.А. Егембердиева) 

191 
Кырымдық геморрагиялық қызба - 192 
Омбылық геморрагиялық қызба - 195 
Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба - 196 
 
VI тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары - 
217 
Вирусты гепатиттер
 -
(
Р.А. Егембердиева)- 219
Вирусты гепатит А - 219 
Вирусты гепатит В -224
Вирусты гепатит С -234
Вирусты гепатит Д - 236 
Вирусты гепатит Е – 238 
Микст гепатиттер – 240 
Вирусты гепатит G - 240 
АИВ инфекцияcы 
(С.Т. Доскожаева, Г.А. Шопаева) 
- 241 
Тілме 
(Н.Қ. Оспанбекова, А.Қ. Дүйсенова)-
246 
Сіреспе (
А.Қ. Дүйсенова, А.М. Сейсембаева)-
257 
Құтыру (
А.Қ. Дүйсенова)-
260 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



I ТАРАУ. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ІЛІМІНЕ КІРІСПЕ 
Жұқпалы аурулар жайлы түсінік
Жұқпалы аурулар адамзатқа ерте заманнан белгілі. Папирустарда обаның
полиомиелиттің, безгектің ағымы мен белгілері жазылған. Біздің дәуірге дейінгі 
Гиппократтың еңбектерінде қайталамалы сүзектің, тырысқақтың, дизентерияның, 
тілменің, түйнеменің, сіреспенің және басқа аурулардың клиникалық көріністерін 
сипаттап жазылған. Дүние жүзі халықтарында жұқпалы аурулар әртүрлі атаумен аталғаны 
белгілі, бірақ солардың барлығында да жұқпалы аурулардың негізгі ерекшелігі көрсетілді: 
кең және тез таралуы, жоғары өлім-жітімділігі. 
Жұқпалы аурулар жөніндегі ілімнің дамыған кезеңі – 18 ғасырдың соңы. Ұлы 
ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқалар осы дәуірде бір қатар жұқпалы 
аурулардың қоздырғыштарын бөліп алған. Кейінгі жылдары ғылыми микробиологияның 
даму нәтижесінде жұқпалы аурулар жеке пән болып қалыптасып осы дерттердің 
қоздырғыштарын, эпидемиологиясын, патогенезін, патологиялық анатомиясын, ағым 
белгілерін, анықталуын, емделуін және алдын алу жолдарын ғылыми тұрғыдан 
зерттеулерге жол ашты. 
Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың 
сырқаттануында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 
70% негізі инфекцияларға байланысты.
Осыдан біраз жыл бұрын жаңа антибиотиктерге, патогенетикалық емдердің 
жетістігіне және жаңа алдын алу жолдарына сәйкес жұқпалы ауруларды тез және оңай 
жеңеміз деген алдамшы пікір тараған. Шынында өмір әлде қайда қатал болып шықты. 
Көптеген ежелгі жұқпалы аурулар жойылудың орнына өрши түсті. Олар жедел ішек 
инфекциялар, вирусты гепатиттер (әсіресе В және С), тұмау және басқа да жедел вирусты 
респираторлы инфекциялар, балалардың ауа тамшылы инфекциялары, стафилококкты 
және стрептококкты инфекциялар. Зооноздардың мәселесі де күрделі: бруцеллез, 
листериоз, иерсиниоз, пастереллез және т.б. Табиғи ошақты және аса қауіпті инфекциялар 
да «басын көтеріп» жатыр: оба, түйнеме, туляремия, тырысқақ, геморрагиялық қызбалар. 
Вирусты инфекциялардың емдеуі мен алдын алу шаралары көңілден шықпайды: 
геморрагиялық қызбалар, вирусты гастроэнтериттер, герпестік инфекция. Шартты 
патогендік микробтармен шақырылатын аурулар, госпитальды инфекциялар, хламидиоз
АИВ/ЖИТС-инфекциясы, бимәлім пневмония, құстардың тұмауы, шошқалардың тұмауы, 
прионды аурулар жұқпалы аурулар ілімінде жаңа туған мәселелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет