«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы


V ТАРАУ Республика Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі35,77 Kb.
#95257
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
konst sovet
konst sovet, 1 кылмыстық зан, 1
    Бұл бет үшін навигация:
  • 34-бап.
V ТАРАУ
Республика Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi
31-бап. Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң түрлерi
1. Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.
2. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.
32-бап. Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң нысаны
Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:
1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;
2) қорытындылар;
3) жолдаулар.
33-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдер қабылдауы
1. Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды.
2. Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды.
3. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi.
4. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.
5. Конституциялық Кеңес қабылдаған шешiмдер оларға Төраға қол қойғанға дейiн дауыс беруге қатысқан Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң қолдарымен алдын ала расталады.
34-бап. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң ерекше пiкiрi
Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.
35-бап. Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi
1. Конституциялық Кеңес мына жағдайларда қосымша шешімдер қабылдайды, егер:
1) Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме беру туралы мәселе қойылса. Мұндай жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Кеңестің қорытынды щешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша қабылданады;
2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық си­паттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса. Мұндай жағдайда Консти­туциялық Кеңес қосымша шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды.
2. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.
3. Қосымша шешiмдi Конституциялық Кеңес отырысында қабылдайды, отырысты өткiзу тәртiбi Конституциялық Кеңестiң регламентiмен белгiленедi.
36-бап. Конституциялық Кеңестің шешімін қайта қарау
1. Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Прези­дентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мына жағдайларда, егер:
1) қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе;
2) өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін.
2. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін.
3. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің күшін жояды.
4. Қорытынды шешім қайта қаралған жағдайда Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен осы мәселе бойынша жаңа отырыс өткізудің күні мен тәртібін белгілейді.
37-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiнiң мазмұны
Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiнде:
1) оның атауы, шығарылған күнi мен орны;
2) оны шығарған Конституциялық Кеңестiң құрамы;
3) өтiнiш жасаушы субъектiлер мен олардың өкiлдерi;
4) өтiнiштiң мәнi;
5) Конституция мен осы Конституциялық заңның Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарау құқығын белгiлейтiн нормалары;
6) Конституциялық Кеңес анықтаған мән-жайлар;
7) жарияланған немесе алынған көздерi көрсетiле отырып, конституциялылығы тексерiлген актiнiң атауы;
8) лауазымды адамдардың конституциялылығы тексерiлген шешiмдерi;
9) Президент сайлауын, Парламент депутаттары сайлауын немесе республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы тексерiлген учаскелер, округтер, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер;
10) ресми түсiндiрме беруге ұшыраған Конституция нормасының (нормаларының) мазмұны;
11) конституцияның 47-бабының 1, 2 тармақтарында белгiленген, сақталуы тексерiлген рәсiмдер;
12) Конституциялық Кеңес ұйғарған шешiм пайдасына келтiрiлген дәлелдер;
13) Конституциялық Кеңес басшылыққа алған Конституция нормалары;
14) шешiмнiң тұжырымы;
15) шешiмнiң орындалу және жариялану тәртiбi мен мерзiмi;
16) шешiмнiң түпкiлiктiлiгi көрсетiлуге тиiс.
38-бап. Конституциялық Кеңес шешiмiнiң заңдық күшi
1. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Өзге шешiмдердiң күшiне ену тәртiбiн Конституциялық Кеңес белгiлейдi.
2. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде Республика Президентiнiң қарсылықтары енгiзiлуi мүмкiн, олар:
1) Президент шешiмiнiң мәтiнiн алған күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi;
2) Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi.
3. Республика Президентiнiң қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi және конституциялық iс жүргiзу тоқтатылады.
39-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмдерiн қабылдау салдарлары
1. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика заңдары мен халықаралық шарттарына қол қоюға не тиiсiнше бекiтуге және күшiне енгiзуге болмайды. Заңдарды Конституцияға сәйкес деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң өтуiн жаңартады. Республиканың халықаралық шарттарын Конституцияға сәйкес деп тану оларды бекiту процесiн жаңартады.
2. Конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Консти­ту­цияда баянды етілген құқықтары мен бос­тандықтарына нұқсан келтіреді деп та­нылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер заңдық күшiнен айрылады, қолданылуға жатпайды және олардың күші жойылады. Мұндай заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiге негiзделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешiмдерi орындалуға жатпайды.
3. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика Президентiнiң сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi сайлау учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Президент сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған Республика Президентiн тiркеуге жол бередi.
4. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және сайлау округтерiнде жарамсыз деп танылады. Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған депутаттарды тiркеуге жол бередi.
5. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған республикалық референдум нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi дауыс беру учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Өткiзiлген референдумды Конституцияға сәйкес деп тану референдум қорытындыларын шығаруды қайта бастауға жол бередi.
6. Конституцияның 47-бабының 1-,2-тармақтарына сәйкес Парламенттiң тиiсiнше Республика Президентiн лауазымнан мерзiмнен бұрын босату туралы шешiм, қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Президенттi лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, қызметiнен кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Республика Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға жол бередi.
40-бап. Конституциялық Кеңестің шешімдерін орындау
1. Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу тәртібін және мерзімдерін белгілей алады.
Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды талап еткен жағдайда, Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша белгілейді.
2. Конституциялық Кеңестің шешімін орындау үшін қолданылған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды.
3. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңеске міндетті түрде хабарлай отырып, Конституциялық Кеңестің шешімдерінде қамтылған заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды міндетті түрде қарауға тиіс.
41-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiн жолдау мен жариялау
1. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмдерi:
1) шешiм қабылданғаннан кейiн екi күн iшiнде Конституцияда белгiленген өтiнiш жасау субъектiлерiне немесе олардың өкiлдерiне, сондай-ақ барлық реттерде Республика Президентiне, Парламенттi Палаталарына, Жоғарғы Сотына, Бас Прокурорына, Әдiлет министрiне жiберiледi;
2) республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
2. Өзге шешiмдер, қажет болған жағдайда, Конституциялық Кеңес регламентiмен белгiлеген реттер мен тәртiпте жарияланады және тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға жiберiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет