Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бөлісіндегі денсаулық сақтаудың медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту туралы жазыңыз


Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері



бет4/19
Дата20.11.2023
өлшемі66,32 Kb.
#192021
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Заңнама ж.е Денсаулық экономикасы РК№1

2.Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер (қауымдастықтар, одақтар) құруға және оларға кіруге;
5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
10) осы Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
11) осы Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
12) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;
13) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің (олардың алдын ала келісімімен) және жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.


Билет №3
1.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) – елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (біржылдан 5 жылға дейін қоса алғанда) кезеңдерге арналған дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарынан, құжаттарынан, процестерімен қатысушыларынан тұратын өзара байланысты элементтер кешені.
Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзгеде қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына назар аудару үшін оның барлық құжаттары арасындағы нақты өзара байланысты қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қағидаттары:
1) ішкі теңгерімділік
2) тиімділік
3) адамға бағдарлану
4) дербестік
5) мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың жауапкершілігі
6) айқындық (ашықтық)
7) шынайылық
8) үздіксіздік, сабақтастық және дәйектілік.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мыналар жатады (иерархиялық маңыздылығы ретімен):
1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы;
2) Жалпы ұлттық басымдықтар;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;
4) Елдің аумақтық даму жоспары;
5) саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар;
6) мемлекеттік органдардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – ұлттық компаниялар) даму жоспарлары. Мемлекеттік бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Әзірленген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және Жалпы ұлттық басымдықтардан туындайтын ел дамуының басым бағыттарын қамтуы;
2) ел дамуының алдағы жоспарлы кезеңге арналған басым бағыттары арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуі;
3) елдің дамуындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдауға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамына негізделу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет