Қазақстан республикасының Ғалым және білім министрлігі «№26 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі



Дата31.12.2019
өлшемі37,5 Kb.
#55315
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒАЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«№ 26 ОРТА МЕКТЕП» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.

«АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ».
СЕКЦИЯ: №2


Автор:

Медынина А. 9 «В»
Руководитель:

Нургалиева Г. К.

Учитель казахского языка и литературы.


Өскемен қаласы, 2007 жыл

Абай шығармаларының тәрбиелік маңызы.

Уақыттың мазмұнын түсіну керек кезде, әсіресе шұғыл бетбұрыс заманында саяси алаңға мұны іштей түсінетін адамдар шығады.

Сондай адамдарға қазақтың ұлы ақын – демократы, ХІХ ғасырдың ағартушысы Абай Құнанбаев жатады. Оның өмірге деген көзқарасы феодалдық – патриархаттық қарым -қатынастың күйреп, капиталистік қарым – қатынас пайда бола бастаған кезбен бірге қалыптасқан.

Бүгін Абайдың әрқырлы мұрасын зерттеу жолындамыз.

Оның ақындық жолы педагогикалық көзқарасымен біте қайнасқан. Оның шығармаларының тәрбиелік мәнін зерттеу туралы алғаш жазушы М. Әуезов айтқан.

Жазушы Абайдың қара сөздерінің мазмұны бүгінгі күн өмірімен байланысты, бізге ақыл – кеңес беретініне көп көңіл бөлген.

Кезінде ақын өз заманындағы надандыққа қарсы шығып, жан – тәнімен жаналыққа құштар болған. Жастарды білімге шақырған. Сонымен қатар, ақын адамгершілік пен эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлген.

Ол қазақ ағартушыларының ішінде бірінші болып жас ұрпақты тәрбиелеуде баланның жас мөлшерін, психологиялық өзгешіліктерін ескеруді талап еткен.

Сонымен қатар, Абай тәрбиешінің шеберлілігінің белгісі: оның жоғары педагогикалық мәдениеті, ақылы, қайырымдылығы, мейірімділігі, педагогикалық дарыны және үнемі ізденушілігі деп есептеген. «Өз жұмысында тәрбиеші баламен жақсы қарым – қатынас орната білу керек» - деген ол. Ақынның өзі ағартушының барлық қасиеттерін бойына сақтан, қоршаған адамдарын алға бастай алған және өзі туралы былай жазған:

...Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артынан із қалдырған?...

Абай тәрбиенің қасиетті күшіне сенген, және одан көп үміт күткен. Және тәрбиені түкке тұрмайтын «бос әүере», деген адамдарды өте қатал әшкерелеген. Өзінің қара сөздерінде, ол адамгершілік деген ұғымның төмендеп кеткенін айтады. Ар, мейірімділік, адамгершілік, сияқты жоғары түсініктерді ол адамдардың қоғам алдында жауапкершілігімен байланыстырады. Оларға қарама – қарсы жалқаулық, әдепсіздік, білімсіздік, мақтаншақтық өсек, өтірік сияқты қасиеттердңің жағамсыздығын көрсетеді.

Мысалы өзінің «Ғалым таппай мақтанба» деген тақпағында былай дейді:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай бактанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол…

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз...

Одан ары:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақып, ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

Өлеңде ақын жастарды жағымсыз нәрселерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді.

Өзінің «Үшінші қара сөзінде» Абай: «Жалқау кісі – қоркақ, қайратсыз болады; мақтаншақ кісі – ақылсыз, надан болады; ақылсыз адам – арсыз болады; жалқау адам – тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ болады». - дейді.

Мұнда ол адам ойлаған мақсатына тек еңбек арқылы, білім арқылым жететінін айтады.

Сонымен қатар ақын адамның: отансүйгіштік, сыйластық, адалдық, достық, махаббат, мейірімділік, әділдік, еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық сияқты қасиеттерін өте жоғары бағалаған.

Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,

Ар, ұяттың бір ақыл – күзетшісі

Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,

Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі.

Нағыз, шынайы достық Абай шығармаларында өте жоғары бағаланады. Ол адал достық пен жеңіл табыс табуды көздейтін достыққа бөлген Егер адам өзінің ары мен ұятын көзінің қарашығындай бағалан сақтай білсе, достық мықты да, өмірдегі барлық қиындықтан сүрінбей өтеді деп сенген.

«Отыз жетінші» сөзінде Абай: «Жаман дос көлеңке тәрізді. Күн ашықта жаныңнан қалмас. Күн түнерсе, қасыңнан табылмас» дейді. Сонымен қатар ол: «Көзі ашық, көпшіл адаммен жақын бол, бейқам адамнан аулақ бол» - дейді.

Абайдың ойынша, ұят - адамның ең жоғары қасиеттерін бірі. Ұят - адамның тәртібін ретке салушы күш. Ұяты бар адам өзінің әке – шешесі, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінеді, сондықтан жаман қылықтарға бармайды. Ақын: «Әр адам істеген қылықтарына ұялмас үшін өзіне өзі есеп беруі керек» - дейді. Ұят деген ұғымды Абай намыспен байланыстырады. Адамгершілік адамның мінезі мен қайратына, еркіне байланысты деген.Адамның қайраты ойлаған мақсатына жетуге, өзін өзі ұстауға көмектесетің қасиет.

Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң, айтпа сөз.

Бойында қайраты бар, ержүрек адам өзінің ойын қорғай алады, басқаның айтқанына көніп, теріс жолға түспейді (Мұндай қасиеттер қазіргі біздің жастардың бойында тәрбиеленетін қасиеттер). Жалқау, қорқақ, мақтаншақ адам әр нәрсеге құмар болады. «Мақтаншақта ар да, ұят та, дұрыс ойда, ерлік те, адамгершілік те болмайды» – дейді Абай.

Адам қандай дарынды болып туса да, өзін өзі тәрбиелемесе, оқымаса, шынықпаса дамымай қала береді. «Он тоғызыншы сөзінде» Абай: «Адам атадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, білгені, көргені көп болған адам есті болады. Естілердің айтқанын ескеріп жүрген адам, өзі де есті болады.



Абайдың қарасөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік жөніндегі пікірлері біздің заманымызда да өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл ұлы ақынның адамға тән жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде өз заманынан озық болғанын дәлелдейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Кунанбаев А. Избранное. – Художественная литература. 1981.
2. Абай. Слова назидания. – Алма – Ата: Жалын, 1982.
3. Кунанбаев А. Полное собрание сочинений. В 2-х т. – Алма – Ата: Галым, 1977.
4. Ауэзов М. О. Кунанбаев А. Статьи исследования. - Алма – Ата: Галым, 1967.
5. Мырзахметов М. Ауэзов М. и проблемы абаеведения - Алма – Ата: Галым, 1982.
6. Жарикбаев К. Б. Казахские просветители о воспитании молодежи. - Алма – Ата: Знание, 1985.
7. Умиралиев К. Использование назидательных слов Абая в учебно – воспитательном процессе, - Алма – Ата, 1968.
Каталог: BIB
BIB -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
BIB -> Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліқтің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы Независимый Казахстан: 20 лет мира, согласия и созидания
BIB -> Ғылыми кітапхана
BIB -> Біздің кітапхана Сіз №21 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп кітапханасының сайтына Қош келдіңіздер
BIB -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
BIB -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
BIB -> Жеңіс сәті – тарихта өшпес із қалдырған айрықша оқиға, ұлы мейрам


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет