Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық, тарихи-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси аймақтарында орналасуы


Елдерді сипаттау жоспары Елдің аты 2. Көршілес мемлекеттері



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#183362
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық, тарихи-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси аймақтарында орналасуы. 3сабақ
дискриптор, ББ-рк1-6сурак

Елдерді сипаттау жоспары

Қазақстанның көршілес мемлекеттері

  • Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Қазақстан Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. 

Құрлық және теңіз жолдарына жақындығы

Көршілік жағдайдың басты плюсі - көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы - теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жок (ішкі құрлықтық жағдай). Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді. Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13,3 мың км. Ресеймен шекара (7,5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді.

Отын-шикізат, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына қатысты орналасуы

Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер шарындағы ең бай аймақтардың бірі саналады. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ орындары анықталған. Оның негізгі бөлігі (80%-ы) Каспий маңында шоғырланған. Республикада 200-ге жуық көмір кен орындары барланған. Ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан. 

Елімізде ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығының екі саласы бар. Өсімдік шаруашылығының ішінде дәнді-дақылдар саласы көбінесе еліміздің солтүстік, шығыс, орталық аймақатарында. Сонымен қатар батыс өңірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын атауға болады. Күріш шаруашылығы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жақсы дамыған. Мал шаруашылығы еліміздің барлық өңірінде таралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет