Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 1-бап


-бап. Ескерту. 32-бап алып тасталды – ҚР 2004.12.20. N 13 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi). 32-1-бап



бет8/8
Дата13.09.2022
өлшемі133,45 Kb.
#149399
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn dyplomatyyalyk kyzmeti turaly
1602661452
32-бап. <*>

Ескерту. 32-бап алып тасталды – ҚР 2004.12.20. N 13 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi).


32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымын атқарған лауазымды адамдар осы Заңның 25-бабының 3, 4, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 пен 14-тармақтарында және өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы бөлігінде осы Заңның 29-бабында көзделген ақшалай қамтым, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі шет елдегі мекемелердің персоналына теңестіріледі. 

2. Егер Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдардың халықаралық ұйымда ақшалай қаражатпен, әлеуметтік, зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз етілуі тиісті шет мемлекеттегі мекемелердің персоналына қарағанда аз болса, теңестірілген лауазым бойынша айырма Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өтеледі. 

3. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі мекеменің персоналына теңестіру Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР



33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. "Дипломатиялық қызмет туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 275-құжат; 1999 ж., N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының


Президенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет