Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ



Pdf көрінісі
бет15/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ 
НЕГІЗДЕРІ 
   19-бап. Еңбек қатынастары субъектілері 
      Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек қатынастары субъектілері болып табылады.
 
      Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан 
жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.
 
 
 
   20-бап. Жұмыскерлердің өкілдері және олардың өкілеттіктері 
      1. Жұмыскерлердің мүдделерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде 
сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді.
 
      2. Кәсіптік одақ мүшесі болып табылмайтын, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін 


сайлауға қатыспаған жұмыскерлер кәсіподақ органдарына, жұмыскерлердің сайланбалы 
өкілдеріне өздерінің мүдделерін білдіруге құқық беруге құқылы. Кәсіподақ органдары, 
жұмыскерлердің сайланбалы өкілдері жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның мүдделерін 
білдіруді қамтамасыз етеді.
 
      3. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерінің:
 
      1) жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға;
 
      2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және ұжымдық шарттарды жасасу бойынша ұжымдық 
келіссөздер жүргізуге;
 
      3) ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын зерделеу және қамтамасыз ету 
жөнінде шаралар қолдану үшін жұмыс орындарына баруға;
 
      4) жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын осы Кодексте белгіленген 
тәртіппен реттеуге қатысуға құқығы бар.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   374




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет