Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата06.10.2023
өлшемі263,31 Kb.
#183918
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
175073 kaz 20231004
7 мамыр атты презентация, сауалнама, мәдениет
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Бағдарлама 5 тақырыптық блоктан тұрады: Ежелгі адамдар және көшпелі 
өркениеттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәуірдегі 
Қазақстан (ХVIII-XX ғасырдың басы), Кеңестік кезеңдегі Қазақстан, Тәуелсіз 
Қазақстан.
8. Пәнді оқыту процесінде қолданылатын оқыту әдістері мен 
технологиялары:
1) интерактивті және цифрлық технологиялар;
2) оқытудың жобалық әдістері;


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
04.10.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
04.10.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) проблемалық оқыту технологиялары;
4) геймификация.
9. Бағдарламаның пререквизиттері мен постреквизиттерін жоғары оқу 
орнының өзі тағайындайды.
Негізгі бөлім
1-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының 
ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа 
мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болу 
проблемалары. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. 
Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық 
ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен 
діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі 
антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит 
дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта 
құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, 
Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының 
алғышарттары
Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал 
шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның 
кезеңдері. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға 
үйретудің ежелгі ошағы. Еуразия өркениетінің қалыптасуындағы атқа міну 
мәдениетінің тарихи маңызы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған 
остеологиялық материалды талдау нәтижелері. Кремний индустриясының 
сипаттамасы. Шаруашылықтың көп қырлы сипаты. Құрал жасаудың қабыршақтау 


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
04.10.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
04.10.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
техникасы. Сүйек кесу өнерінің дамуы. Еуразияда көне жылқы көлігі 
коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму 
орталықтарының бірі.
Өңірдегі аридтену үдерістері. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі 
мәселесі мен таралу аймағы. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының 
антропологиялық түрі. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі-өлмес, Тамғалы 
кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Қола дәуіріндегі палеоэкономика. Қазақстан аумағында кен ісі 
орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет. Жерлеу тәсілдері мен салт-
ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Орталық Қазақстанда қыш жасаудың 
дамуы. Қоғамдық құрылымы мен рухани мәдениеті. Қазақстанның ежелгі 
тұрғындарының тілдік атрибуциясы мәселесі. Еуразиялық дала жүйесіндегі 
Қазақстан аумағы (үндіеуропалық көші-қон). Шұңқырлы мәдениетті жасаушылар. 
Мәдениеттер мен этностардың ара қатынасы мәселесі. Ежелгі қалалар мәдениеті. 
Монументті сәулет өнерінің ескерткіштері. Ерте көшпелілер мәдениетінің 
қалыптасуы жағдайында ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола 
дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар. Соңғы қола және ерте темір дәуірі 
тайпаларының этномәдени сабақтастығы. Жетісу аумағында соңғы қола 
дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.
Атқа міну мәдениетінің генезисі
Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының 
алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Мал 
шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй 
маңы, бақташылық, көшіп-қону және т.б. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат 
әбзелдері. Дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру. Төрт түлік 
түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. 
Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің 
ерекшеліктері. Жазба деректер. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. 
Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. 
Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар. Сақтар мен сарматтардың саяси 
құрылымдары. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті: хронология, жерлеу 
рәсімі, қару-жарақ, ауыздық, аң стилі өнері. Ежелгі антик қалалар. Сақтардың 


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
04.10.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
04.10.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың грек-парсы 
соғыстарына қатысуы. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына 
қарсы күресі.
Сармат-Алан тайпалық одағы. Аорстар және роксоландар. Қоныстандыру 
аумағы. Яньцай Мемлекеті. Ғұндармен және қаңлылармен қарым-қатынас.
Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы 
аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара 
қатынастары (біздің заманымыздан бұрынғы III – біздің заманымыздың II 
ғасырлары)
Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі. Прототүрік және 
протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар 
мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай 
деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі 
мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. 
Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-
Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен 
және мемлекеттермен қарым-қатынасы.
Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және 
этностық тарихы. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ – біздің заманымыздағы V 
ғасырдың бірінші үштігіндегі қаңлылардың тараған аумағы мен қоныстанған 
жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық керамика этникалық шығу 
тегінің көрсеткіші ретінде. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы 
этномәдени тарихындағы маңызы. Шығыс Арал маңы аумағындағы түркі 
этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Византия, Иран, Сирия және 
Қытаймен сауда байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет