Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы


Іш қабырғасының жарықтарының жіктелу принциптері



бет3/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008
Есімде жүр Қазыгурттың берген ыстық лебізі, 10 АПТА КРИТ, Болашаққа бағдар рухани жаңғыру бойынша презентация (3), жұмбақ, Ұзақ Әселай.хир, Акушерия экз ауызша (1), Қазақстанда сірке қышқылын өндіру цехын жобалау, Қазақстанда сірке қышқылын өндіру цехын жобалау, 9 геометрия ТЖБ 1 токсан
Іш қабырғасының жарықтарының жіктелу принциптері
1. анатомиялық,
2. этиологиялық - себебіне сәйкес,
3. клиникалық.
I. Анатомиялық жіктелуі
а) шап жарығы;
б) сан жарығы ;
в) кіндік жарығы;
г) құрсақ жарығы;
д) белдеме жарығы;
е) шонданай жapығы;
ж) көкет жарығы.
Шап жарықтары жарықтардың барлық түрлерінің 87%, жамбас жарықтары -8%, кіндік жарықтары - 2% құрайды.
2. Этиологиялық жіктелуі
a) тya пайда болған - hernia congenitaiis;
б) жүре пайда болған - hernia acquisita.
Жарықтардың кейін пайда болуына әзір шап, жамбас, кіндік сияқты әлсіз жұқа opындapдaғы (hernia praeformatae) және – жарақаттар мен операциялардан соң пайда болған түрлерге бөледі.
3. Клиникалық жіктелуі
Жарық аурулары жергілікті және жалпы көріністермен сипатталады. Жарықтың ішіне енген мүшенің жағдайына байланысты ауруды екі топқа бөледі:
1) Бос, байланбаған, қысылмаған, орнына салынатын (h. nonincarcerata, reponibilis);
2) Байланған, қысылған (h. incarcerata).
Қысылмаған, еркін жарықта жарықтың ішіне енген мүшенің жағдайы ұзылмаған болса, қысылған жарықта мүшенің қан айналысы бұзылған. Қысылмаған жарықтар орнына салынатын және орнына салынбайтын болып екіге бөлінеді.
Қысылған жарықтарда жарық қапшығына енген ішкі мүшені қайтадан өз орнына- ішке енгізу мүмкін емес.
Қысылмаған жарықта жарық қапшығына енген ішкі мүше өз орнына - ішке жеңіл енеді және қайта шығады. Бұл аталған екі жағдайда жарық қапшығына енген мүшенің қан айналысы бұзылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   360




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет