Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет15/51
Дата17.06.2018
өлшемі4,3 Mb.
#43153
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51

төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобы бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –

бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзып жүзеге асыруы –

мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде елу және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Өзара сақтандыру қоғамының мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұзып жүзеге асыруы –

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгергенi немесе атауының өзгергенi туралы уақтылы хабарламауы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген, құжаттарды тиiсiнше құжаттау, сақтау, сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялардың көшiрмелерiн орналастыру жөнiндегi шарттарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң және сақтандыру агентiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу қағидаларын бұзуы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiкте қамтылған көрсеткiштердiң не пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiктi жасауы

заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Сақтандыру брокерiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне өзiне белгiлi болған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi фактiлерi туралы хабарламауы

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

15. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне өзi анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарын сақтамау фактiлерi туралы хабарламауы

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

16. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу

заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептiлiгiн және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы –

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


229-бап. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуға

және орындауға байланысты талаптарды бұзуы


1. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты уақтылы жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасасылған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау –

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент ұсынған құжаттарды жоғалту –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


230-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру

 туралы заңнамасын бұзу


1. Сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы –

заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы, сақтандыру жөніндегі дерекқорға қатысу шартын жасасу, сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан, сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру агентіне төленетін комиссиялық сыйақы мөлшерін асырудан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы –

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын:

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн белгiлеуден;

2) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн белгiлеуден, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi дұрыс емес (негiзсiз) қолданудан;

3) сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандырудан көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы –

заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының бір жүз пайызы не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi жүз және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
231-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру

холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру

қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің

Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгiленген мерзiмдерiн бұзу
1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерiн келiсу мерзiмдерiн қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының бұзуы –

заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -

заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


232-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы

ұйымдары филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және

олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы уақтылы

хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының

филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан

Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы ұйымдары филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және қызметiнiң тоқтатылғаны туралы уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарын сақтамау –

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын

бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану
1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алуы, сол сияқты банкке немесе өзге де кредиторға кредит берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердiң күшін жоюға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлардың туындауы туралы ақпаратты хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал
келтiрмесе, –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану –

мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы – тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген оларды алмастыратын адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге

түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау –

лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
235-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi

жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу –

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
236-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер

мен мемлекет кепiлгерлiктерін беру

шарттары мен рәсiмдерiн бұзу
Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу –

лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
237-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу
1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу қағидаларын бұзуы –

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
238-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан

Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық

есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:

1) iрi залал келтiрмеген, бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару;

2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты iрi залал келтiрмеген бухгалтерлiк құжаттаманы жою;

3) жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде жасалған орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
239-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк

есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы




1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын:

1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса;

2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну, қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау;

3) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;

4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –

заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұзып жүргізуі –

заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оған қолжетімділігі бар тұлғалардың iрi залал келтiрмей жария етуi –

бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен

қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында

белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу –

заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы бапта көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
242-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық

нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де

нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептілікте қамтылған көрсеткіштерді не Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы –



заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
243-бап. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы

куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг

бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау

операциялары бойынша есептілікті, сондай-ақ ұлттық

валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне

және шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың

туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды

беру тәртібін бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша анық емес есептілікті ұсыну –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес – заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес – заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша есептілікті ұсынбау –

жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды уақтылы бермеу –

ескерту жасауға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Каталог: upload
upload -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
upload -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет