«Әлем таныған Әуезов»



Дата02.07.2018
өлшемі89,38 Kb.
«Әлем таныған Әуезов»

Кабимолдина А.К.

Педагогика пәнінің оқытушысы

303 «ә» топ жетекшісі

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі ҚКМК

ШҚО. Семей қаласы
Тәрбие сағатының мақсаты:

Білім алушыларға М.О. Әуезовтың өмір жолымен және колледждің атауын берудегі ұлы істері жайлы білімдерін толықтыру.



Тәрбие сағатының міндеттері:

  • М.О. Әуезовтың өмір жолына шолу жасай отырып, колледждің мұражайымен таныстыру.

  • Ұлы адамдардың ізі түскен қасиетті, киелі шаңырақта оқығандарына сүйсіндіре отырып, есімі елге танылған ұлы Әуезов және басқалар жайлы мағлұмат беру.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы: Саяхат сағат

Тәрбие әдістері: Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері.
Тәрбие сағатының барысы
  1903 жылы 23 қыркүйекте Семей мұғалімдер семинариясы ашылды. Мұнда оқуға түсем деген талапкерлер Томбы, Тобыл, Воронеж, Орлов, Виленск губернияларынан және Семей, Жетісу облыстарынан келді. Мұғалімдер семинариясы бастауыш училищелер мен бастауыш орыс-қазақ мектептеріне және ауылдық қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлады. Алғашқы жылдары семинарияның жеке ғимаратының болмауына байланысты оқу процесін жалдамалы орындарда өткізуге тура келді. 1906 жылы 5 қазанда мұғалімдер семинариясының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Семей мұғалімдер семинариясының тұңғыш директорлығына 1903 жылы 1 шілдеде Петербург университетінің түлегі Александр Владимирович Белый тағайындалды. Ол 1906 жылғы 5 тамызға дейін оқу орнын басқарып, семинарияның қалыптасуы мен жаңа оқу ғимаратының салынуында елеулі еңбек етті. 1905 жылы 1 шілдеде Семей мұғалімдер семинариясына қырғыз (қазақ) тілі оқытушысының қызметі енгізіліп, осы жылғы 1 тамызда бұл қызметке Нұрғали Құлжанов қабылданды. Семинарияда сабақ берген оқытушылар Ресейдің таңдаулы жоғарғы оқу орындарын бітірген, озық пікірлі педагогтар еді. 1906 жылы маусымда мұғалімдер семинариясы алғашқы 15 түлегін шығарып, оларға бастауыш училищесінің мұғалімі куәлігі берілді. Бүкіл Ертіс атырабындағы бірден-бір сындарлы да үздік білім ұясы, өзіндік дәстүрі, ұстаздық үлгі-өнегесі қалыптасқан салиқалы білім ошағында халқымыздың зиялылары – ерлі-зайыпты Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар, ағайынды Н.Н. және А.Н. Белослюдовтар, Ә.З. Сәтбаев, И.Я.Малахов, В.Н.Попов т.б. оқытушылар білім берді.

      1914 жылы Семейде Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына арналған әдеби-этнографиялық, музыкалық өнер кешін өткізуге семинария мұғалімдері Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтардың және семинарияда оқитын қазақ жастарының ұйытқы болғандығын «Айқап» журналындағы 1914 жылғы № 4 санында жазылған мақала айғақтайды.

Мұғалімдер семинариясында Ә.З.Сәтбаев, М.О.Әуезов, Ж.Аймауытов, Қ.И.Сәтбаев, Қ.Нұрмұхаметов, Б.Сәрсенов т.б. ұлт зиялылары білім алып, ағартушылық, қайраткерлік, жазушылық, ғалымдық қадамдарын бастады.

Заманымыздың заңғар жазушысы,М.О.Әуезов 1912–1919 жылдары мұғалімдер семинариясында оқып, алғашқы шығармашылық-ағартушылық ізденістерін осы қабырғадан бастады. 1917 жылы Шыңғыстау жеріндегі Ойқұдық жайлауында «Еңлік–Кебек» оқиғасын драматургиялық үлгіге түсіріп, оны ауыл жастарының күшімен Әйгерімнің киіз үйінде қойған семинарист Мұхтар Әуезовтің театр өнерімен ең алғаш айналыса бастаған кезі осы уақыт.

Жүсіпбек Аймауытовпен бірге 1918 жылы «Абай» журналын шығарып, халқымыздың тарихы мен тағдыры жайлы кемел ой қозғайтын кезеңі де осы шақ.

Қазақ топырағына соны өнер – футбол ойынын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, «Ярыш» футбол командасының белсенді мүшесі, жалынды жас, семинарист Мұхтар Әуезов еді.

Жүсіпбек Аймауытов 1914–1919 жылдары семинарияда оқыған уақытында оқумен бірге шығармашылық ізденісін өрістетіп, оның жаңа үлгілеріне ден қояды. Соның бастамасы – 1915 жылдың 13 ақпанында Семейде өткен «Қазақтардың әдеби-музыкалық қайырымдылық кеші». Сауықтың бірінші бөлімі – «Біржан мен Сара айтысы», айтысты сахналық жүйеге түсіріп, сахнаға қойған режиссер – семинарист Ж.Аймауытов. Осы спектакльде Біржанның рөлін орындаған әнші, әрі домбырашы, бесаспап өнер иесі де оқушы Ж.Аймауытов еді. Алғаш Жүсіпбек қаламынан туып, сол кезде сахнаға қойылған «Ескі тәртіппен бала оқыту», «Рабиға» пьесалары 1916–1917 жылдары жазылды. Оның Алаш партиясының ісіне араласатыны да осы уақыт. Жүсіпбек Аймауытов алғашқы ойлы публицистік сын мақалаларын осы семинария қабырғасында оқып жүрген жылдарынан бастап жазған еді.

Оқу орны тарихының жарқын бір беті – Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геология ғылымының ХХ ғасырдағы аса көрнекті ғалымы, академик Қ.И.Сәтбаев есімімен тікелей байланысты. Қаныш Сәтбаевтың 1914–1919 жылдары семинарияда үздік оқығандығына қатысты мұрағат дерегі – семинария директорының жақсы оқитын және тәртіпті 14 шәкіртке стипендия беру үшін Семей облыстық басқармасына жазған қатынас хаты сақталған. Онда семинарист Қ.Сәтбаевтың үздік білім мен үлгілі тәртібіне байланысты стипендияға ұсынылатындығы айтылады.

Сәтбаев оқу орнында оқып жүріп замандас, сыйлас, тағдырлас М. Әуезовпен, Ж. Аймауытовпен табысты. Семинарияны бітіргеннен кейін Қ.Сәтбаев оқу орнындағы қазақ мұғалімдеріне арналған екі жылдық педагогикалық курстарда жаратылыстану пәндерінен сабақ берді. Қаныш Сәтбаев дәл осы жылдарда қазақ мектептеріне арналған алғашқы математика оқулықтарының бірі – алгебра оқулығын жаза бастады.

Семей мұғалімдер семинариясының көрнекті тұлғаларының бірі – Қазы Нұрмұхаметұлы. Семинарист Қазы Нұрмұхаметұлы Алаш милициясының басшысы болып, соғыс өнеріне жаттықтырып жүргенде, большевик солдаттарының қолынан қапыда қаза болады.

Мұғалімдер семинариясы 1920 жылғы қыркүйекке дейін жұмыс жасап, халыққа білім беру институты болып қайта құрылды. 1922 жылы осы оқу орнының құрылымдық негізінде екі педагогикалық техникум (қазақ, орыс) ашылады. 1924 жылы 24 қаңтарда халыққа білім беру институты жабылып, оның барлық мүлкі Семей педагогикалық техникумдарына беріледі.

1922 жылдың 1 желтоқсанында Семей қазақ педагогикалық техникумының директорлығына тағайындалған Ә.З.Сәтбаев бұл қызметті 1927 жылдың шілде айына дейін атқарады. Оқу орнына Ә.З.Сәтбаев басшылық жасаған жылдары М.О.Әуезов 1924 жылы Ленинград университетіндегі оқуынан шақырылып, қазақ педтехникумына оқытушылыққа қабылданғандығы, қазақ әдебиеті тарихы, әдебиет теориясы пәндерінен сабақ бергендігі туралы құжаттар Семей мұрағатында сақтаулы.

Қазақстандағы тұңғыш қазақ педтехникумын қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірген директор, қазақтың алғашқы оқытушыларының бірі, оқу-ағарту саласында аянбай еңбек еткен айтулы педагог, репрессия құрбаны Әбікей Зейінұлы Сәтбаевтың есімі оқу орны тарихында алтын әріптермен жазылады. Семей мұрағатындағы Әбікей Зейінұлының 1926 жылдың 22 сәуіріндегі өз қолымен толтырған өмірбаянында Әбікей Сәтбаев Павлодар қаласындағы ауылшаруашылық мектепті бітіргеннен кейін Семейдің мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1907 жылы аяқтағандығын жазады. Қаныш Сәтпаев өзінің ең қымбатты адамдары қатарында немере ағасы Әбікей Зейінұлын аса құрметпен атаған. Өмірбаяндық анкетасының бірінде Қаныш Сәтбаев: «Алған білімім үшін немере ағам, ескі интеллигент Ә.З.Сәтбаевқа өзімді өмір бойы борыштымын деп санаймын» – деп жазған.

Қазақ педагогикалық техникумында көрнекті алаш қайраткері Халел Ғаббасов, педагог, журналист Сейітбаттал Мұстафин, педагог, жазушы, драматург Тайыр Жомартбаев, ұстаздық қызметпен қоса, театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Ғалиақпар Төребаев, ағартушы-журналист, педагог Мәннан Тұрғанбаев, білікті ұстаздар Б.Герасимов, Н.Белослюдов, Е.И.Мертвецов т.б. жемісті еңбек етті.

Семей қазақ педтехникумынан оқып, тәлім-тәрбие алған көрнекті қайраткерлердің бірі,

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі, академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан есімі педагогикалық техникум кезеңіндегі оқу орнымыздың атақты түлектері қатарынан орын алады. Семей педтехникумын 1925 жылы тұңғыш бітіріп шыққан он бір түлектің фотосуреті сақталған.

Ұлтымыздың театр, кино өнері тарихында өлмес рухани игіліктер жасап кеткен ұлы актер әрі режиссер Шәкен Айманов қазпедтехникумға оқуға түскен. 1933 жылы Ғ.Мүсіреповтің шақыруымен Алматыдағы ұлттық драма театрына актер болып ауысады. Шәкәрім Құдайбердиевтің ұлы, әкесінің әдеби мұрасын жинақтап, кейінгі ұрпаққа табыстаушы, көп жылдар Абай мұражайының қызметкері болған, ақын, ұстаз Ахат Құдайбердиев те қазақ педагогикалық техникумда оқыған. Қазақ тарих ғылымының қалыптасуында үлкен еңбегі бар ғалым, алғашқы профессионал тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі Ермұқан Бекмаханов пен жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-і Оқу министрі, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, КСРО Жазушылар Одағының хатшысы Әди Шәріпов 1932 жылы Семейдегі қазақ педтехникумның даярлық бөлімінде оқыған.



1937 жылы екі педагогикалық техникум базасында қазақ, орыс педагогикалық училищелері құрылады. Қазақ педагогикалық училищесіне ұлы ойшыл, ақын Абайдың есімі берілсе, орыс педагогикалық училищесіне 1945 жылы ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің есімі беріледі.

Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты 1941 жылғы желтоқсаннан 1942 жылдың тамызы аралығында педагогикалық училище уақытша жабылады. Семейдің қазақ-орыс педагогикалық училищесі мектептердегі мұғалімдердің көпшілігінің майданға аттануына байланысты туындаған маман кадрлардың жетіспеушілігін шешуге зор үлес қосты. Ауыр жағдайға қарамастан оқытушылар мен оқушылар түрлі концерттер ұйымдастырды, майданға сыйлықтар жөнелтіп отырды.



Отан соғысының отты жылдарында оқу орнының көптеген түлектері майданға аттанып, Отанымызды жаудан қорғауда жанқиярлық ерліктер көрсетті. Совет Одағының Батырлары, оқу орнының түлектері Ізғұтты Айтықов, В.А.Шулятиков, В.Бунтовских есімдерін бүгінгі ізбасарлары құрметпен еске алады.

Халқына қаламымен тер төгіп, еңбек еткен Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовта 1938 жылы осы оқу орнына түскен.



Туған халқын әсем сазымен тербеткен, әуені әр ұрпақтың жадына жатталған белгілі сазгер Бекен Жамақаевтың да осы оқу орынында 1947-1950 жылдары білім алып, өнер баспалдағымен өрлегені шаңырақ тарихы үшін мақтаныш.

1953 жылы екі педагогикалық училище біріктіріліп, К.Д.Ушинский атындағы педагогикалық училище деп аталады.

1953 жылы педагогикалық училищенің 50 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтеді.

1957 жылы Қазақ ССР Халық ағарту министрлігінің педагогикалық училищелерді тарату туралы бұйрығына сәйкес, барлық материалдық құндылықтары Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына беріліп, таратылған училищенің базасында «Бастауыш білім беру әдістемесі» факультеті ашылады. Бірақ, педагогикалық училищені тарату туралы шешімнің дұрыс еместігін уақыт өзі дәлелдеп, мұғалім кадрлардың жетіспеушілігін шешу мақсатында 1963 жылы педагогикалық училище қайтара ашылады. 1965 жылы училищеге Ленин көшесі, 55, №10 жетіжылдық мектептің ескі ғимараты беріліп, қайтадан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келді. А.Т.Бекбаевтың бастамасымен және педагогикалық ұжымының қолдауымен 1967 жылы 6 желтоқсанда М.О.Әуезовтің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Төрағасының № 828 бұйрығымен білім ордасына жазушының есімі берілді. Училищенің 1970 жылы наурызда Ш.Уәлиханов көшесіндегі бұрынғы ғимаратына оралуы, оқу орнына арнайы 400 орындық жатақхананың салынуы, 1987 жылы М.О.Әуезовтің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында байырғы ғимаратқа жалғастырыла жаңа оқу корпусының пайдалануға берілуі – ұлылардың ізі қалған шаңыраққа шынайы иелік жасаған Асылхан Табылдыұлының басшы ретіндегі жасампаз қолтаңбасы. Педагогикалық училищенің 25 жылдай уақыт басшысы болған, соғыс және еңбек ардагері Асылхан Табылдыұлы Бекбаев оқу орнының материалдық-техникалық базасының қалыптасып, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.

1987 жылы А.Т.Бекбаевтың зейнеткерлік демалысына шығуына байланысты педагогикалық училищенің басшылығына М.С.Мұхамеджанов тағайындалды.

Біраз жылдардағы үзілістен кейін 1997–2010 жылдар аралығында директорлық қызметті жалғастырды.

1992 жылы 25 мамырдан бастап оқу орны педагогикалық колледж болып қайта құрылды. 1992 жылғы шілде айынан оқу орнының басшылығына философия ғылымының кандидаты, ұстаз–ғалым Н.Қ.Қалиевтің келуімен (қазір саяси ғылымдарының докторы, профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс атқарады) ұжымдағы ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың деңгейі, сапасы артты. Қазақ мектептерінің көптеп ашылып, маман кадрларға деген сұраныстың өсуіне байланысты мемлекеттік тілде оқытатын топтардың санын көбейтуге көңіл бөлінді.

1996 жылы Н.К.Қалиевтің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайлануына байланысты оқу орнының директорлығына педагогика ғылымдарының кандидат М.О.Әбдікәрімов тағайындалды.

 

 



 
Каталог: uploads -> doc -> 023a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
023a -> Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер»
023a -> Сабақтың тақырыбы: "Виет теоремасы"


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет