Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет7/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
токсинемия
 
дамиды. 



Қоздырғыштың маңызды қасиеттерінің бірі – оның 
троптылығы
 
(белгілі бір 
жасушаларда немесе тіндерде қоздырғыштың көбеюі: мысалы, паротиттік инфекцияның 
қоздырғышы бездік тіндеріне, шигеллалар тоқ ішектің дистальды бөлігінің 
энтероциттеріне, менигококктар мидың жұмсақ қабықшасына тропты). 
Макроағзаның қорғаныс қасиетіне арнайы және арнайы емес механизмдер жауап 
береді. Арнайы емес қорғаныс механизмдеріне: терінің тосқауылдық қызметі және тері 
секреттерінің бактерицидті қасиеттері; асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы және 
ферментативтік белсеңділігі; ағзаның қалыпты микрофлорасы және т.б. жатады. Сонымен 
қатар, микроағзалардың арнайы емес ингибиторларына комплемент жүйесі, 
интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.
Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі - 
иммунитет
.
Иммунды жауап бірнеше арнайы реакциялардан құралады: 
1)
антиденелердің түзілуі; 
2)
тез дамитын жоғары сезімталдық;
3)
баяу дамитын жоғары сезімталдық; 
4)
иммунологиялық есте сақтау; 
5)
иммунологиялық тұрақтылық және т.б. 
Иммунды жауаптың дамуын Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және макрофагтар 
қамтамасыз етеді. Т-клеткалар арасында Т-эффекторлар, Т-хелперлер және Т-
супрессорларды ажыратады. Т-эффекторлар клеткалық иммунитет реакцияларын жүзеге 
асырады, Т- супрессорлар Т- және В -лимфоциттердің қызметін реттейді. Макрофагтар 
антигендерді ұстап, өңдеп, оларды ажыратып, Т- және В-лимфоциттерге мәлімет береді. 
Инфекциялық процестің үшінші факторы

қоршаған орта (мысалы, ауаның 
төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға 
адамның сезімталдығын жоғарылатады). 
Сонымен қатар, ортаның әлеуметтік факторларының да маңызы үлкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   287




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет