Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет392/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)
50562, Қаһар Әділет СРС Клиникаға кіріспе ЖМҚА- 08-20, Этика СРС №5 Қаһар Әділет ЖМҚА-08-20.
Тарихи мәліметтер. Сіреспе ежелгі заманнан белгілі ауру болып есептеледі. Оның ең алғашқы клиникалық сипаттамасын Гиппократ берген, өйткені Гиппократтың баласы Скамандрос сіреспеден өлген. Пироговтың баласыда осы аурудан қайтыс болған.
Бұрын сіреспенің пайда болуын жарақат алумен байланыстырған. Сіреспемен ауру әсіресе соғыс кезінде көбейген.
Этиологиясы. Сіреспенің қоздырғышы – Clostridium tetani. Ол Clostridium туыстығына, Bacillaceae тұқымдастығына жатады, облигатты анаэроб. Қоздырғыштың пішіні ірі, жіңішке таяқшалы және жан-жағы домалақтанған болады. Ұзындығы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб дөңгелек терминалді орналасқан, барабан таяқшасы сияқты. Clostridium tetani - дің 20-шақты талшықтары болады және олардың көмегімен қозғалғыш келеді. Ол барлық анилин бояуларымен жақсы боялатын Грам «оң» таяқша.
Антигендік құрылымы әр түрлі. Соматикалық О–антигені және түрлі типоспецификалық талшықты Н-антигенін ажыратады.
Бактерияның 10 серовары бар.
Микроб спора түзеді. Олар сыртқы ортаның физикалық және химиялық әсеріне төзімді болады. Топырақта, нәжісте, әр түрлі заттарда олар жылдар бойы сақталуы мүмкін. Темпретатура 37°, ылғал анэробты жағдайда, споралар вегетатитвті түріне айналып экзотоксин түзеді.
Сіреспе қоздырғышының экзотоксиндері

  • тетаноспазмин – нейротоксин

  • тетаногемолизин – эритроциттердің ыдырауна қатысады

  • протеин – ацетилхолиннің түзілуін күшейтетін

Токсиннің үлы қасиеті өте жоғары, тек қана ботулотоксиннен төмен.
Токсиннің сілтілі ортада, күн сәулесінде, қыздырғанда, белсенділігі тез төмендейді, жойылады. Асқорыту жолдарының ферменттері токсинді жоя алмайды, бірақ токсин ішектің шырышты қабырғасы арқылы өте алмайды. Сондықтан, токсин ауыз арқылы түскенде қауіпсіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   400




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет