Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет4/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 3-тармақшасына ресми түсiндiрме беру және Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға қарама-қайшы деп тану жөнiнде Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Н.К.Чиняев ұсыныс жасады.

Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы қаңтардың 27-сiндегi қаулысымен Маңғыстау облыстық соты төрағасының ұсынысының Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға қарама-қайшы деп тану жөнiндегi бөлiгi ғана iс жүргiзуге қабылданды. Ал Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiштi (ұсынысты) iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартылды, себебi соттар Конституция нормаларына ресми түсiндiрме беру мәселесi бойынша Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасайтын субъектiлер қатарына жатқызылмайды.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
О.Қ. Ықсановтың хабарламасын тыңдай келiп, Конституциялық Кеңестiң сұрауы бойынша келiп түскен жадығаттармен, атап айтқанда, Республикасының Жоғарғы Соты және Бас прокуратурасының қорытындысымен таныса келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Маңғыстау облыстық соты төрағасының Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң
115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн қанағаттандыруға болады деп тапты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, егер сот адам мен азаматтың Конституцияда бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қолданылуға тиiстi заң немесе басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қысымшылық жасайды деп тапса, Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасауға құқықты.

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өз өтiнiшiн былай деп дәлелдейдi: бiрiншiден, бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде азаматтық iстi қарауға өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауға облыстық сотқа мүмкiндiк беретiн Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң аталған нормалары Конституцияның 77-бабы 3-тармағының
3-тармақшасымен үйлеспейдi, екiншiден, азаматтардың құқығына қысымшылық жасайды, себебi, ұсыныста айтылғандай азаматтар "сот шешiмiне шағымданудың бiрнеше сатысынан" айырылады, яғни қабылданған шешiмге облыстық сотта кассациялық, қадағалау тәртiптерiнде шағымдана алмайды.

Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшiндегi Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарының Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3-тармақшасының нормасына сәйкес еместiгi жөнiндегi дәлелдерi көңiлге қонымды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес ешкiмге оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабымен соттардың қай санатқа жататындығына қарамастан, өздерiне қарасты азаматтық iстер аудандық (қалалық) соттардың қарауына жатқызылған. Iстi қарау үшiн оны бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде жоғары тұрған соттың iс жүргiзуге өзiнiң қабылдауы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабында белгiленген топтық соттылықты өзгерту дегендi бiлдiрмейдi. Әйтсе де, АIЖК 115 және 310-баптары iстi жоғары тұрған соттың, атап айтқанда, облыстық соттың iс жүргiзуге қабылдауы iс бойынша тараптардың келiсiмiн алуға байланысты болмайды, сөйтiп, жоғарыда аталған ешкiмге, оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылықты өзгертуге болмайды деген конституциялық норма бұзылады.

Көрсетiлген осындай жағдайларда, қаралып отырған АIЖК баптары Конституцияға сәйкес деп танылуы мүмкiн емес, себебi Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында көзделген субъектiнiң құқығына қысымшылық жасайды.

Конституцияның 74-бабының 2-тармағына сәйкес адам мен азаматтың Конституцияда бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысымшылық жасайды деп танылған заңдар және басқа нормативтiк құқықтық актiлер жойылды және қолданылуға жатпайды.

АIЖК-iнiң 310-бабына сәйкес бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде жоғары тұрған сот азаматтық iстi өзiне iс жүргiзуге өз инициативасымен емес, төменгi сот шешiмiнiң екiншi рет бұзылуына байланысты заң бұйрықтарын орындау мақсатында қабылданғанда, бұл жағдай АIЖК-iнiң аталған бабын конституциялық емес деп тануға ықпал ете алмайды. 310-бапта жазылған ереже Қазақ КСР-сының АIЖК-iне басқа құқықтар мен бостандық қатарында, ешкiмге оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды деген принциптi бекiтiп берген Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейiн енгiзiлген болатын. Конституцияның


92-бабының 4-тармағына сәйкес, Конституция күшiне ену сәтiндегi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қарама-қайшы келмейтiндерi қолданылады. Конституцияның жоғары заңдық күшi бар және Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылады. Егер жоғары тұрған сот (екiншi инстанциядағы - сатыдағы) төменгi тұрған сот шешiмiнiң бiрнеше рет бұзылуына байланысты iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауды тиiмдi деп таныса, ол соттылықты өзгертуге тараптардың келiсiмiн алуға тиiстi.

АIЖК-iнiң 115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi Маңғыстау облыстық сотының ұсынысы тағы да мынадай жағдайлармен дәлелденедi: азаматтық iстi облыстық сот iс жүргiзуге қабылдағанда азаматтар "сот шешiмiне шағымданудың бiрнеше сатысынан" айырылады, яғни қабылданған шешiмге облыстық сотта кассациялық, қадағалау тәртiптерiнде шағымдана алмайды. Егер тараптардың бұған келiсiмi болған жағдайда, ұсыныстың бiрiншi инстанция (саты) бойынша азаматтық iстердi облыстық соттардың қарау мүмкiндiгiнен айыратын дәлелдерiмен Конституциялық Кеңес келiсе алмайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 13-бабының
2-тармағында әр адамның және азаматтың өз құқығы мен бостандығының сот арқылы қорғалу құқығын мойындай отырып, сот шығарған қаулылардың қайта қаралу тәртiбiн белгiлемейдi. Қолданылып жүрген iс жүргiзу заңдары бойынша, соның iшiнде, Қазақ КСР АIЖК бойынша, тек заңда белгiленген тәртiппен мерзiм сақтала отырып берiлген кассациялық шағым (сондай-ақ кассациялық наразылық) iстi кассациялық инстанцияның (сатының) мiндеттi түрiнде қарауына әкелiп соғады. Кассациялық шағым iстi бiрiншi инстанция (саты) бойынша қарайтын Жоғарғы Соттан басқа кез-келген соттың шешiмiне жасалуы мүмкiн, бiрақ бiр рет қана.

Демек, iстi бiрiншi инстанция (саты) бойынша облыстық соттың қарағанынан iстi кассациялық инстанцияның бұл жағдайда Республиканың Жоғарғы Соты мiндеттi түрде қарауына әкелiп соғатын кассациялық шағым беру құқығынан тараптар айырылмайды. Тек қана iстi бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде Жоғарғы Сот қараған жағдайда, қабылданған шешiмге кассациялық шағым жасауға немесе наразылық бiлдiруге жол берiлмейдi, бұл шағым жасауға берiлген құқыққа қысымшылық жасау деп қаралып, мiндеттi түрде шешiмдi тексеруге әкелiп соқтырар елдi. Дегенмен, Маңғыстау облыстық сотының ұсынысында Қазақ КСР АIЖК-i 116-бабының конституциялылығы талас тудырмайды, сондықтан да бұл бапты Конституциялық Кеңес қарамайды.

Егер, кассациялық шағым түсуiне байланысты бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот шешiмi жойылмаған болса, ол шешiм iстi жоғарғы тұрған сот қараған кезден заңды күшiне енедi. (Қазақ КСР АIЖК-iнiң 205-бабы.) Бұдан кейiн шешiм тек өкiлеттi лауазымды адамдар наразылық бiлдiрген жағдайда ғана соттың қадағалау тәртiбiнде қайта қаралуы мүмкiн. Заңды күшiне енген шешiмге өздiгiнен шағым берiлуi оны мiндеттi түрде қайта қарауға соқтырмайды. Сонымен, бiрiншi инстанция (саты) бойынша iстi облыстық сот қараған кезде жоғары тұрған инстанция (саты) санының қысқартылуынан iске қатысушы адамдардың мүддесiне ешқандай қысымшылық жасалмайды, себебi iстi мiндеттi түрде қарауға әкелiп соқтыратын облыстық соттың шешiмiне кассациялық шағым жасау құқығынан олар айырылмайды, ал заңды күшiне енгiзiлген шешiмдердi соттық – қадағалаушы инстанциялардың (сатылардың) мiндеттi түрде қайта қарауын олар талап
ете алмайды.

Демек, азаматтық iстi бiрiншi инстанция бойынша облыстық соттың қарауына, бiл iс үшiн белгiленген соттылықтың өзгертiле отырып қаралуына iске қатысушы адамдардың (тараптардың) келiсiмi алынған жағдайда iстiң мұндай қаралуын олардың Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында бекiтiлген құқықтарына қысымшылық жасау деп қарауға болмайды.

Жоғарыда баяндағандар негiзiнде және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33, 37-39-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақ КСР-сының 1963 жылғы желтоқсанның 28-iнде қабылданған Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (АIЖК) 115 және
310-баптары адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында бекiтiлген құқығына қысымшылық жасаушы бап ретiнде конституциялық емес деп танылсын.

2. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 39-бабының 2-тармағына сәйкес адамның және азаматтың Конституция бекiткен құқығы мен бостандығына қысымшылық жасайды деп, соған байланысты конституциялық емес деп танылған заңдар заңдылық күштерiн жояды және қолданылуға жатпайды. Мұндай заңға негiзделген сот және басқа құқық қорғау органдарының шешiмдерi орындалуға жатпайды.

3. Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және үзiлдi-кесiлдi болып табылады, шағымдануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының

1-тармағын; 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы

3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң

1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысы


ҚР Конституциялық Кеңесінің 18.06.04 ж. № 7 қаулысымен осы қаулы ережелерінің, ҚР Конституциясының 79-бабының
1-тармағын "алқа соты институтын" құру мәселесі бойынша ресми түсіндіру бөлігінде күші жойылды

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төраға Ким Ю.А. және Кеңес мүшелерi Акуев Н.И., Ықсанов О.Қ., Мамонов В.В., Сабикенов С.Н., Темiрболатов С.Ғ., Шопин В.Д. бар, өтiнiш жасаушы субъекттiң – Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi - Президент Әкiмшiлiгiнiң заң шығару және сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiмнiң аға сарапшысы А.Ж.  Төкеевтiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi К.А.  Калпаковтың, Қазақстан Республикасының қылмыстық-iс жүргiзу бойынша заң шығару маманы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық Университетiнiң "Сот iсi" кафедрасының доцентi, заң ғылымының кандидаты Е.Е. Ерешевтiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының


1-тармағы 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы
17-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының негiзiнде Республика Президентi Н.Ә.  Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнуiн ашық мәжiлiсте қарап,
ҰЙҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
1997 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтан Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларын ресми түсiндiру туралы оны түсiндiру үшiн Конституциялық Кеңеске төмендегiдей мәселелердi ұсынған өтiнуi келiп түстi.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген құқықтарға қатысты нормативтi қаулылар шығару құқығы бар ма? Сол тұрғыдан алғанда, Жоғарғы Сот Конституцияның сот тәжiрибесi жөнiндегi кейбiр ережелерiне түсiнiк бере ала ма?

2. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген басқа да нормативтi құқықтық актiлерге қандай нормативтiк құқықтық актiлер жатады?

3. Соттылық туралы қылмыстық-iс жүргiзу және азаматтық iс жүргiзу кодекстерiнiң қандай нормаларын Конституцияның


77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасында белгiленген тиiстi конституциялық принципке сәйкес келедi деп тануға болады? Жоғарыда тұрған сот iс жүргiзу заңын басшылыққа ала отырып, өз өндiрiсiне төменгi соттың қарауына жататын кез-келген iстi алуға, сондай-ақ iстi басқа сотқа беруге құқықты ма? Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 122-бабында көрсетiлген жағдайда, сот iс соттылығын өзгерте ала ма?

4. Республика Конституциясының 14-бабының


1-тармағында белгiленген жақтардың тең құқықтық принципi тұрғысынан алғанда прокурорларға iс жүргiзудiң басқа жақтарынан гөрi үлкен iс жүргiзу құқығы берiлген заңдылық конституциялық болып табыла ма?

5. Прокуратура Конституцияның 83-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiре ала ма? Осыған байланысты прокуратураның сот шешiмiне наразылық бiлдiру құқығы көрсетiлген өкiлеттiкте қамтыла ма?

6. Прокуратурадан басқа өзге де мемлекеттiк органдар сотта қылмыстық қудалау мәселесi бойынша (мәселен, Мемлекеттiк тергеу комитетi) мемлекет мүддесiн бiлдiре ала ма?

7. Ант берген соттар институтын құру туралы ұсыныс соттардың тұрақты судьялардан тұратындығы белгiленген Конституцияның 79-бабының 1-тармағындағы талаптарға қайшы келмей ме?

Аталған өтiну бойынша баяндамашы Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ғ. Темiрболатовты, өтiну субъектiсiнiң өкiлi
А.Ж. Төкеевтi және маман Е.Е. Ерешевтi тыңдап және келiп түскен конституциялық өндiрiс материалдарын талқылай келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi өтiну субъектiсi – Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мәселенi, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң өтiнуде көрсетiлген Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 1-тармағын, 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасын және 79-бабының
1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын түсiндiру кезiндегi құзырын ескерiп, мыналарды атап көрсетедi:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы


1-тармағының ережесiне сәйкес, Жоғарғы Соттың заңды (оның нормаларын) қолдану мәселелерi жөнiндегi соттарға берген түсiндiрулерi бар ондай қаулысы ғана нормативтi ретiнде қаралады және онда субъектiлердiң сот iсiн жүргiзу саласындағы нақты ережесi тұжырымдалады. Республиканың барлық соттары үшiн мiндеттi болып табылатын мұндай нормативтi қаулы Қазақстан Республикасының Конституцияны қоса алғанда, сот тәжiрибесiнде қолданатын заң нормаларын мәселелерi бойынша шығарылады. Бұл жерде Жоғарғы Сот 72-бапқа сәйкес Конституция нормаларын ресми түсiндiру Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң құзырына жататындығын ескеруi тиiс.

4-баптың 2-тармағына сәйкес, Республика Конституциясының жоғары тiкелей заң күшi бар және ол Республиканың барлық аумағында қолданылады. Бұл конституциялық ережеге сәйкес, соттардың iстi қарағанда барлық қажеттi жағдайда Республика Конституциясын тiкелей күшi бар акт ретiнде қолданғандары жөн.

Конституцияның 4-бабының 1-тармағы Жоғарғы Соттың нормативтi қаулыларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығына жатқызғандықтан, ал осы баптың 2-тармағы Конституцияның үстемдiгiн және оның нормаларының тiкелей күшi бар екендiгiн бекiткендiктен, Жоғарғы Сотың Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Жарлығының 28 және 31-баптарын басшылыққа алып, Конституция нормаларын қолдану мәселелерi бойынша сот тәжiрибесiне қатысты нормативтi қаулылар шығаруға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының 4-бабының 1-тармағында былай деп бекiтiлген: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады" Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығы бұл жерде өкiлеттi субъектiлер белгiленген тәртiппен қабылдаған нормативтi құқықтық актiлердегi құқық нормалары жүйесi ретiнде қаралып отыр.

Конституцияның бұл бабының тармағында көрсетiлгендерге сәйкес, басқа да нормативтi құқықтық актiлерге құқық нормалары бар мына актiлер жатады: халықтың республикалық референдумда қабылдаған шешiмдерi, Республика Президентiнiң 1995,
1996 жылдары шығарған, заң күшi, соның iшiнде конституциялық күшi бар Жарлықтары сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған заң күшi бар жарлықтары, Президенттiң Жарлықтары, Республика Парламентiнiң, оның Палаталарының және Үкiметтiң қаулылары, министрлiктердiң және мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық, атқару органдарының актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 23 және
24-баптарына сәйкес салааралық үйлестiрудi, басқа да атқару және өкiм ететiн қызметтi, арнайы атқару және бақылау-қадағалау қызметiн жүзеге асыратын ведомстволардың актiлерi, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерi, өзiн-өзi басқару органдарының шешiмдерi, сондай-ақ заңда оларды шығару көрсетiлген.

Егер көрсетiлген барлық нормативтi құқықтық актiлер өзгертiлмеген, толықтырылмаған, бұзылмаған болса, олар қолданылатын құқық құрамына кiредi.

3. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының
3) тармақшасы сот әдiлдiгiн жүзеге асырудың конституциялық принципiнiң бiрiн сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиiс: "Өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды".

Iс жүргiзу заңымен әртүрлi санаттағы iстердiң соттылығын анықтағанда өзiндiк ерекшелiгi, күрделiлiгi, iстiң қоғамдық мәнi, оны тез және тиiмдi шешудiң қажеттiлiгi ескерiледi. Қылмыстық-iс жүргiзу немесе Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiнiң нормаларында көрсетiлгендей Конституцияның 77-бабының 3-тармағы


3) тармақшасының негiзiнде iс бойынша жақтардың келiсiмiнсiз iстiң соттылығын өзгертуге болмайды.

Бұл Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да нормативтi құқықтық актiлердiң нормалардан үстемдiгiн белгiлейтiн 4-баптың 2-тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.

Адамға және оның iсiне заңда көрсетiлгенге сәйкес келмейтiн, оның бұған келiсiмi жоқ кезде сотты болушылығын анықтауды Негiзгi Заңның 77-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының конституциялық нормасын бұзу ретiнде қарау керек.

Iс жүргiзу заңының сотты болушылық туралы, оның iшiнде жоғары тұрған соттың төменгi сотта сотталатын өз өндiрiсiне кез-келген iстi қабылдау құқығын қарастыратын, сондай-ақ iстi бiр соттан екiншiсiне берудiң нақты нормалары Конституцияның 78-бабының талаптарына сәйкес жiберiлетiн соттардың ұсыныстары бойынша олардың Конституцияға сәйкестiгiне қарай Конституциялық Кеңесте қаралуы мүмкiн.

4. Процеске жақтар болып тек азаматтар ғана емес, өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн орындай отырып, жақтардың немесе үшiншi адамның мүдделерiн қамтамасыз ететiн лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Мұндай лауазымды тұлғаның бiрi сотта мемлекет мүддесiн бiлдiретiн прокурор болып табылады. Прокурор жақтардың бiреуi және соттағы мемлекет мүддесiн бiлдiрушi өкiл ретiнде Конституция негiзiнде қабылданған iс жүргiзу заңы бойынша iс жүргiзу құқығын иеленедi.

Конституцияның 14-бабы 1-тармағында көрсетiлген норма iс жүргiзу заңында бекiтiлген прокурордың iс жүргiзу өкiлеттiгi аумағын айқындамайды. Конституцияның 83-бабы 1-тармағы прокурор сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру мiндетiн жүктейдi, бұл оның iс жүргiзу өкiлеттiгi аясын кеңейтедi.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабы
1-тармағына сәйкес прокуратура "Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi." Прокуратура құзыретi Конституцияның
83-бабы 4-тармағына сәйкес белгiленген, прокурордың сот талқылауындағы мұның iшiнде шешiмдерге, үкiмдерге, соттардың басқа да қаулыларына наразылық құқығын белгiлейтiн өкiлеттiк нормаларынан тұратын Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Жарлығымен айқындалады. "Прокуратура... басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi" деген конституциялық норма, "басқа да құқықтық актiлер" деген ұғым соттардың үкiмдер, шешiмдер және қылмыстық, азаматтық және заңмен белгiленген басқа iстер жөнiндегi актiлерiн қоса қамтиды.

6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағында бекiтiлген және "Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады" деп белгiленген нормасын Конституциялық түрде айқындалған прокурордың (прокуратура) қызметiнiң негiзгi бағыты деп түсiну керек. Прокуратура органдары қызметiнiң басқа бағыты көрсетiлген аталғандай нормасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Жарлығында бекiтiлген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында және ағымдағы заң актiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы" Жарлықтарында сотта мемлекет мүдделерiн жүзеге асыратын басқа орган көрсетiлмеген.

7. Келтiрiлгендердiң негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституцияның 72-бабы 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының


33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 1-тармағын, 14-бабы 1-тармағын,
77-бабы, 3-тармағы 3) тармақшасын, 79-бабы 1-тармағын және
83-бабы 1-тармағын ресми түсiндiруге байланысты
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Жоғарғы Соттың нормативтi қаулыларының қолданылып жүрген құқыққа жатқызуды белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының нормасын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты заңдардың нормаларын, оның iшiнде сот тәжiрибесiне қатысты Конституция нормаларын қолдану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк қаулыларды шығаруға өкiлеттi деп түсiну керек.

2. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген құқық нормалары бар басқа нормативтi актiлерге мынадай актiлер жатады: республикалық референдумда қабылданған актiлер, Республика Президентiнiң 1995, 1996 жылдары шығарған конституциялық заңдар мен заңдардың күшi бар Жарлықтары, сондай-ақ заң күшi бар, Қазақстан Республикасы Конституцияның 61-бабының 2-тармағымен қабылданған жарлықтар, Президенттiң Жарлықтары, Парламенттiң, оның Палаталары мен Республика Үкiметiнiң қаулылары, министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық, атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 23 және 24-баптарына сәйкес салааралық үйлестiрудi, басқа да атқарушылық және өкiм шығару қызметiн, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау қызметiн жүзеге асыратын ведомстволардың актiлерi, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың шешiмдерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының шешiмдерi, сондай-ақ басылуы заңмен белгiленетiн актiлер.

3. Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы нормасын жоғары тұрған соттың төменгi сот iсiн өз өндiрiсiне қабылдауы, сондай-ақ соттай алушылықтың өзгеруiне байланысты iсi сотта қаралатын тұлғаның келiсiмi бар кезде ғана мүмкiн деп түсiнуi керек.

4. Прокурор да басқа сот iсiн жүргiзуге қатысушылар сияқты тиiстi заңға сәйкес iс жүргiзу құқығын иеленедi. Конституцияның


14-бабының 1-тармағының нормалары прокурор құқығы аумағына әсер етпейдi.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабы


1-тармағында бекiтiлген және "прокуратура Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi" деген норма прокуратураның аталған өкiлеттiлiгi соттардың шешiмдерiне, үкiмдерiне және басқа да қаулыларына наразылық бiлдiру құқығын да қамтитынын бiлдiредi.

6. 83-баптың 1-тармағындағы конституциялық нормадан мемлекет мүддесiн сотта прокурор (прокуратура) ғана қорғайды деген ұғым туады.

7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы Президенттiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар ескерiлiп, ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi.


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет