Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет2/8
Дата29.11.2023
өлшемі90,59 Kb.
#194110
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жайлы

КІРІСПЕ

4

1

Шиыршық қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы

5

1.1

Шиыршық қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері

5

1.2

«Жаратылыстану» ұғымына жалпы түсінік



8

2

Шиыршық қағидаты негізіндегі оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану пәнін оқытудың маңыздылығы

14

2.1

Шиыршық қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы

14

2.2

Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын «шиыршық» қағидаты негізінде түсіндіру

18




ҚОРЫТЫНДЫ

22




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

23


КІРІСПЕ


Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатысатын, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы.
Сондықтан оқу мен оқытуға деген көзқарас пен қарым-қатынасқа біршама өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Сол себепті де, Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту ісі белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта репродуктивтіні конструктивті, яғни сындарлы оқыту алмастыруда. Оның мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Сондай-ақ, пән теориясын білумен қатар, оны өмірде пайдалана алуы үшін оқушы бойында белгілі бір дағдыны қалыптастыру бірінші орынға шығып отыр.
Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады. Осы ретте шиыршықты оқыту бағдарламасының маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет