«Қазақстан республикасының КӘсіпкерлік қҰҚЫҒЫ»


Коммерциялық заңды тұлғалар?



бет2/4
Дата18.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10263
1   2   3   4

Коммерциялық заңды тұлғалар?


мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

Коммерциялық емес заңды тұлғалар?


мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.

Заңды, тұлғаны қайта құру?


Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз — бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз?


Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны қандай белгілері бойынша айқындайды?
1) ұйымдасқандық бірлігі;

2) мүліктік оқшаулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.


Заңды тұлғаны ұйымдастырудың қандай мақсаттары бар?

-азаматтық айналымға қатысу үшін мүліктің оқшаулығы мен орталықтандырылуы;

-құрылтайшылардың өз міндеттері үшін жеке заңды жауапкершіліктерінің болуы;

- несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз етілуі, ол заңды тұлғаның жарғылық қорының мөлшерінің көлеміне қарай анықталады.


Заңды тұлғаның қандай белгілері болады?

- ұйымдық бірлігі, заңды тұлғаның ұйымы біртұтас біріккен жүйелі орган, ол алдына қойған мақсатты орындау үшін іс-әрекет жасайды. Ұйымдық бірлігі-құрылтай құжаттарында да көрінеді.

-мүліктік оқшаулық- өзінің жеке оқшауланған мүлкінің болуы, яғни ол азаматтық айналымға қатысу үшін негізгі алғы шарт болып есептеледі. Заңды тұлғаның мүлкі өзінің меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу және оралымды басқару құқығы иесі бола алады. Заңды тұлағаның өзінің жеке балансы немесе сметасы болуы қажет.

- дербес мүліктік жауапкершілік, жалпы ереже бойынша заңды тұлға міндеттеме үшін өзіне тисілі мүлкімен жауап береді.

-азаматтың айналымға өз атынан қатыса алуы және сотта жауапкер және талапкер бола алуы. Заңды тұлға барлық өзіне тисілі құқықтар мен міндеттердің субьектісі бола алады.
Заңды тұлғаның құрылтайшылары сол зады тұлғаның мүлкіне қатынасы қандай құқықтармен белгіленеді?

-заттық құқық

-міндеттемелік құқық
Құқық қабілеттілік дегеніміз не?

Бұл құқыққа ие болу және міндетті орындау қабілетінің болуы.


Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің мерзімі қандай?

Ол заңды тұлғаны тіркеу кезінен басталып, тоқтатылуы туралы тіркеу жүргізілгенде аяқталады.


Заңды тұлғаның құқық қабілеттіліктің қандай түрлері бар?

–арнайы қабілеттілік

- жалпы құқық қабілеттілік
Арнайы қабілеттілігі дегеніміз не?

Заңды тұлға өзінің іс-әрекеті бойынша құрылтай құжаттарында белгіленген құқыққа ие болуы және соған байланысты міндеттерді орындайды ( коммерциялық емес ұйым және біртұтас ұйым)


Жалпы құқық қабілеттілігі дегеніміз не?

Бұл заңмен тыйым салынбаған барлық іс-әрекеттерді жасауда құқық пен міндеттерінің болуы.


Заңды тұлғалардың қандай құқықтары бар?

Заңды тұлғалар өздерінің құрылтай құжаттарында анықталған өздерінің органдары және құрлысы арқылы азаматтық құқық пен міндеттерді иелене алады. Заңды тұлға басқа жерден өкілдіктер мен филиалдар ашуға құқысы бар.



Өкілдіктер дегеніміз не?

Бұл заңды тұлға тұрған жерден оқшау орналасқан бөлімше, ол заңды тұлға мүддесін білдіріп, оның мүддесін қорғайды.


Филиал дегеніміз не?

Өкілдік атқаратын жұмыстан басқа іс-әрекеттермен шұғылданады.


Филиалдар мен өкілдіктердің қандай құқықтары бар?

Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға берген мүлікті пайдаланады және заңды тұлға қабылдаған ереже бойынша іс-әрекет жасайды. Заңды тұлғаның құқықтары заң бойынша шектелуі мүмкін. Заңды тұлға мұндай шектеулік үшін сотқа шағым бере алады.


Заңды тұлғаның дараландыру құралы дегеніміз не?

Ұқсас заңды тұлға бір-бірінен ерекшелендіретін, айыратын, бөліп көрсететін құралдар.


Заңды тұлғаның дараландыру құралына не жатады?

  1. Заңды тұлғаның атауы

  2. Заңды тұлғаның тұрғылықты жері

  3. Заңды тұлғаның товарлары мен қызметтері

Заңды тұлғаны дараландыру құралы ретінде товардың белгісі, қызмет ету белгісі, товардың шыққан жерінің атауы да жатады. Сонымен бірге дараландыру құралы ретінде іскерлік атақ, жарнама, коммерциялық және қызметтік құпияны қорғаумен байланысты.
Заңды тұлғаның іскерлік атағы дегеніміз не?

Бұл қоғамда және жеке кәсіпкерлер ортасында қалыптасқан заңды тұлғаның товарды шығаруы және қызмет көрсетуі туралы түсінік.


Іскерлік атақты қорғау қалай жүзеге асырылады?

Сот тәртібімен жүзеге асырылады.


Коммерциялық немесе қызметтік құпия дегеніміз не?

Бұл ақпарат, мұндағы:

-оны ерікті түрде қолдануға болмайды;

-ол үшінші жаққа белгісіз болатын потенциалды экономикалық құндылықтың болуы.


Заңды тұлғаның пайда болуы қандай кезеңнен тұрады?

  • заңды тұлғаны құру;

  • заңды тұлға мемлекеттік тіркеуге тіркелген уақыттан бастап құрылды деп есептеледі. Мемлекеттік орган тіркелу кезінде заңға сәйкес құжаттардың тізімін тексереді.


Заңды тұлға қызметінің мақсатына қарай қалай бөлінеді?

Коммерциялық және коммерциялық емес болып екіге бөлінеді


Заңды тұлға тоқтатылуының негізі қалай жүргізіледі?

  • ерікті түрде; заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылтай құжаттарында анықталып көрсетіледі.

  • бұйрық бойынша:

  • заңды тұлға құрылтайшыларының шешімі бойынша;

  • мемлекеттік органның шешімі бойынша;

  • соттың шешімі бойынша.


Заңды тұлғаның тоқтатылуының қандай түрлері бар?

  • қайта құру

  • тарату


Қайта құру дегеніміз не?

Заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлық жолмен басқа заңды тұлғаға өтуі


Тарату дегеніміз не?

Заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлық жолмен өтпей тоқтатылуы.


Заңды тұлға тоқтатылды деп қай кезде есептеледі?

Оны қайта құру және таратылды деп мемлекеттік тіркеуден өткен кезде есептеледі.Бұған ұзақ дайындық кезеңі қажет - оған заңды тұлға мүлкіне есеп жүргізу, несие берушілерге хабарлау және олардың мүддесін қанағаттандыру жатады.


Заңды тұлғаны таратудың қандай түрлері бар?

  1. Ерікті

  2. Ықтиярсыз


Ерікті тарату дегеніміз не?

Құрылтайшылар, қатысушылардың акционерлердің қалауы бойынша жалпы жиналыс шешімімен таратылуы


Ықтиярсыз тарату қалай жүзеге асырылады?

Талаптарын немесе несие берушілердің талабы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, күшпен тарату соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.


Заңды тұлғаны қайта құрудың қандай түрлері бар?

  1. қосылу;

  2. бірігу;

  3. бөлу;

  4. бөлініп шығу;

  5. өзгерту.


Қосылу дегеніміз не?

Бірнеше ескі заңды тұлға орнына жаңа бір заңды тұлғаның пайда болуы.


Бірігу дегеніміз не?

Заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірігуі.


Бөлу дегеніміз не?

Ескі заңды тұлға орнына бірнеше заңды тұлға пайда болуы.
Бөлініп шығу дегеніміз не?

Ескі заңды тұлға тоқтатылмай соның ішінен жаңа заңды тұлға бөлініп шығуы.


Өзгерту дегеніміз не?

Заңды тұлға ұйымдық - құқықтық нысанының өзгеруі


Кәсіпкерлік істі қандай нысандары бойынша классификациялауға болады?

Кәсіпкерлік істің сан алуан түрлерін істің түріне қарай, меншік формасына қарай, иелік етуіне қарай, ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық түрлеріне қарай, жалдама еңбекті пайдалануына қарай, т.б. әр түрлі нысандары бойынша классификациялауға болады.


Меншік формасына қарай кәсіпкерлік қалай болуы мүмкін?

Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің (ұйымның) меншігі болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды.


Меншік иелерінің санына қарай кәсіпкерлік іс қалай бөлінеді?

Меншік иелерінің санына қарай кәсіпкерлік іс жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік істе меншік иесі жеке тұлға болып табылады. Ұжымдық меншік жағдайында мүлік бірнеше субъектілерінің иелігінде болады және ол үлестік меншік немесе жалпы меншік болып бөлінеді. Мүлікке иелік ету, пайдалану, басқару меншік иелерінің келісімі негізінде жүзеге асырылады.


Кәсіпкерлік істің қандай түрлері бар?

Кәсіпкерлік істің түрлерін өз кезегінде ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады.


2 Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары.
Ұйымдастыру – құқықтық кәсіптік іс түрлері қандай?

Ұйымдастыру-құқықтық кәсіптік іс түрлерінің қатарына шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, кооперативтер жатады.


Толық шаруашылық серіктестіктер және командиттік серіктестіктер дегеніміз?

Шаруашылық серіктестіктер (толық) – арнайы кәсіпкерлік іспен айналасуға арнайы құрылған тұлғалардың бірлестігі. Серіктестіктер кәсіпорындарды ұйымдастыруға екі немесе одан да көп әріптестер шешім қабылдағанда құрылады. Серіктестіктердің артықшылығы қосымша капиталды тартудың мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар бірнеше меншік иелерінің болуы әріптестердің әрқайсысының білімі мен біліктілігі кәсіпорын ішінде мамандануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік істің бұл түрінің кемшілігі – қатысушылар салым көлеміне қарамастан толық материа лдық жауапкершілікте болады. Командиттік серіктестіктерде қатысушылардың бір бөлігі толық жауапкершілікте, ал екінші бөлігі шектеулі жауапкершілікте болады.


Жауапкерлігі шектеулі серіктестіктер дегеніміз?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екеуден кем емесе азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік істі жүзеге асыруға керекті салымдарын біріктіруі арқылы құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қатысушылар өз салымының шегінде ғана жауап береді. Ал капиталды басқарушылар өз мүлкіне толық жауапкершілікте болады.


Акционерлік қоғам дегенді қалай түсінесіз?

Акционерлік қоғамдар – кеңінен таралған форма. Ұйымдасудың басқа түрінен айырмашылығы акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар – акцияны сату арқылы керекті капиталды тарта алады. Бұл жерде қатысушы акционерлердің жауапкершілігі сатып алған акциялардың жауапкершілігі сатып алған акциялардың шегінде ғана болады. Өзінің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғамды бір адамның құруы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып та кездеседі. Ашық АҚ қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз өз акцияларын басқа біреулерге сата алады. Бұндай АҚ өздерінің шығарып жатқан акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдық есеп беруде, бухгалтерлік баланста пайда мен шығын есептерін жариялап отыруға міндетті.

Жабық АҚ шығарылатын акциялар тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала белгіленген тұлғалар арасында бөлінеді. Бұндай қоғамның шығарылатын акциялары көпшілікке жарияланбайды.

Жабық акционерлік қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерінің акцияларын сатып алудағы мүмкіндіктері жоғары. АҚ-ның құрылтайшы құжаты – қатысушылар бекіткен жарғы болып табылады. Оның ішінде жалпы мәліметпен бірге қоғамның шығаратын акцияларының категориялық жағдайы, оның номиналдық бағасы және саны көрсетілуі керек, қоғамның жарғылық капиталының мөлшері акционерлердің құқығы, басқарушы органдардың құрамы мен міндеті және олардың шешім қабылдау тәртібі болуы тиіс.


Кооператив дегеніміз не?

Кооператив - өндірістік және басқа да іспен бірлесіп айналысу үшін тұлғалардың тобы бірігіп құрған кәсіпорын. Кооперативте оның мүшелері еңбек етуі немесе басқа іспен айналысуы шарт. Сонымен қатар олар мүліктік, үлестік жарналарын біріктіруі шарт.


Кәсіпкерлік істің негізгі ұйымдастыру- экономикалық формаларына не жатады?

Кәсіпкерлік істің негізгі ұйымдастыру-экономикалық формаларына концерндерді, ассоциацияларды, косорциумдарды, синдикаттарды, картельдерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.


Концерн, ассоциация,концорциум, синдикат, картель терминдеріне анықтама беріңіз

Концерн – кәсіпорынға қатысу жүйесі арқылы бақылау жасайтын көп салалы АҚ, кәсіпорындардың неғұрлым дамыған бірлестігі. Концерн өзінің бөлімшесі болып табылатын әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциациялар – экономикалық тұрғыда дербес кәсіпорындардың, ұйымдардың ерікті бірлестігі., қауымдастығы. Ассоциация құрамына әдетте анықталған жерлерде орналасқан біртекті мамандандырылған кәсіпорындар кіреді. Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа мақсаттарды бірлеспі шешу.

Консорциум – ірі қаржылық операцияларды бірлесіп өткізу мақсатымен құрылған кәсіпкерлердің бірлестігі, шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалардың уақытша одағы. ( Мысалы, ірі өндірістік жобаға елеулі инвистициялауды жүзеге асыру). Кәсіпкерлердің бір бірлестігі құралдарды ірі жобаға салым жасауға мүмкіндік береді, бұл жерде ірі салым кезінде пайда болатын қауіп деңгейі елеулі төмендейді, өйткені жауапкершілік көптеген қатынасушыларға бөлінеді. Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қарастырады.

Синдикат – бір саладағы кәсіпкерлерді өнімнің өткізілуіне артық бәсекелестікті жою мақсатымен біріктіру.

Картельбір саладағы кәсіпорындар арасындағы өнімнің қызмет бағасы, өткізу нарыған бөлу жалпы өндіріс көлеміндегі үлес туралы келісім, кәсіпорындардың баға, өткізу нарыға, өндіріс пен өткізім көлемі т.б. туралы келісім.
Тақырып 5. Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары

Сабақтың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 Мемлекеттік кәсіпорынның ұғымы және түрлері.


Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды?

1995 жыл 19 маусым

 

Мемлекеттiк кәсiпорындарға не жатады?

 1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;

 2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар қалай бөлінеді?

      1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;

      2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың қандай мiндет-мақсаттары бар?

    Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:

      1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

      2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

      3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.



Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару және

мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге асыру қандай?

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орындайды.


      Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары болып табылады.

Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты жүзеге асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.


Мемлекеттiк кәсiпорынды құру қалай жүзеге асырылады?

   Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.

      Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.

      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша жол берiледi. Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша жол берiледi.

Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.
     
Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу және қайта тiркеу қалай жүзеге асырылады?

Мемлекеттiк кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады.


      Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады.


Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысы дегеніміз не?

     Жарғы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып табылады.


      Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi.

Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi, кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртiбi, кәсiпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.



Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауы ?

Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттiк меншiктiң қай түрiне (республикалық немесе коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуi керек.


      Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуi тиiс.

Мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және фирмалық атауы бар мөрi болады.


Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қандай?

Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсатын, мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) айқындайды. Мемлекеттiк кәсiпорындарға мемлекеттiк бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берiлмейдi. Мемлекеттiк кәсiпорынға өз Жарғысында көрсетiлген қызметiнiң нысанасы мен мақсатына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмiлелердi жасауына тыйым салынады. Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет мақсатына қайшы жасаған мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның құрылтайшысының (уәкiлдi органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы мүмкiн. Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады.


Мемлекеттiк кәсiпорынды басқару қалай жүзеге асырылады?

Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға:

      1) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға;

      2) мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртiбiн қарауға және бекiтуге;

      3) уәкiлеттi органға тиiстi есептi ол белгiлеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға;

      4) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге;

      5) мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

      6) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкiлеттiктерi болады.

Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады.

Мемлекеттiк басқару органы кәсiпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресiмдейдi. Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген талаптардан басқа, кәсiпорын басшысының таза табыстың белгiленген бөлiгiн бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептiлiгi туралы мәлiметтердi уақтылы табыс етпегенi үшiн жауапкершiлiгi айқындалады. Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттiк басқару органының алдында кәсiпорындағы iстiң жай- күйi үшiн тiкелей жауапты болады.  Кәсiпорын басшысы жеке дара басшылық жасау принциптерi бойынша iс-қимыл жасайды және кәсiпорынның барлық мәселелерiн осы Заң мен кәсiпорын жарғысы белгiлеген құзыретiне сәйкес дербес шешедi. Басшы кәсiпорын атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсiпорынның мүддесiн бiлдiредi, осы Заңмен белгiленген шектерде кәсiпорынның мүлкiне өкiмдiк етедi, шарттар жасайды, сенiмхат бередi, банкiлiк есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.

Басшы өз құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкердi кәсiпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.
      Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның жарғысында белгiленедi.

Басшының орынбасарларын кәсiпорын басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.


      Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi.

Басшының орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды, оны мемлекеттiк органдарға және басқа кәсiпорындарға танытып бiлдiредi, шаруашылық операцияларын және сенiмхатсыз шарттар жасап, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерiне сенiмхат бере алады.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет