Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату



Pdf көрінісі
бет45/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату 
негіздері 
      1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексінің 
204-
бабынан
 қараңыз.
 
      1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік 
жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың 
қолданылу мерзімі өткен кезде;
 
      2) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін 
болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
 
      3) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот 
жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-
ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;
 
      4) сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, 
соның салдарынан жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын 
жағдайда;
 
      5) бұрын осы жұмысты атқарған жұмыскер жұмысына қайта алынған жағдайда;
 
      6) жұмыскер мерзімді әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік 
органдарға қызметке шақырылған (кірген) кезде жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен 
кешіктірмей ұсынған күннен бастап тоқтатылуға тиіс.
 
      2. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұмыскердің немесе жұмыс 
беруші жеке тұлғаның қайтыс болған күні осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) 
тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   374




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет