Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет48/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
83-1-
бап
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам мен 
азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, 
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз 
болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
3. Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан 
басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға 
алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын 
қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы және қызметін 
ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.
 
84-
бап
. 2007.21.05. № 254
-
III ҚР 
Заңымен
 
алып тасталды 
(бұр. 
ред
. қара) 
VIII БӨЛIМ
ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ
ЖӘНЕ ӨЗIН
-
ӨЗI БАСҚАРУ
85-
бап
Жергiлiктi мемлекеттік басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай
-
күйiне жауапты 
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
86-
бап
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар 

мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк
-
аумақтық, бөлiнiстегi 
халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттік мүдделердi ескере отырып, оны iске 
асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. 
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. 
ред
. қара) 
2. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс 
беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. 
3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты 
болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 
4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: 
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, 
жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекіту; 
2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк
-
аумақтық құрылыс 
мәселелерiн шешу; 
3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы 
органдар басшыларының есептерiн қарау; 
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, 
олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға
байланысты өзге де мәселелердi шешу; 
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн 
қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. 
2007.21.05. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет