Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет13/51
Дата17.06.2018
өлшемі4,3 Mb.
#43153
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51

және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді

толық және уақтылы төлемеу


Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу –

жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен

монеталарын қабылдаудан бас тарту


1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:

1) егер қолдан жасаудың (жалған екенінің) анық белгілері болса;

2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен монеталар (пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген жері, бояуларының араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы және басқа);

3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;

4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN»,«ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып табылмайды.
207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

сатып алу туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық, аукциондық құжаттамаға қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ көрсетілген өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiн, уақыты мен орнын өзгерту –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты сауал жiберу, конкурстық комиссияның сол сияқты әрекеттері

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердi конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердiң салыстырмалы мәнiн баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз тану –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған көрiнеу жалған сараптама қорытындысын сараптама комиссиясының шығаруы не сарапшының жасауы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Мынадай:

1) өнiм берушiлер өздерiмен жасасылған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған;

2) жеңiмпаздар деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Осы баптың бiрiншi, төртiншi, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

15. Осы баптың екiншi және он біріншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

16. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -

жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

17. Осы баптың үшiншi, бесiншi, алтыншы және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе.

Осы бапта лауазымды адамдар деп:

1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;

2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;

4) төртінші және бесінші бөліктерде – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;

5) алтыншы бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамы не оның мiндетiн атқаратын адамды;

6) жетінші бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;

7) сегізінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;

8) сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;

9) тоғызыншы бөлікте конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;



10) оныншы бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын түсіну керек.
208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар

және кредиттiк тарихты қалыптастыру

туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпараты бар кредиттiк тарих субъектiсi және (немесе) кредиттік есеп туралы терiс ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) беруі және (немесе) кредиттiк есептi алушының ақпарат субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ оны дұрыс ресiмдемеу –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар

туралы заңнамасын бұзу


Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтiнiмi үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзу барысында концессиялық өтiнiмнiң бастапқы параметрлерiне және сипаттамаларына өзгерiстер енгiзу –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе.      Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн жауапты, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды түсiну керек.

210-бап. Тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық

шартты (түпнұсқаны немесе оның көшірмелерін)

ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер

мен ақша аударымдарын жүргiзу
1. Уәкiлеттi банктердiң тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық шартты (түпнұсқа немесе оның көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзуi –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты болса және келісімшарттың есепке алу нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе келісімшарттың есепке алу нөмірі алынғаны туралы белгісі бар оның көшірмесі беріледі.
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары

туралы заңнамасының талаптарын бұзу


1. Микроқаржы ұйымдарының «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы –

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микроқаржы ұйымының шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күнi таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етiлетiн ақпаратты бермеуi, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуi не микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн мәлiметтердi қамтымайтын ақпаратты беруi не анық емес ақпаратты беруi –

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –

үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Микроқаржы ұйымдарының клиенттермен жасасқан микрокредит беру туралы шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, сол сияқты микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Микроқаржы ұйымдарының клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы –

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың

қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну

мерзiмдерiн бұзуы
1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –

заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Банк холдингтерінiң, сақтандыру холдингтерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


213-бап. Қазақстан Республикасының банк

заңнамасының талаптарын бұзу


1. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуі –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi, екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзып, сол сияқты олардың құқықтық қабiлетiнің шегiнен шығатын операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –

заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде төрт жүз және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептіліктегі көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Осы баптың сегізінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасасылатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде міндеттерін орындамауы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін асыруы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалармен жасасылатын банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын бұзуы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған

кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді

қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар, өздерінің клиенттерi туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы –

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарының өз клиенттері мен өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы хабарлауы –

Каталог: upload
upload -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
upload -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет